Қазақстанда жасанды интеллектіні үкіметтегі қандай да бір лауазымға тағайындау әзірге жоспарда жоқ. Бұл туралы жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, қолданыстағы заңнама ЖИ-ді министрлер кабинетінің мүшесі етуге мүмкіндік бермейді. «Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан әлемде бірінші болып жасанды интеллект министрлігін құрды. Бірақ жасанды интеллектіні министр немесе вице-министр етіп тағайындауға заңнамамыз әзірге мүмкіндік бермейді», — деді Мұсалиев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. Вице-министр заң бойынша елімізде жеке тұлға ғана мемлекеттік қызметкер бола алатынын атап өтті. «Сол себепті әзірге мұндай жоспар жоқ», — деп қысқа қайырды ол. Жуырда Албанияда әлемдегі алғашқы ЖИ-министр тағайындалғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Автор: qaztimes
Биыл жыл басынан бері Қазақстандағы әртүрлі өндіріс орындарында 133 жұмысшы қаза тапқан. Тағы мыңға жуық адам әртүрлі жарақат алған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметіне сүйенсек, жараланғандардың көбі Қарағанды, ШҚО және Павлодар облыстарында тіркелген. Және зардап шегетін жұмысшылардың ең көбі тау-кен саласында қызмет ететін адамдар. «Осы фактілерге қатысты құқық қорғау органдары 730 оқиғаны тергеп, 211 қылмыстық іс қозғаған», — деп хабарлайды дереккөз.
Астана қаласының ювеналды соты IT-маманның алиментті азайтуға қатысты арызын қарап, іске нүкте қойды. Астана соттарының мәліметіне сүйенсек, бұған дейін жігіт баласына 45 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 176 мың теңге алимент төлеп тұруға келіскен. Бұрынғы әйелі мүмкіндігі шектеулі баласының күтіміне байланысты жұмыс істемейді. «Сотқа арыз жазған жігіт тамыры ауырып, ота жасатқанын, сондықтан, ұзақ уақыт оңалтудан өткен кезде табысы едәуір азайғанын айтты. Алайда, ол бұрынғы жұмысынан өз еркімен шыққан. Оның мамандығы физикалық тұрғыда ауыр емес, қашықтан жұмыс істей алады. Бұдан өзге, ауырып жатқанда да оның банктік есепшотына үнемі ақша түсіп тұрған», — деп хабарлайды сот. Баланың мүмкіндігі шектеулі екенін, анасының жұмыс істемейтінін…
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қазақстандықтардың интернетпен қашан толық қамтылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы үш жылда телекоммуникация саласына 1 триллион теңгеден астам инвестиция бағытталған. Қазір 20 миллионнан астам мобильді абонент және 3,7 миллион тіркелген пайдаланушы байланыс қызметтерін қолданып жүр. Интернеттің орташа жылдамдығы 94 Мбит/с деңгейіне жетті. «Осы жылы интернет трафигін тұтыну айтарлықтай артқанын атап өту қажет. Ол өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп болады деп күтілуде. Саланы дамыту 2024–2027 жылдарға арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында іске асып жатыр. 2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады. Интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-тан асып, оптикалық…
Актриса Әлия Әнуарбек Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында жақында тұрмысқа шығатынын мәлімдеді. Оның сүйіктісі сөз салған. «Бақыт құшағында» фильмінің түсірілімінде шынымен де, бақыттың құшағында болдым. Иә, ол маған сөз салды. Енді мен қалыңдықпын», — деді Әлия Әнуарбек. 2020 жылы Әлия Әнуарбектің күйеуі ауыр дерттен көз жұмған еді. Әлия мен Азамат 2014 жылы шаңырақ көтерді. Арада екі қыздары бар. Актриса «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлді ойнап, көпшілікке танымал болды. «Бақыт құшағында» атты тұңғыш jukebox мюзиклінің тұсаукесері бүгін Астанада өтеді. Басты рөлдерді Дәурен Серғазин мен Әлия Әнуарбек сомдайды.
Министр Қазақстандағы 504 ауылдың халқына сүйінші жаңалық жеткізді
Семей қаласындағы Абай көшесінде жер үй өртеніп, өрт сөндірушілер бір ересек адамды және 4 баланы құтқарды. ТЖМ-ның мәліметіне сүйенсек, балалар сіріңке жағып ойнап, өз бөлмелеріндегі ойыншық пен төсектерді өртеп алған. «Оқиға орнына бірінші болып жеткен өрт сөндірушілер балалардың бөлмесі өртеніп жатқанын көрген. Олар бір ересек адам мен 4 баланы құтқарды. Балалар отпен ойнап отырып, өрт шығарып алған», — деп хабарлайды ТЖМ.
Семей қаласында бес автокөлік соқтығысып, екі адам зардап шекті, Абай облысының полиция департаментіне сілтеме жасап. Полицияның мәліметінше, 20 қазан күні сағат шамамен 16:29-да Қаржаубайұлы көшесінде 60 жастағы жүргізуші HYUNDAI TUCSON автокөлігін жүргізіп келе жатып, жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей және жылдамдық режимін сақтамай, алдында тұрған NISSAN SKYLINE автокөлігімен (жүргізушісі – 41 жастағы әйел) соқтығысқан. Салдарынан TOYOTA CAMRY, HYUNDAI TUCSON, VOLKSWAGEN GOLF және KIA BONGO маркалы көліктер бірінің артынан бірі соққан. «HYUNDAI TUCSON және NISSAN SKYLINE автокөліктерінің жүргізушілері медициналық мекемеге тексерілу үшін жеткізілді. Басқа жүргізушілер зардап шеккен жоқ, көліктеріне материалдық залал келтірілді», — деп жазылған хабарламада. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері…
Қызылордада құтқарушылар көпқабатты үйден 28 адамды эвакуациялады, Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ә.Бөкейхан көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде пәтер түтіндеген. Нақты мәлімет бойынша, екінші қабаттағы пәтердің асханасында газ плитасында қараусыз қалған тамақ өртенген. «Құтқарушылар пәтерді зерттеген кезде 1966 жылғы пәтер иесін тапты, сонымен қатар баспалдақпен 28 адам, оның ішінде 13 бала эвакуацияланды», — деп жазылған хабарламада. Құтқарушылар қауіпсіздік үшін түтін шығару жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ас үйдегі бір қателік үлкен өртке әкелуі мүмкін екенін ескертті. Еске сала кетейік, Семей тұрғыны төсекте темекі шегіп, ажалдан аман қалды. Қою түтін басқан пәтерден өрт сөндірушілер 1990 жылғы пәтер иесін…
Павлодар облысы бойынша балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева №116 балабақшадағы балаларды ұрып-соғу фактісіне қатысты тергеу барысын баяндады. Оның айтуынша, сараптама жүргізілген және бейнежазбалардың қалпына келтірілуіне байланысты тергеу қосымша уақытты қажет етеді. Оның айтуынша, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша ата-анасы полицияға жүгінген балаларға қатысты сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптамалар жүргізіліп қойған. «Павлодар қаласындағы №116 балабақшада биылғы маусым айында болған балаларға қатыгездік таныту фактісі бойынша ата-анасы полицияға арыз берген 15 бала сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптамадан өтті. Жойылған бейнежазбалар қалпына келтірілуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу қосымша уақытты қажет етеді, жаңа фактілерді немесе жәбірленушілер анықталуы мүмкін», — деді…