Жаңалықтар

Маңғыстаудан 380 тонна қара металл артып жібергендер жазаланды

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Индустрия және құрылыс министрінің бұйрығымен ел аумағынан қара металдардың сынығы мен қалдықтарын сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынған болатын.

Маңғыстау облысының прокуратурасы осы талапты бұза отырып, ел аумағынан заңсыз металл шығарған төрт компанияны анықтады.

«Белгіленген шектеулерге қарамастан, Маңғыстау облысындағы төрт серіктестік белгіленген тәртіпті бұзған. Маңғыстау көлік прокуратурасының бастамасымен мемлекет кірісіне 380 тонна металл сынығы өндірілді», — деп хабарлайды прокуратура.

Добавить комментарий