Автор: qaztimes

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Насср» клубынан кетіп, Еуропаға оралуы мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Әл-Насср жақында ғана 40 жастағы португалиялық шабуылшымен 2027 жылға дейін жаңа келісімшартқа қол қойды, оның жылдық жалақысы 200 миллион еуродан асады. Elnacional.cat сайтының хабарлауынша, Криштиану лиссабондық «Спортингке» оралу үшін осындай үлкен сомадан бас тартуы мүмкін. Роналду өзінің карьерасын туған жерінде аяқтағысы келетіні біраздан бері айтылып жүр. «Спортинг» Криштианудың кәсіби карьерасындағы алғашқы клубы болды. Футболшыға жақын дереккөздер ол қайтадан жасыл-ақ жейдені киіп қана қоймай, сонымен қатар Netflix қатысатын ірі спорттық медиа жобаны басқарғысы келетінін айтады.    Егер Криштиану Роналду «Спортингке» ауысса, шабуылшы португал…

Read More

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі. Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді. «Бүгінгі жарыста бәрі ойдағыдай болды. Чемпион боламын деп едім. Нәтижесінде мақсатыма жеттім. Осымен тоқтап қалмаймыз. Жеңістер әлі алда. Ал бүгінгі жарыста ең қиын болған сәт — жартылай финал. Кішкене өзімді қолға ала алмай қалдым. Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет», — деді Айым Серікбаева. Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Бұған дейін алғашқы алтын медальді…

Read More

Әлеуметтік желіде Toyota Camry көлігі құрылыс алаңында тұрған жүк тиегішпен соқтығысып, полицей көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. «Тергеушілер полиция қызметкері апат кезінде еңбек демалысында болғанын анықтады. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес қызметкер сау болған. Алкоголь немесе есірткіге мас болу белгілері анықталмаған», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Toyota Camry жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк тиегішпен соқтығысқан. Кейбір мәлімет бойынша көлікте тағы бір полицей болған, ол аман қалып, ауыр халде ауруханаға жатқызылған. Дегенмен полицияның баспасөз қызметі бұл ақпаратқа түсініктеме берген жоқ. Заңгер…

Read More

Абай облысында Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты шара өтті. Семей қаласындағы Абай театрында өткен мерекелік жиынға облыс әкімі Берік Уәли қатысты, облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақ басшысы құттықтау сөз сөйлеп, өңір тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтады. «Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл еліміздің егемендік декларациясын қабылдағанына 35 жыл толып отыр. Президентіміз Тәуелсіздіктің бастауында тұрған осы қастерлі датаның маңызын арттырып, қайта жаңғыртты. Облысымыздың ширек ғасырдан кейін қайта құрылып, тарихи әділеттіліктің салтанат құруы тікелей Мемлекет басшысының қамқорлығы екені баршаға белгілі. Өңірдің жаңадан құрылғанын ескере отырып, аймағымыздың қарапайым еңбек адамдарына құрмет…

Read More

«Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қарағанды. Талдау мектебі» жобасына қатысу үшін конкурстық іріктеудің басталғанын хабарлайды. Бұл – өңірдегі жас мамандар арасында стратегиялық ойлауды және талдау құзыреттерін дамытуға бағытталған осындай ауқымдағы тұңғыш бастама. Жоба мемлекеттік басқару, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, медиа және азаматтық сектор сияқты негізгі салалардағы жастардың кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған. Алдағы оқудың басты тақырыбы – Қарағанды облысын тұрақты дамыту мақсатындағы талдау. Бес апталық курстың қорытындысы бойынша, қатысушылар Қарағанды облысы мемлекеттік органдарының іс жүзіндегі жұмысында қолданылатын талдамалық материалдарды әзірлеп, тапсырады. Мектептің дәріскерлері мен жаттықтырушылары – Қазақстанның танымал мемлекет қайраткерлері, жетекші сарапшылары мен талдаушылары. Оқу форматы мен мерзімі: …

Read More

Синоптиктер Қазақстан бойынша дабылды ескерту жариялады. Ауа райы құбылмалы болады: кейбір өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, «Қазгидрометке» сілтеме жасай отырып. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, күндіз солтүстік пен шығысында көктайғақ болады деп болжанып отыр. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан және солтүстік-батыс бағытта соғады, күндіз шығыста және оңтүстікте 15-20 м/с…

Read More

Әнші Әділет Жауғашар «КЕШREC» бағдарламасында бір әнді шығаруға 1,5 млн теңгеге дейін шығын кететінін айтты. «Айлық шығыным 6 миллионнан асады. Ән жазуың керек, ол ән хит болу керек. Хит ән шығарамын деп жүріп қанша әнге шығын боласың. Бір әннің өзіне 1-1,5 млн теңге аралығында шығын кетеді. Одан да көп жұмсайтын әншілер бар», — дейді өнер иесі. Еске сала кетейік, танымал әнші Төреғали Төреәлі өзінің 33 жасқа толған туған күнін дүркіретіп өткізді. Әншіге сыйланған қымбат сыйлықтардың бірі көк циферблаты бар Rolex Datejust 41 сағаты болды. Ашық деректерге сүйенсек, аталған үлгідегі сағаттардың бағасы шамамен 9 100-12 000 еуро аралығында (шамамен 5,6…

Read More

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей мен АҚШ басшыларының саммитін өз елінде өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Парсы шығанағы елдеріне жасаған сапарынан оралған соң журналистерге берген сұхбатында айтты. Ердоғанның айтуынша, Түркия мен оның астанасы Ыстамбұл бейбіт келісім орнату процесінде ерекше маңызға ие. «Ресей мен Украина арасындағы соғысты бейбіт жолмен шешуде Түркияның, әсіресе Ыстамбұлдың рөлі тағы да айқын көрінді. Біз келіссөздерді кез келген уақытта ұйымдастыруға дайынбыз. Өкінішке қарай, Будапешттегі кездесу өтпей қалды. Дегенмен, кез келген диалог соғыстың тоқтауына ықпал етеді деп сенеміз», – деді Ердоған. Ол сондай-ақ Түркияның екі тараппен де жақсы қарым-қатынаста екенін атап өтті. «Біз екі тараптың…

Read More

Он алты жылын «Алматы тазалық» кәсіпорнына арнаған тракторшы Базархан Орумбаев ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Ақорда төрінде ерен еңбегі үшін марапатталды. Қарапайым еңбек адамы президенттің қолынан марапат алғанда қандай сезімде болғанын айтты. Базархан Төлегенұлы «Алматы тазалық» кәсіпорнының Алмалы аудандық учаскесінің механизаторы болып жұмыс істейді. «Мен «Алматы тазалық» мекемесінде тракторшы болып істеймін. Бұл салада жүргеніме он алты жыл, ал жалпы еңбек өтілім 53 жыл. Құдай қаласа, келесі жылы 70 жасқа толамын. Бүгін астанаға келіп, президенттің қолынан «Ерен еңбегі үшін» марапатын алу бақыты бұйырыпты. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе, өмірімдегі ең қуанышты сәттердің бірі. Шынымды айтсам, аздап толқыдым, қайткенмен де…

Read More

Республика күні қарсаңында Алматы қаласында бір мезетте төрт заманауи мектептің салтанатты ашылуы болды. Бұл білім ордалары «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы мен «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерді, деп хабарлайды «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа оқу орындары қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан: №219 мектеп Наурызбай ауданындағы Құрамыс шағынауданында, №220 мектеп Медеу ауданында, Құлжа трактісінде, №221 мектеп те Наурызбай ауданында,  №222 мектеп Алатау ауданында өз жұмысын бастады. Бұл нысандар Алматы қаласында білім инфрақұрылымын жаңғырту және үш ауысымды оқытуды жою бағытындағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі болып табылады. Аталған жобалардың жүзеге асуы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталды дамыту мен…

Read More