Бүгін таңертең Ақтөбе облысында болған жантүршігерлік жол апатында қаза болғандар туралы алғашқы ақпарат тарай бастады. Облыс әкімдігінің бізге берген мәліметіне сүйенсек, қаза тапқандар арасында бір үйдің адамдары бар. Әзірге белгісі, қаза болғандардың ішінде екі кәмелетке толмаған бала бар: біреуі 2022 жылы, біреуі 2016 жылы туған. Сондай-ақ, бір үйдің адамдары да бар. «2022 жылы туған баламен бірге әкесі мерт болды. Сондай-ақ, анасы мен 18 жастағы ұлы бірге көз жұмды», — деп хабарлады облыс әкімдігі. Бүгін, 23 қазан күні «Самара – Шымкент» автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «Газель» жолаушылар көлігі бір-біріне соғылып, 12 адам қаза тапқан еді.
Автор: qaztimes
Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті спорт фестивалі ашылды. Іс-шара Республика күні қарсаңында облыстық партия филиалының Әйелдер қанатының бастамасымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Фестивальге 90 бала мен 30 команда қатысты. Олардың арасында қимыл-тірек аппараты бұзылған және менталдық ерекшеліктері бар балалар өзара бақ сынап, бочча, жеңіл атлетика, сондай-ақ «Біз жеңімпаз боламыз!» атты эстафеталық жарыстарға қатысты. Балаларды қолдау үшін 400-ге жуық жанкүйер жиналды. Салтанатты ашылу рәсіміне «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, Әйелдер қанатының жетекшісі…
Мыңдаған адам Тбилиси көшелеріне шығып, сотталған журналист Мзия Амаглобелидің бостандыққа шығуын талап етті, euronews-ке сілтеме жасап. Кеше Мзия Амаглобели мен белорус-поль журналисі Анджей Почобутқа Еуропарламенттің адам құқықтары саласындағы Сахаров сыйлығы берілген еді. Осыдан кейін азаматтар журналистің еркіндікке шығуын талап етті. Мзия Амаглобели 2025 жылдың қаңтарында билікке қарсы шеруге қатысқаны үшін қамалған. Тамызда полиция қызметкеріне шабуыл жасады деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырылды. Грузия тәуелсіздік алғаннан бергі елдегі тұңғыш әйел-саяси тұтқын Мзия Амаглобели демократиялық шерулердің көшбасшысы әрі сөз бостандығын қорғаушы ретінде танымал болды.
22.07.2019 жылғы №17798-ИА Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, Ақпарат және коммуникация министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген. Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жағдайды бағалау және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру үшін бүгін таңертең болған жантүршігерлік жол апаты болған жерге барды. «Қайтыс болған жандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл — бәріміздің жанымызға ауыр тиген, орны толмас қаза. Қазір ауруханада зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оларға және қайтыс болған марқұмдардың отбасыларына барлық қолдау мен көмек беріледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер мен мамандар жұмыс істеп жатыр. Туыстарына психологтер көмектеседі. Жағдайды өзім бақылаймын», — дейді облыс әкімі. Әкімдіктің дерегіне сүйенсек, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ішінен жедел штаб құрылған. Қаза тапқандардың отбасы мен жараланғандардың жақындары үшін жедел желі ашылды:…
Патриоттық тәрбие – ұлттың рухын көтеретін ең маңызды бағыттардың бірі. Қазақстанда жастарды елін, жерін сүюге баулитын игі бастамалар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Ерлік пен елдікке үндейтін бұл шаралар жас буынның санасында Отанға адалдық сезімін нығайтуға бағытталған. Бүгінгі жаһандану дәуірінде ел ертеңін айқындайтын басты құндылықтардың бірі – отансүйгіштік сезім. Патриотизм – бұл туған жерге деген сүйіспеншілік қана емес, ол азаматтың өз мемлекетінің тағдырына бейжай қарамауы, оның дамуы мен қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етуі. Қазақстанда бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар мемлекет саясатының маңызды бөлігіне айналған. Патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында Қазақстан Қарулы күштерінің әскери басқару органдары 3490 жалпы білім беру ұйымымен тығыз байланыс…
Республика күні қарсаңында Шет ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы кентінде тұрғындар үшін қуанышты оқиға болды, мұнда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Жаңа білім ордасы оқушылардың жан-жақты дамуы мен сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған заманауи білім кеңістігіне айналды. Кең әрі жарық кабинеттер эргономикалық жиһазбен жабдықталған. Мұнда асхана, кітапхана, акт және спорт залдары, сондай-ақ STEM-зертхана, жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар, робототехника мен графикалық дизайн кабинеттері жұмыс істейді. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған үйірмелерге арнайы бөлмелер де бар. Білім мекемесіне жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған 22 интерактивті тақта орнатылған. Сонымен қатар, мектептің қауіпсіздік жүйесі…
Қазақстанда «Басшылық қызметтегі және мемлекеттік қызметтегі» санаты бойынша жұмыс істейтін әйелдер ерлерден орта есеппен 35,4% аз жалақы алады. Ал, батыс өңірлерде осы лауазымдағы ерлермен салыстырғанда әйелдерге екі есе аз еңбекақы төленеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Атырау облысында мемлекеттік қызметтегі ерлер әйелдерден 83,4%, Маңғыстау облысында 81% артық жалақы алады. Бұл теңсіздік Ақмола облысында 54,4%, Ақтөбе облысында 53,0%, ал Шығыс Қазақстанда 52,7% құрайды. Мемлекеттік қызметтегі ерлер мен әйелдер тең жалақы алатын өңірлер қатарына Жетісу (6,4%) және Түркістан облыстары (11,2%) жатады. Өңірлер арасында да алшақтық бар Бұл алшақтық өңірлер арасында да байқалады. Мысалы, Атырау облысындағы ер басшылар 1,4 млн теңге, Алматыдағы осындай…
Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс Республика күніне орай 23 қазанды «Қазақ мұрасы күні» деп жариялады. Манхэттеннің қаржы орталығында Қазақстанның Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі өтті. Сол жерде Эрик Адамс Нью-Йорк қаласындағы Бас консул Рауан Тлеулинге ресми прокламацияны табыстады. «Қазақстан Орталық Азиядағы мемлекет. Оның аумағы батыстағы Каспий теңізінен шығыстағы Қытай мен Ресей шекарасындағы Алтай тауларына дейін созылып жатыр. Бұл ел көне Жібек жолының бойында орналасқандықтан, Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени және сауда байланыстарын нығайтуда маңызды рөл атқарған. Қазақстан — кең даласы, шөлдері, таулары мен көлдері бар көркем табиғаты мен бай табиғи ресурстары, әртарапты экономикасымен және өнер мен мәдениеті тоғысқан…
Астанада мұрынға пластикалық ота жасайтын дәрігердің қолынан 60 жастағы әйел қайтыс болып, 22 жастағы қыз жансақтау бөліміне түсті. КТК арнасы мәлім еткендей, екі жағдай әр уақытта және әртүрлі жеке клиникаларда болған. Полиция дерегінше, биыл сәуір айында 22 жастағы қала тұрғыны жеке клиникалардың бірінде мұрнына пластикалық ота жасатқан. Алайда операциядан кейін пациент комаға түскен. Маусым айында 60 жастағы әйел дәл сол хирург жүргізген пластикалық отадан кейін көз жұмған. Бұл жолы ота басқа лицензиясы жоқ клиникада жасалған. Медициналық орталық заңсыз жұмыс істеген. Құқық қорғау органдары екі факті бойынша да Қылмыстық кодекстің «Медициналық қызметкердің кәсіби міндетін тиісінше орындамауы» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп…