Газа секторының денсаулық сақтау жүйесін қалпына келтіру үшін кемінде 7 млрд АҚШ доллары қажет. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Женевада өткен баспасөз брифингінде хабарлады. Тедрос Аданом Гебрейесустың айтуынша, ұйым осы уақытқа дейін 41 науқас пен 145 адамды (олардың ішінде науқастарды ертіп жүрген туыстар бар) бірнеше елге эвакуациялауға көмектескен. Алайда әлі де 15 мыңнан астам адам, соның ішінде 4 мың бала, Газа аумағынан тыс жерде медициналық көмекке зәру. «Өкінішке қарай, эвакуацияны күтпей 700-ден астам адам қайтыс болды», – деді ДДСҰ басшысы. БҰҰ, Еуропалық одақ және Дүниежүзілік банк жүргізген алдын ала бағалауға сәйкес, Газа…
Автор: qaztimes
Бүгін Ақордада Республика күніне орай салтанатты жиын өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі саланың адамдарын әртүрлі деңгейдегі ордендермен марапаттап, бірқатарына жаңа атақ берді. Соның ішінде, президент бірнеше этно-мәдени орталықтың өкіліне «Ел бірлігі» орденін табыстаймын. Ал мәдениет саласында ол елге танымал адамдарға «Қазақстанның халық әртісі» атағын берді. «Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз. Руханиятымызға ерекше еңбек сіңіргені үшін белгілі өнер майталмандары – Болат Әбділманов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова «Қазақстанның халық әртісі» атағына лайық деп танылды», — деп мәлім етті Тоқаев. Сондай-ақ мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев,…
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықты екі адамға табыстады. Ақорда хабарлағандай, бұл мемлекеттік сыйлықты «Қазақстан археологиясы. Деректер мен зерттеулер» сериялық басылымы» тақырыбы бойынша жұмысы үшін «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының» бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашев иеленді. Сондай-ақ «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XV – XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ Мемлекеті» тақырыбындағы жұмысы үшін «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» Заманауи зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), профессор Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы Сыдықназаров та осы мемсыйлықтың иегері атанды.
Биыл алғаш рет ауылдық тірек мектептердің ұстаздары Жапонияның Хиросима қаласында өтетін World Association of Lesson Studies (WALS-2025) халықаралық конференциясына қатыспақ. Іс-шара 2025 жылдың 10–12 қарашасы аралығында өтеді. Қазақстаннан ауқымды жиынға Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы ауыл мектептерінің 14 мұғалімі барады. Олар өз мектептерінде Lesson Study тәсілін енгізу және дамыту тәжірибесі бойынша зерттеу жұмыстарын ұсынады. Ауыл ұстаздарының халықаралық деңгейге шығуына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының жүйелі әдістемелік қолдауы мүмкіндік берді. Аталған орталық Қазақстан атынан Lesson Study зерттеуінің дүниежүзілік қауымдастығында өкілдік етеді және бұл бағытта ел мұғалімдеріне тұрақты қолдау көрсетіп келеді. WALS конференциясы -осы тәсілді тәжірибеде қолданатын педагогтер…
Тас жолдың ортасында қауіпті маневр жасаған 3 жігіт жазаланды. Желіге тараған кадрларда екі көлік жол ортасында бірнеше рет айналады. Олардың жанында атты адам ту көтеріп жүрген. Басқа жүргізушілерді өткізбей, жолда кептеліс туғызды. Полиция оқиғаға қатысқан тұлғаларды анықтап, аудандық бөлімшеге алып кетті. Анықталғандай, құқық бұзушылар Қарасай ауданының тұрғындары – 1999, 2003 және 2007 жылы туған азаматтар. «Оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 7 бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Барлық көлік арнайы айып тұрағына қойылып, жүргізушілер көлік құралын басқару құқығынан 6 ай мерзімге айырылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оларға қолданыстағы заңнама талаптары мен өздерінің жауапсыз әрекеттерінің…
АҚШ әуе күштеріне тиесілі OA-1K Skyraider II үлгісіндегі ұшақ Оклахома штатында апатқа ұшырады. Бұл туралы штаттың ұлттық гвардиясы ресми мәлімдеме таратты. Мәліметке сәйкес, апат жергілікті уақыт бойынша түстен кейін болған. Ұшақтың бортында екі адам, яғни АҚШ ӘӘК әскери қызметкері және азаматтық мердігер болған. Ұлттық гвардияның хабарлауынша, апат кезінде ұшақ жаттығу миссиясын орындап жатқан. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала деректерге сәйкес, жарақат алғандар немесе қаза тапқандар туралы ақпарат әзірге түскен жоқ. OA-1K Skyraider II — АҚШ ӘӘК-нің барлау және қолдау операцияларына арналған көпфункциялы әскери ұшағы. Ол әдетте жаттығу, бақылау және арнайы тапсырмаларды орындау кезінде қолданылады. Апаттың…
Қызылорда облысы Сырдария ауданының соты мас күйінде әйеліне былапыт сөз айтып, отбасының берекесін қашырған, тіпті, ұрыс кезінде әйелінің киім-кешегін өртеген азаматты соттады. Ол 5 күн қамалады, одан кейін 3 ай бойы ішімдік ішпей, есірткі тартпауы керек. «Азамат кінәсін мойындады. Сот оны 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алды. Сот азаматтың мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіледі», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. Зәбір көрген әйел күйеуінің бұл әрекетін кешірмейтінін айтқан.
Республика күні қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде 1000-нан астам мемлекеттік ту желбіреді. «AMANAT» партиясының «Менің Елім – Менің Туым» акциясы Отанға деген сүйіспеншілік пен ел бірлігінің жалпыұлттық нышанына айналды. Мәселен, елордада «AMANAT» партиясының орталық аппараты ғимаратына көлемі 24×12 метр болатын Мемлекеттік ту ілінді. Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бастамаға «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, еріктілер мен қарапайым азаматтар қатысуда. Биыл акцияға екі мыңнан астам жас қосылып, мереке қарсаңында ел бойынша он мыңға жуық туды қалалар мен ауылдарда, мектептерде, аулаларда және өндіріс орындарында ілу жоспарланып отыр. Үйдің, көліктің немесе дүкеннің алдында желбіреген ту – елге деген мақтаныштың және болашаққа деген сенімнің белгісі.…
Ақтөбе прокуратурасы есірткі саласындағы қылмыстарға талдау жасай отырып, психикалық денсаулық орталығының қылмысын әшкереледі. Дереккөзге сүйенсек, орталық қайтыс болған немесе көшіп кеткен 205 адамның атын жамылып, қылмыс жасаған. «Зерттеу барысында есірткіге тәуелді деп есептелетін 205 адамның қайтыс болғаны немесе басқа өңірлерге көшіп кеткеніне қарамастан, орталық оларды есептен шығармаған. Осылайша, осы адамдардың еміне негізсіз түрде 2,5 млн теңге бюджет қаражаты бөлініп, орталықтың есепшотына аударылған», — деп хабарлайды прокуратура. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджет қаражаты кері қайтарылып, 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өндірісті өркендетуге және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға зор үлес қосқаны үшін Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мәмбетов және К» КС механизаторы М.Қаражұмановқа, тау-кен саласындағы айтулы жетістігі және ұзақ жылғы еңбегі үшін Қарағанды облысындағы «Qarmet» АҚ «Шахтинская» шахтасының учаске бастығы С.Чернобайға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Павлодар облысындағы «Галицкое» ЖШС директоры А.Касицин «Отан» орденімен марапатталды. «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС басқарма төрағасы К.Исаев, Қазақстан журналистикасының ардагері С.Харченко І дәрежелі «Барыс» орденімен; «Ақтоғай» су электр стансасының директоры Т.Баймолдаев, Ұлттық ғылым академиясының академигі…