SteppeNews.kz: Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) цифрлық активтер арқылы қылмыстық жолмен табылған қаражатты заңдастыру және қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан «RAKS Exchange» ірі заңсыз сервисінің қызметін тоқтатты.
Аталған платформа Қазақстан, Ресей, Украина және Молдовада жұмыс істеген 200-ден астам есірткі дүкеніне қаржылық қызмет көрсеткен. Сервистің жалпы ақша айналымы 224 млн АҚШ долларынан асты.
Тергеу аясында есірткі саудасымен және даркнет-алаңдарымен байланысы бар 4 000-нан астам криптоәмиянға блокчейн-талдау жүргізілді. Нәтижесінде 9,7 млн USDT көлеміндегі цифрлық актив бұғатталып, тағы 3,2 млн USDT тәркіленді. Бұл қаражаттың қылмыстық тегі дәлелденген соң, ақша агенттіктің арнайы шотына аударылды.
Осы операцияның арқасында есірткінің ірі партияларын жеткізу арналары үзіліп, қылмыстық инфрақұрылым талқандалды және бірқатар астыртын есірткі дүкендерінің жұмысы толықтай тоқтатылды.

