Алдағы бес жылда жасанды интеллекттің (ЖИ) жылдам таралуы салдарынан 1 миллионға дейін жұмысшы жұмысынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді. Оның айтуынша, 2029 жылға дейін шамамен 1 миллион қазақстандық маман қайта даярлаудан өтуі қажет. Солардың бірі — жасанды интеллектке арналған деректерді белгілеуші (data annotator) мамандығы. «ЖИ интернет сияқты құбылыс. Интернет келгелі кейбір мамандықтар жоғалды, бірақ сонымен қатар жаңа бағыттар мен кәсіптер пайда болды. Бұл қалыпты және дұрыс процесс. Сол жағдай қазір жасанды интеллектпен де қайталанып жатыр», — деді Дмитрий Мун Сенат кулуарында. Қазірдің өзінде Astana Hub білім беру платформасында жасанды интеллект пен…
Автор: qaztimes
Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын қазақстандықтар өтінішті «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы онлайн рәсімдей алады. Азаматтарға мамандандырылған ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. «Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтаманың бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді», — деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы. Өтініш жібергеннен кейін теориялық және практикалық емтихандарға өзіңізге ыңғайлы уақытқа жазылуға болады. Мемлекеттік баж емтиханды сәтті тапсырған соң мамандандырылған ХҚКО бөлімінде төленеді. Қазір жаңа қызмет еліміздің барлық өңірінде қолжетімді. Пилоттық…
Қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылғанын растады. Осыған байланысты ведомство әуе кеңістігін бақылауды күшейтіп жатыр. «Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ. Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеріс шаралары жүріп жатыр», — делінген ресми хабарламада. Осы оқиғадан кейін қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдаған. Сондай-ақ бұл аппарат тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультация жүргізіліп жатыр. Бұған дейін…
Ғарышқа Қазақстаннан алғаш әйел турист ретінде ұшқан Данна Қарағұсова сапарға қатысты пікірін айтып, келеке еткендерге жауап берді. «Мен Қазақстанға аман-есен оралдым. Қазір біртіндеп қалпыма келіп, өз істерім мен жобаларыма қайта кірісіп жатырмын. Маған шын жүректен қуанып, қолдау көрсеткен, жылы лебіздерін білдіріп, жақсы ой жолдаған барлық жандарға алғыс айтамын. Сіздер – жаңа заманның адамдары, өз шеңберінен тыс жақсылық пен жарықты көре білетін ерекше тұлғасыздар. Бұл сирек кездесетін қасиет әрі мықтылықтың белгісі», — деді Данна Қарағұсова. Ал өзін мысқылдап, бұл сапарын келеке еткендерге ол былай деп жауап қатқан: «Мысқыл мен жалаға, өсек пен теріс пікірге жол беретіндерге де тек жақсылық тілеймін. Себебі,…
Ақтөбе облысындағы жол апатының себептерін тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының маңында болған жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылған. Комиссия жұмысты дереу бастау, жол апатының себептерін жан-жақты тексеріп, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына алғашқы көмек көрсету керек. Комиссияға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді. Оның құрамына Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы енді. Комиссияның негізгі міндеті – оқиғаға қатысты барлық мән-жайларды мұқият зерттеп, тиісті шаралар қабылдау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету…
Бүгін таңертең Ақтөбе облысында орын алған жантүршігерлік жол апатынан жараланған алты адам Хромтау ауруханасына жеткізілді. Олардың бесеуі – үлкен кісі, біреуі – бала. «Соның ішінде, төрт адам реанимацияда, екеуі палатада. Облыс орталығынан екі бригада дәрігер келді, араларында балалар дәрігері бар. Облыс орталығынан келген реаниматолог, травматолог, хирург, нейрохирург дәрігерлер шұғыл ота жасады», — деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы. Жараланғандар арасында бір адам ауруханаға жатудан бас тартқан болатын. Дәрігерлердің талабы бойынша ол да қазір ауруханада.
Қаржы мониторинг агенттігінің Қарағандыдағы департаменті «Takorp» қаржы пирамидасына қатысты тергеуді аяқтады. Қаржы пирамидасы елге жақсы көріну үшін жетімдер үйіне барып, қайырымдылық жасап отырған. «Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестиция ретінде тартқан. Олар 30-дан 50 мың АҚШ долларына дейін инвестиция салып, 100% кіріс уәде еткен. Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеген, онда алты бонус деңгейінен тұратын матрицалық жүйе («VIP-1» – «VIP-6») қолданылған», — деп хабарлайды ҚМА. Жиналған ақшаны криптовалютаға айналдырып, жылыстатқан. Оң имидж қалыптастыру үшін олар жетімдер үйіне барып, қайырымдылық жасап тұрған. «Жалпы, осы «Takorp» пирамидасы 117 адамды сан соқтырған. Сот санкциясымен 32 мың долларға тең криптовалютаға тыйым салынды», — деп хабарлайды ҚМА. Екі…
23 қазан күні «Самара – Шымкент» автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «Газель» жолаушылар көлігі бір-біріне соғылып, 12 адам қаза тапты. Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлағандай, алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. «Жол апатынан екі жүргізуші мен «ГАЗель» көлігінде отырған 10 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес адам аурухана түсті», — деп хабарлайды полиция департаменті. Жол апатына байланысты тергеу басталған. Полицияның мәліметінше, «Газель» ресми түрде Жүргенов ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдайтын көлік болған.
WhatsApp пайдаланушыларды қорғау мақсатында жаңа қауіпсіздік тетігін іске қоспақ. Енді бейнеқоңырау кезінде белгісіз адам экранды көрсетуге әрекет жасаған жағдайда, жүйе бұл туралы пайдаланушыны автоматты түрде ескертеді. Бұл функцияның мақсаты соңғы уақытта жиілеп кеткен алаяқтық әрекеттердің алдын алу. Көптеген жағдайларда алаяқтар өздерін банк, әуе компаниясы немесе басқа ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, экранды көрсету арқылы пайдаланушылардың жеке деректерін иеленеді. Meta компаниясы ұқсас жаңартуды Facebook Messenger қосымшасына да енгізбек. Бұл шаралар пайдаланушыларды алдау арқылы деректерге қол жеткізетін фишингтік схемалардан қорғауға бағытталған. Алаяқтар жалған брендтік профильдер жасап, ресми парақшалардағы пікір қалдырған адамдармен байланысқа шығып, көмек көрсету сылтауымен экран көрсетуді сұрайды. Нәтижесінде, олар құпия ақпаратқа,…
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы бүгін таңертең Ақтөбе облысындағы жол апатынан жараланғандардың жағдайы туралы ақпарат берді. «Ауруханаға түскен бес адамның үшеуінің жағдайы – ауыр, екеуі – орташа. Бір адам ауруханаға жатудан бас тартты. Жарақат алғандар Хромтау аудандық ауруханасында жатыр», — деп хабарлайды облыстың денсаулық сақтау басқармасы. Дереккөзге сүйенсек, оқиға орнына облыс әкімі Асхат Шахаров аттанған.