Тележурналист Дана Нұржігіт «КЕШREC» бағдарламасында «Хабар» телеарнасындағы еңбек жолын есіне түсіріп, көзіне жас алды. Ол «Хабарға» келген кезде 8 ай штаттан тыс жұмыс істегенін, анасы басқа салаға кетуге үгіттегенін атап өтті. «Бір тиын ақша алмадым. Осы жердің еденін жууға даяр болдым. Барып кел, шауып келге ғана лайық бала едім. Үлкен кісілердің қолына су құйып өстім. Қай жұмысқа жексе де абыроймен атқаруға тырыстым. Әкімші де, ассистент те болдым. Менің жұмысқа келгенде кірпияздығым жоқ. Сол еңбекқорлығыма өзім дән ризамын. Ал анам «таңертең кетесің, тілің салақтап түнде келесің. Ол жерде сені кім күтіп отыр? Танысымыз да жоқ, телевизияда ешкіміміз жоқ, сен ол…
Автор: qaztimes
Бүгін Республика күніне орай облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің бірқатар тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыс етті. Президенттің Жарлығымен мемлекеттік наградалармен еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан 35 еңбеккер азамат марапатталды, Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шара Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрында өтті. Көпшілікті мерекемен құттықтаған өңір басшысы 35 жыл бұрын қабылданып, елдің тәуелсіздікке жетуінің конституциялық және саяси негізін қалаған мемлекеттік егемендік туралы декларацияның рөліне тоқталды. Сондай-ақ осы құжаттың қазіргі даму кезеңіндегі тарихи маңыздылығын да атап өтті. Сондай-ақ ол аймақтың соңғы үш жылдағы негізгі жетістіктеріне ерекше назар аударып, оған қол жеткізуде ел тәуелсіздігі,…
Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Баян Алагөзова барша қазақстандықты келе жатқан Республика күнімен құттықтап, қуанышты жаңалығын жариялады. «Бүгін менің анамның арманы орындалды — мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атандым! Жоғары марапатты мен мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның қолынан алдым. Бұл мен үшін зор құрмет әрі үлкен жауапкершілік. Отаныма қызмет етемін», — деп жазған продюсер желідегі парақшасында.
Республика күні қарсаңында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның шығармашылық және зерттеу еңбектерінен құралған құнды мұралары Ұлттық архивке ресми түрде табыс етілді. Бұл игі бастаманы «Егемен Қазақстан» газеті жүзеге асырды. Архив қорына жазушының әйгілі «Қызыл жебе» романының түпнұсқа қолжазбалары, Тұрар Рысқұлов туралы зерттеу жазбалары, «Бесеудің хаты» атты драмалық шығармасы және басқа да әдеби мұралары, сондай-ақ бұрын еш жерде жарияланбаған фотосуреттері, жеке хаттары мен қойын дәптерлері тапсырылды. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, жазушының туыстары, әдебиеттанушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас директоры Дихан Қамзабек бұл күннің мәдени және рухани маңызы зор екенін атап өтті.…
Нұра ауданының 68 жастағы зейнеткері Елтай Махметов скандинавиялық жүріспен айналысып жүргеніне бір жарым жыл болғанын айтады. Белсенді қария денсаулығының жақсарып, өмір сапасының артқанын атап өтті. «Жасым алпыс сегізде. Скандинавиялық жүріске қатысып жүргеніме бір жарым жыл болды. Қазір бұрынғыдай емес, денсаулығым жақсы. Көпшілікпен араласамыз. Мұндай таза ауада, осындай ортада жаттығу жасау біз үшін өте қолайлы. Осындай жағдайда өмір сүріп жатқанымызға ризамыз», – дейді ол. Елтай ағаның айтуынша, бұқаралық спорт егде жастағы адамдар үшін ерекше маңызды. «Бұқаралық спорт – жалпы адам денсаулығына өте пайдалы. Әсіресе, жасы ұлғайған кезде қозғалыстың рөлі зор. Буындар жеңілдеп, дене сергиді. Қазір өзімді жақсы сезінемін, бұрынғыдай ауруханаға жиі…
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды. «ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен даңқты спортшы Шавкат Рахмонов марапатталады. Ол еліміздің атын шет мемлекеттерге танытып, мерейін үстем ету жолында тер төгіп жүр», — деп хабарлайды спорт министрлігі. Айта кетейік, бүгін президент танымал тұлғаларды марапаттады.
Қаржы орталығы мемлекет есебінен білім алған, алайда жолдама бойынша жұмыс істемеген әйелді сотқа беріп, сотта жеңіп шықты. Қарағанды соттарының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, келіншек 2017 жылы магистратурада білім алған. Қаржы орталығы оның біліміне 528 мың теңге жұмсаған. Оқуы аяқталғаннан кейін келіншек жолдама бойынша жеке кәсіпкерлікке жұмысқа тұрған. «Жауапкер ол жеке кәсіпкерлікте 2019 жылы үш ай ғана жұмыс істеген. Бұл мерзім оның еңбек өтіліне енді. Бірақ, келісімшарт бойынша ол әлі біраз уақыт жұмыс істеу керек еді», — деп хабарлайды сот. Қаржы орталығы бірінші сатыдағы сотта, яғни, 2025 жылдың 14 мамырында соттан жеңіліп қалған. Ол шешімді қабылдаған сот әйелдің жолдама…
Атырау облысында әлеуметтік орталықтардың бірінде тәрбиеші мүмкіндігі шектеулі баланы ұрып-соққан. Желіде жария болған видеода ересек адамның кішкентай баланың жүрісін салып, мазақ еткені де көрінеді. «Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, куәгерлер мен оқиғаға қатысы бар адамдардан жауап алынып жатыр», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2024 жылы болған, алайда бұл туралы полицияға биыл 25 қыркүйекте ғана белгілі болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ташкент қаласында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы ұйымдастырған сауда-экономикалық миссия өтті, министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Іс-шара екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтіп, отандық тауар өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталды. Қазіргі таңда Өзбекстан аумағында 876 қазақстандық кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл шамамен 270 түрлі тауар позициясы бойынша $500 млн көлеміндегі сауда айналымын қамтамасыз етеді. Миссия барысында қазақстандық компаниялар өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, құрылыс материалдары, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және қайта өңдеу салаларындағы өзбек серіктестерімен тікелей келіссөздер жүргізді. B2B форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, экспорттаушылар Өзбекстанның ірі дистрибьюторларымен және сауда желілерімен байланыс…
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың елден заңсыз шығарған активтерін тексереді. Бұл туралы депутат Ринат Зайыттың депутаттық сауалына жауап берген Бас прокурор Берік Асылов мәлім етті. Ринат Зайыт өз сауалында Нұрбол Назарбаевтан біраз актив қайтарылғанын айтқан еді. «Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев сот шешімімен 57 миллиард теңге көлеміндегі активінен айырылып, мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен бірге, оған 925 миллион теңге айыппұл және 230,4 миллион теңге айыпақы салынды. Ең бастысы, оның барлық банк шоттары бұғатталып, компания кірісін және жеке мүлкін басқару құқығынан айырылды. Бұл әулеттің рейдерлік жолмен иеленген базарлары, сондай-ақ, Алматы қаласы мен облысында заңсыз алған жер телімдері туралы…