Автор: qaztimes

Кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына барды, 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. Желіде жарияланған бейнероликтен әйгілі спортшының келуі қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырғанын көруге болады. «GGG-мен бірге суретке түсу үшін түрлі елдің спортшылары да, отандық саңлақтар мен ресми тұлғалар да кезекке тұрған», — деп жазды портал. Айта кетері, орта салмақта WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын иеленген Геннадий Головкин қазір Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті әрі әуесқой боксты қадағалайтын World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқарады.

Read More

Атырауда пранк мақсатында «қыз алып қашқан» блогерлер жауапқа тартылды. Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметінше, үш блогерге «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айып тағылған. «2025 жылғы 14 қазанда Атырау қаласындағы дәмхананың алдында, қоғамдық орында қызды күштеп көлікке отырғызу арқылы олар алдау-қалжың (пранк) бейнежазбасын түсіруге тырысып, қоғамдық тәртіпті бұзды және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзды», — деп жазылған хабарламада. Блогерлердің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, фотосуретпен, бейнежазбамен және басқа да материалдармен толық дәлелденді. «Сот үкімімен құқық бұзушылар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», — деп атап өтті сот. Айта кетері,…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын жүзеге асыру мақсатында елімізде табиғатқа қамқорлық жасау ісінде қоғамның күш-жігерін біріктіруге бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы қолға алынуда. Осы бастама аясында «AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде игі дәстүрге айналған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын өткізуде, деп хабарлайды «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі. Акцияның басты мақсаты – қалалар мен ауылдарды тазалау ғана емес, экологиялық жауапкершілік мәдениетін нығайту, азаматтарды тазалық, тәртіп және қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтары төңірегінде топтастыру. Ортақ іске тек партияластар ғана емес, туған өлкенің табиғатын қорғауға үлес қосқысы келетін тұрғындар, жастар және волонтерлер қосылуда. Республика күні қарсаңында «Таза бейсенбі» акциясы еліміздің барлық өңірінде өтті. Мәселен, Түркістан облысы…

Read More

«Қазақстан» арнасындағы «1001 түн» бағдарламасының қонағы болған актер Алмат Сақатов 10 жыл бұрын «Бауыржан шоу» жабылған кездегі қиын кезеңді еске алды. «180-мен келе жатқан көлік кілт тоқтап қалса қалай болатынын ойлап көріңіз. Біз жан-жаққа ұшып түсіп, маңайымызға қарадық, маңайда ештеңе жоқ. Бәрі өтіп жатыр, ал біз ешкімге міне алмаймыз. Не театрға бара алмаймыз, өйткені эстрадада жұмыс істедік. Кино ол кезде дами қоймаған. Өнер жоқ, сахна жоқ, халық жоқ. Той бар, ақша бар. Бірақ ішіңде жиналған нәрсені шығарып беретін орын жоқ. Сол кезде бәріміз «қораға кірдік». Әбунасыр да, Нұрбек те, Қуандық та қиын жағдайда қалды. Құдайға шүкір, қазағымның киносы дамып,…

Read More

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, қатты жел соғады және үсік жүреді деп болжап отыр, дауылды ескерту жарияланды. Талдықорған қаласы мен Жетісу облысында 3 градусқа дейін үсік жүріп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанып отыр. Атырау, Абай және Жамбыл облыстарында тұман түседі, жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында, Павлодар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Ақтау, Атырау, Жезқазған, Шымкент, Түркістан қалаларында, Маңғыстау, Ұлытау және Түркістан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Read More

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы аумағында болған жол апатының себептерін тергеп-тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелеріне тапсырма берді. Екі адамның жағдайы ауыр Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше қазіргі жағдай туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев, көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов баяндады. Алты адам Ақтөбе облысы Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Екі адамның жағдайы ауыр, төртеуінің жағдайы орташа. Зардап шеккендер Астанаға жеткізіледі Қанат Бозымбаев Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық авиация арқылы тасымалдауға болатын барлық зардап шеккендерді Астанаға жеткізіп, қажетті ем ұйымдастыруды тапсырды. «Еңбек…

Read More

«Әлем Барысы» халықаралық турнирінің үш дүркін чемпионы, «Қазақстан Барысы» турнирінің екі дүркін чемпионы Айбек Нұғымаров Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Аягөз ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айбек Серікболұлы 1987 жылы 3 маусым күні Абай ауданы Құндызды ауылында дүниеге келген. Ол Семей политехникалық колледжін «Заңгер» мамандығы бойынша, Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Құқықтану магистрі (Еуразия ұлттық университеті). «Еңбек жолын 2010 жылы «Семей қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резервтегі № 1 балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде» жаттықтырушы – оқытушы болып бастаған.…

Read More

Қарағанды облысында 53 жастағы фермердің 17 жылқыны қырып тастауы үлкен дауға айналды. Оқиға қыркүйек айының соңында болды. Ер адам егінін қорғап жүріп, 14 жылқыны атып өлтірсе, тағы үшеуін жаралаған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, фермер екі айға қамауға алынған. Бірақ бұл оқиғадан кейін Нұра ауданының басқа шаруалары көтерілген. Олар бұл адамның әрекетін ақтамаса да, оның неге шыдай алмағанын түсінеміз дейді. «Менің егістігім 700 гектар. Биыл әр гектардан небәрі 4 центнер ғана өнім алдым, ал қалыпты жағдайда 14 центнер алуым керек еді. Жылқылардың кесірінен шамамен 70 миллион теңге шығынға баттым», – дейді шаруашылық басшысы Герман Ли. Оның әріптесі Леонид Полеводин де…

Read More

Блогер Аружан Айбековағаның үстінен әкімшілік іс қозғалды, деп хабарланды. Полиция Қытай мен Өзбекстанда әдепсіз пранк жасаған блогер қызға қатысты тексеру жүргізіп, оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша істі сотқа жолдады. «Аталған азаматша бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген, сол кезде онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда, ол тиісті қорытынды шығармағаны байқалады. Мұндай қылықтар қоғамдық моральға құрметсіздік танытады және іс-әрекеттің белгіленген нормаларын бұзады», — делінген хабарламада. Полиция, қоғамдық орындардағы әдепсіз, арандатушылық немесе адамның ар-намысын қорлайтын кез келген іс-әрекетке жол берілмейтінін және заң аясында жауапкершілік қарастырылатынын еске салды. Айта кетейік, Аружан Айбекова Ташкент метросында вагонда отырып, жігіттердің қолынан ұстап, санына қол жүгірткен.…

Read More

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойындағы Академиялық қалашық тұрғындары үндеу жариялады. Компания басшылары аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді. Тұрғындар үйлерінің жанындағы жаңа нысан қала құрылысы нормаларына қайшы екенін айтып, әлеуметтік желі арқылы биліктен көмек сұрады. Құрылыс компаниясы болса, бірнеше ғана адам наразылық білдіріп, олар деректерді бұрмалап, қоғамда теріс пікір қалыптастыруға тырысып жүргендерін мәлімдеді. Әкімдіктің мәліметінше, бастапқыда жергілікті тұрғындардың өтініші ескерілген. SABA Group компаниясының басшысы Ілияс Қарбозов бастапқы нұсқадағы тоғыз қабатты ғимараттың биіктігін бес қабатқа дейін төмендетілетінін мәлімдеді. «Біз тұрғындардың өтінішін ескердік. Ғимараттың биіктігіне, қонақүйдің бағытына өзгеріс енеді. Сонымен қатар көлік және жаяу жүргіншілер жолдары сақталады», — деді Карбозов. Қала әкімінің орынбасары Бейбіт…

Read More