Автор: qaztimes

Сауда және интеграция министрлігі Республика күні қарсаңында әкімдіктермен бірлесіп кең ауқымды «Republic Day» акциясын іске қосты. Төрт күнге созылатын акция кезінде тауарлар 70 пайыз жеңілдікпен сатылады. «24-27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде қазақстандықтар тұрмыстық және кең сұранысқа ие басқа да тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, ірі дүкен желілері мен онлайн-маркетплейстер сияқты 220-дан астам сауда нысаны қатысады», — деп мәлімдеді министрлік. Акцияға қатысатын сауда орындарының тізімі: Астанада – MEGA Silk Way, «Хан Шатыр», «Abu Dhabi Plaza», «Сарыарқа», «Koktal» сауда орталықтары, «Сауран» сауда үйі және Magnum, Small, АНВАР супермаркеттері; Алматыда – «Forum», «Mega…

Read More

Астанадағы «Белсенді жалғыз өмір сүру» клубының қатысушысы, 70 жастағы Ақмарал Нұрғалиева бұқаралық спорттың денсаулыққа пайдасы зор екенін айтты. Зейнеткердің айтуынша, спортпен күнделікті шұғылдану адам ағзасын сергітіп, өмір сапасын арттырады. «Қандай спорт болса да, ол денсаулыққа пайдалы. Бастысы чемпион болу емес, өзің үшін, өз денсаулығың үшін қозғалу маңызды», – дейді зейнеткер. Ақмарал Нұрғалиева скандинавиялық жүріске осы жылдың сәуір айында қатыса бастаған. Қазір ол жолдасымен бірге алты айдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. «Таңертең серуенге шығамыз, кешке тағы жүреміз. Үйде де қарапайым дене жаттығуларын жасаймыз», – дейді қатысушы. Зейнеткер жастардың спортқа қызығушылығын жоғары бағалайды. Оның айтуынша, отбасы мүшелерінің барлығы спортпен айналысады біреуі…

Read More

Парламент Сенаты жасанды интеллект туралы заң мен оған ілеспе заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, құжаттарды Мәжіліске қайтарды. Сенат депутаты Бибігүл Аққожинаның айтуынша, заң цифрландыру процестерін реттеу, жасанды интеллектті қауіпсіз енгізу және қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін заманауи құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған. «Бүгінгі таңда жасанды интеллект, үлкен деректер, блокчейн сияқты заманауи технологиялар институттардың тиімділігін арттырып қана қоймай, ашықтық, инклюзия және тұрақты экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», — деді ол. Алайда сенаторлар Мәжіліс қабылдаған заңның кейбір баптарын мақұлдаған жоқ. «Мәселен, түзетулердің бірі ерікті сақтандыру түрін ғана қолдануды алып тастауды көздейді. Енді ерікті сақтандырумен қатар, жасанды интеллект жүйелері келтірген зиян үшін жауапкершілікті және…

Read More

Ішкі істер министрі Ақтөбе облысындағы жол апатын тергеу үшін Астанадан Ақтөбе облысына арнайы топ жіберді. Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, тергеушілер арнайы бортпен ұшып кеткен. «Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізу үшін ІІМ орталық аппаратының арнайы тобы әуе бортымен облысқа жөнелді», — деп хабарлайды ІІМ. Министр тергеуді жеке бақылауына алған. «Министрдің тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетеміз. Соның ішінде мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да қолдау көрсетеміз. Жедел тергеу жүргізу және барлық қажетті шараларды орындау үшін тиісті шаралар қабылданады», — деді ІІМ ресми өкілі…

Read More

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі елдің Бас прокуратуралары Ақордада Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазақстанның Бас прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, құжаттың негізгі мақсаты – қылмыспен күресті күшейту және заңсыз алынған активтерді қайтару саласында өзара әрекеттестікті дамыту. Тараптар қадағалау ведомстволарының кәсіби, сараптамалық және ақпараттық әлеуетін тиімді пайдалану арқылы серіктестік тетіктерін нығайтуға мүдделі. Меморандум сонымен қатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруды және тәжірибе алмасуды көздейді.

Read More

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Индустрия және құрылыс министрінің бұйрығымен ел аумағынан қара металдардың сынығы мен қалдықтарын сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынған болатын. Маңғыстау облысының прокуратурасы осы талапты бұза отырып, ел аумағынан заңсыз металл шығарған төрт компанияны анықтады. «Белгіленген шектеулерге қарамастан, Маңғыстау облысындағы төрт серіктестік белгіленген тәртіпті бұзған. Маңғыстау көлік прокуратурасының бастамасымен мемлекет кірісіне 380 тонна металл сынығы өндірілді», — деп хабарлайды прокуратура.

Read More

Қазақстандағы 100 балабақшада «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» атты ілкі жоба басталды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, әуелі жобаға 100 балабақша қатысады. Оның 62-сі мемлекеттік, қалғандары жекеменшік балабақша. Жобаға 4-5 жас арасындағы балалар қатысады. «Жобаның мақсаты – балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызды бағыттарының бірі — еңбек пен түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды үйрету», — деп хабарлайды министрлік. Бағдарламадағы іс-әрекеттер балалардың жас ерекшеліктеріне, неге қызығатындарына қарай дайындалған. «Балалар күнделікті ойын түрінде және тәжірибе ретінде түрлі кәсіп түрлерімен танысады, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді», — деп хабарлайды министрлік.

Read More

Қарағандының вокзал маңындағы саябағына орнатылған «Атам, әжем және мен» атты мүсін қала азаматтарының ашуын туғызды. ekaraganda.kz сайтының жазуынша, бұл үш мүсін жазда түрлі-түсті қалыпта тұрған еді. Бірақ, қалалық саябақтарды басқару басқармасы мүсіндердің бәрін бір түске боямақ болып, ескерткіштің түр-әлпетін бұзып тастаған. Азаматтар қала билігінің бұл әрекетін сынап, «мүсінді боямас бұрын, ақылдасу керек» еді дейді. Қаланың саябақтарды басқару басқармасы азаматтардың арыз-шағымын тыңдап, жауап берген. «Мүсіндердің бәрін басқа саябақтағы мүсіндердің түсімен бірдей ету үшін оларды алтын түске бояу туралы шешім қабылданды. Осы арқылы мүсіндердің түрін жақсартып, оларды күтіп ұстауға мүмкіндік туады. Әрине, кейде бұндай шешім дау тудырады, бірақ, уақыт өте келе…

Read More

Атырау қаласындағы Авангард-3 ықшам ауданындағы үйдің тұрғындары көршісіне жаппай шағым түсірді. Қоғам белсендісі Рүстем Баязиевтің айтуынша, пәтер иелерінің бірі бірнеше мысық асырап, антисанитариялық жағдай туғызған. Сасық иіске тұншыққан тұрғындар тиісті органдардың бұл мәселеге назар аударуын талап етуде. «Бұл үйде ерекше қажеттіліктері бар балалар тұратын отбасылар бар, қазіргі уақытта оларға қиын, демалу мүмкін емес», — дейді олар. Пәтер иесі белсендімен сөйлесуден бас тартты. «Полиция шақырыңыз, мәселені шешеміз», — деп қысқа қайырды ол. Рүстем Баязиевтің айтуынша, көпқабатты үй жақында термомодернизациядан өткен, барлығы жаңа, тек жағымсыз иіс тұрғындарды мазалауда. Сонымен қатар, ол пәтерде ұсталатын жануарлардың санын заңмен шектеу мәселесін көтеруді жоспарлап отырғанын айтты.

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамп 22 қазанда Ресей президенті Владимир Путинмен болашақ кездесу өткізу туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Америка басшысы НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуінен кейін Ақ үйде журналистерге айтты. «Біз президент Путинмен кездесуді кейінге қалдырдық», — деді АҚШ президенті. «Маған бұл дұрыс болмайтындай көрінді. Бізге керек нәрсеге қол жеткізе алмайтын секілдіміз. Сондықтан мен оны тоқтаттым. Бірақ біз оны болашақта өткіземіз», — деп қосты Трамп. Қазан айының ортасында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Аляскадағы саммиттен кейін алғаш рет телефон арқылы сөйлесті. Кейінірек ол әңгіме аяқталғанын және «нәтижелі»…

Read More