SteppeNews.kz: 1 мамырдан бастап Алматы – Пусан бағыты бойынша тікелей әуе қатынасы жолға қойылады. Екі қала арасындағы тұрақты рейстерді оңтүстіккореялық EasterJet әуе компаниясы аптасына екі рет орындайтын болады.
Жаңа маршрут Оңтүстік Кореяның ірі порты мен Алматыны байланыстырып, екі ел арасындағы туристік және іскерлік қарым-қатынасты нығайта түспек. Сондай-ақ бұл сапарға шығатын жолаушылар үшін жолдың қолжетімді әрі ыңғайлы болуына мүмкіндік береді.
Оңтүстіккореялық туристердің Алматыға деген қызығушылығы жыл санап артып келеді. Мәселен, 2025 жылы қалаға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам мейман келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп.
Тікелей рейстің ашылуы туризмді дамытуға, іскерлік белсенділік пен мәдени алмасуға тың серпін беріп, Алматының өңірдегі негізгі туристік бағыт ретіндегі позициясын нығайта түседі.
