Қытайдың Цинхай провинциясынан келген бір топ кәсіпкерлер Қазақстанға инвестиция құйып, түрлі сала бойынша кәсіпті дамытуға мүдделі, деп хабарлайды SteppeNews ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Қытайдың батыс-орталық бөлігіндегі көп ұлтты және салыстырмалы түрде халық аз шоғырланған провинция. Әкімшілік орталығы және ең ірі қаласы — Синин. Тиісінше бұл өңір тұмса табиғатымен танымал. Одан тыс табиғи байлықтарымен танымал және өндіріс орындары тамақ, дәрі-дәрмек және шөптен жасалатын емдік дүниелерге өте бай. Бұл аймақтың бизнесмендері осымен 2-ші рет Қазақстанға келіп, кәсіпкерлермен байланыс орнатуға талпыныс білдіріп отыр. Бұған дейін Алматы облысы және Алматы қаласына келіп, өз әлеуетін көрсетіп, бизнес салаларын зерттеп кеткен.
Қытайлық кәсіпкерлер «Бір белдеу, бір жол» стратегиялық даму бағдарламасы аясында Қазақстанға тағы да атбасын бұрып, бизнес форум ұйымдастырды. Шараға Алматы қаласы мен Алматы облысының халықаралық байланыстар және бизнесті дамыту саласының мамандары қатысып, шетелдік қонақтардың ұсынысытарын тыңдады. Жергілікті менеджерлер де Жетісу өңірі мен Алматы қаласының бизнес климаты туралы презентацияларды ұсынды. Алматы облысы реформалар және дамыту комитетінің бас менеджері Олжас Тастан аймақта қазір 194 бизнес жобаның жүзеге асып жатқанын, ол жерде 3,8 трлн теңге айналымда, ал оның ішінде Қытай Республикасымен 275 млрд теңгеге бағаланатын 19 біріккен жобаның барын тілге тиек етті.
Ал Алматы қаласы бойынша шетелдік кәсіпкерлерді ақпараттандыруға келген Алматы бизнесті дамыту компаниясының бас менеджері Аружан Шералина қала бүкіл елдегі ЖІӨ-нің 26 пайызын құрайтынын, кәсіп ашуға жағдайлар жасалатынын айтады. Алматыда жалпы кәсіптің 59 пайызын шағын және орта кәсіп құрап отыр. Қаланың индустриялық аумағында келесі жылы «Шанган» автомобилінің 26 мың даансын құрайтын зауыт іске қосылады. Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы іске қосылуға жақын. Ол кезде әуе айлағы жылына 14 млн адамды қабылдауға қауқарлы дейді, бас менеджер. Биыл жыл басынан бері Қазақстанда сатылған көліктің 25 пайызы Қытайда өндірілген.
«Бір белдеу, бір жол» стратегиясын жедел ілгерілету және Қытай Цинхай провинциясы мен Қазақстан арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын күшейту маңызды дейді, аспан асты елінің өкілдері. Іс-шарада Цинхай провинциясының сауда бөлімінің, Қазақстандағы Алматы қаласын реформалау және дамыту комитетінің, Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығының және Қазақстанның сауда палатасының өкілдері бірнеше презентация жасады. Бүгінгі кездесуге қазақстандық сауда қауымдастықтарының және қытай тарапынан 100-ге жуық өкіл қатысып отыр», – дейді Цинхай провинциясының коммерциялық департамент басшысының орынбасары Gao Jun.
Тұсаукесерге келген Цинхай провинциясынан 16 компаниясы көрмеде өнімдерін ұсынды. Олар осы аймақтың ерекше белгілері бар отқа төзімді материалдар, электр сымдары, шөп шабатын машиналар, киім, дәстүрлі қытай дәрі-дәрмектері, ара шаруашылығы өнімдері сияқты жүзден астам тауарларды көрсетті. Тұсаукесер аясында жаңа энергия көздері, жаңа материалдарға, тұзды көлдердің химия өнеркәсібіне және басқа салаларға назар аударылды.
Екі тараптың компанияларының өкілдері ынтымақтастық туралы алдын ала келісімге қол жеткізе отырып, презентациялар мен пікір алмасулар өткізді. Бүгін Qinghai Fengtong Agriculture and Animal Husbandry Development Co., Ltd және Minhe Green Treasure Forage Technology Development Co., Ltd, іс-шарада 12 миллион АҚШ доллары көлеміндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ал электр сымдарының сапалы кластерін қалыптастырған Цинхай провинциясының ірі кәсіпорынан келген сату жөніндегі бас директор Yang Zehao егер бизнес климат қолайлы болса, Алматы маңынан кәспорын салуға мүдделі екенін айтады.
«Біздің ірі корпорация Қытайдың Солтүстік-Батысында орналасқан 2012 жылы құрылған. Аумағы 80 мың шаршы метрді алып жатқан зауыт кабель өндірісі бойынша Орталық Азия нарығына шығып, сапалы өндіріс орындарын ашуға дайын. Біз бірнеше күннен бері Алматы қаласындамыз, шаһар көшелерінде электр сымдарының тозғанын және сапасыз өнімдердің таңдалғанын байқадық. Біздің өнімдер қазір әлемдік стандартқа сай әрі сұранысқа ие. Сондықтан болашақта біздің тауарларға сұраныс болса, жеткізуге дайынбыз. Біз бүгін осы салада мамандар мен кәсіпкерлерді кездестіреміз, деп ойлаймыз»,- дейді шетелдік кәсіпорын өкілі.
Соңғы жылдары Қазақстан – Цинхай провинциясы мен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық және сауда байланыстары үшін маңызды торапқа айналғанын айтады қытайлық кәсіп иелері. Біздің провинция мен Қазақстан арасындағы алмасу мен өзара іс-қимыл тереңдей түсуде және экономикалық ынтымақтастық алғашқы жемісін бере бастады. Бұл презентация «Made in Qinghai» деген белгімен тауарлар мен өнімдерін шетелге шығару үшін платформа құруға ықпал етті, дейді форум ұйымдастырушылары.