Абай облысында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп, онда полиция заңсыз аң аулаған, заңсыз балық аулаған адамдарды тексерген. Абай облысының полициясы осы рейд аясында азаматтарды табиғатты қорғап, балық шаруашылығы ресурстарын сақтау және азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға тырысты. «Рейд кезінде Бородулиха ауданының Ақши ауылы маңындағы Смародный шығанағында 67 жастағы азаматтың екі қармақпен балық аулап жүргені анықталды. Тексеру кезінде оның 6 килограмнан астам балық аулағаны белгілі болды. Аталған азаматтың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жоқ. Алайда, ол балық аулау ережелерін және балық ресурстарын пайдалану қағидаларын бұзған», — деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті.
Автор: qaztimes
Ташкентте 33 жастағы ер адам өзін молда ретінде таныстырып, әйелдің үйіне «құран бағыштауға оқу» үшін барған. Алайда кейін ол әйел мен оның жиеніне жыныстық сипаттағы қылықтар көрсеткені анықталды. Тергеу барысында ер адамның шын мәнінде такси жүргізушісі екені белгілі болды. Ол дін қызметкері емес, бірақ әйелге сенім ұялату үшін өзін молда ретінде таныстырған. «Құран оқып бергені» үшін ол әйелден 3,6 млн сом сұраған. Янгихаёт аудандық соты ер адамды «Жыныстық қысым» (41-1-бап) бойынша айыпты деп танып, оған 5 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Алайда заңгерлердің пікірінше, оған қосымша 201-бап («Діни рәсімдерді өткізу тәртібін бұзу») да қолданылуы мүмкін еді. Бұл бап бойынша 15…
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі басталғанын айтып, дабыл қақты: енді қаржы министрлігінің қызметкері ретінде қоңырау шалатын алаяқтар декларация тапсыратын уақыт өтіп кеткенін айтып, азаматтарды қыспаққа алады, деп жазады Azattyq Rýhy. «Қоңырау шалған алаяқтар «декларация тапсыратын уақыт өтіп кетті» дейді. Сондықтан, шоттарыңыздың бұғатталатын айтып, қорқытады. Бірақ, бұл мәселені үш күнде шешуге болатынын айтып, ұялы телефонға келген смс-кодты сұрайды». Сол кодты айтсаңыз, сіздің банк шоттарыңызға қол жеткізген олар ақшаңызды шешім алады», — деп ескертеді ІІМ. Айта кетейік, мемлекеттік мекемелердің өкілдері ешқашан код талап етпейді және мәселені шешуде көмектесеміз деп айтпайды.
Журналист Әсел Қожақоваға сұхбат берген продюсер Баян Алагөзова өзі ашқан дағдарыс орталықтарында күнінде кемі елу әйел жататынын айтты. Жуырда продюсер Астана мен Шымкентте осындай орталық ашатынын мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy. Сұхбатында Баян Алагөзова көп жобаларды өзі үшін жасайтынын, ал, дағдарыс орталықтарын мұқтаж әйелдер үшін ашқанын айтты. «Дағдарыс орталықтарын қиындыққа тап болған әйелдер үшін аштым. Өйткені олар соған мұқтаж. Кезінде өзім сондай қиын жағдайға тап болғанда, өз күшіммен еңсере алған едім. Мұндай орталықтар өте қажет. Онда күніне кемінде 40 әйел жатады: біреуі келеді, біреуі кетеді. Кейбір әйелдер алты айға дейін тұрады. Алып-қосқанда орталықтарда шамамен 50 әйел болады. Әрине, егер бұл орталықтар…
Ақтөбе қаласында ертең, 25 қазан күні кешкі сағат 19:00-ге жоспарланған отшашу болмайды. «Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 25 қазан күні сағат 19:00-де «Қазақ халқына мың алғыс» алаңында өтеді жоспарланған гала-концерт пен отшашу өңірде орын алған жағдайға байланысты өтпейтіндігін хабарлаймыз», — деп жазды Ақтөбе әкімдігі. Естеріңізге сала кетейік, кеше, 23 қазан күні «Самара – Шымкент» автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «Газель» жолаушылар көлігі бір-біріне соғылып, 12 адам қаза тапқан болатын. Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлағандай, алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. «Жол апатынан екі жүргізуші мен «ГАЗель» көлігінде отырған 10 жолаушы оқиға орнында…
Астана қаласының ардагері, 70 жастағы зейнеткер Ұлмекен Смайылова скандинавиялық серуендеу арқылы денсаулығын жақсартып жүргенін айтты. «Адам өмірінің денсаулығын жақсарту немесе сол қалпында сақтау үшін спорттың маңызы орасан зор. Мен өзім жастайымнан спортты сүйіп өстім. Қазір де күн сайын қатысуға тырысамын», – дейді ол. Ұлмекен апа скандинавиялық жүріс тобына осы жылдың ақпан айында қосылған. Қазір ол он айдан бері тұрақты түрде қатысып жүр. «Өмір деген қозғалыс, күрес дейді ғой. Егер бір күн жаттығуға келмей қалсам, өзімді бірдеңеден айырылғандай сезінемін. Таңертең ерте серуенге шығып, дене жаттығуларын жасаймыз. Біздің инструкторымыз Туғанай Көшенұлының арқасында көп жаңа жаттығуларды үйрендік», – дейді зейнеткер. Оның айтуынша, қазіргі…
Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының Әйелдер қанаты «Қоғам келбеті – кемел әйел» тақырыбында кейс-платформа ұйымдастырды. Атырау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда қолға алынған игі іс-шара партияның «Әйел аманаты» бастамасы аясында өтті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Әйелдер қанатының кеңесшісі, облыстық мәслихат депутаты Айжан Қарабаеваның төрағалығымен өткен іс-шараның мақсаты – қыз-келіншектердің қоғамдағы рөлін арттыру, олардың кәсіби және тұлғалық дамуына қолдау көрсету, тәжірибе алмасу арқылы жастарға үлгі болу. Сонымен қатар партиядағы әйелдер көшбасшылығын дамыту және көшбасшы қыз-келіншектердің жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған тұрақты алаң құру көзделіп отыр. Кейс-платформа барысында түрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдер – теміржолшылар,…
Бүгін Ақордада Республика күніне орай салтанатты түрде сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн екенін айтты. Ақорда Тоқаевтың құттықтауын жариялап, Қазақстанның осы жылдардағы жетістіктеріне тоқталды«Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні құтты болсын! Ұлттық мейрам қарсаңында дәстүрге сай Ақорда төрінде мемлекетіміздің үздік азаматтарымен бірге жиналып отырмыз. Биыл еліміз азаттықтың мерейлі белесіне жетті. Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл осы күні сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз қайта жаңғырды. Көп ұзамай жұртымыз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Тарихи әділдік орнап, ұлттың рухы асқақтады. Сондықтан бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан…
Бүгін Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөз сөйлеген президент 2019 жылдан бері экономикамыз 16 пайыз өскенін мәлімдеді.Сондай-ақ, президент хабарлағандай, ауыл, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері тікелей сайланып, ауыл әкімдерінің барлығы, ал аудан әкімдерінің 25 пайызы жаңарған. Осылайша, билік жүйесі айтарлықтай өзгерді дейді ол. «Елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орныға түсті. Ашығын айтсақ, осы аймақтағы билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс ешқашан болмаған. Біз бір ел болып саяси реформаны табысты іске асырып жатырмыз, соның нәтижесі ретінде қоғамда түбегейлі жаңғыру үдерісі басталды. Реформаларымызды жүзеге асыруға барша адамзат үшін аса қиын, күрделі кезеңде кірістік», -…
Бүгін Ақордада Республика күніне орай салтанатты жиын өткізіп, сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта шағын және орта кәсіпті қолдаудың басқа шаралары қабылданатынын мәлім етті. «Соңғы кезде маған жаңа Салық кодексіне қатысты көптеген өтініш келіп түсті. Мен Премьер-министрге нақты тапсырмамды бердім. Үкімет арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін кәсіптердің тізімін бұрынғы қалпында қалдырды. Алдағы уақытта шағын және орта кәсіпті қолдау үшін басқа да шаралар қолданылады», — деді Тоқаев. Оның айтуынша, бизнес салық реформасынан зардап шекпеуге тиіс. Бірақ, экономикалық реформаларды да тоқтатуға болмайды. «Дегенмен экономикалық реформаларды мүлде тоқтатуға болмайды, қаншалықты қиын болса да, оң өзгерістерді міндетті түрде жүзеге асыруымыз керек. Әйтпесе, бәріміз…