Қытай аумағында тіркелген жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл болып сезілді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
2026 жылғы 29 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Эпицентр координаттары – 41.357° солтүстік ендік және 78.778° шығыс бойлық.
Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы қаласында жер сілкінісі 2 балл болып сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды сабыр сақтауға, жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға және төтенше жағдайға арналған дабыл сөмкесін алдын ала дайындап қоюға шақырды.
Post Views: 173
Келесі материал: Зейнетақы аннуитеті туралы шешім қабылдамас бұрын нені білу қажет?