Алматы облысындағы Алатау қаласында бесінші буын (5G) желісінің алғашқы базалық станциясы іске қосылды, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап. Ведомство өкілдері Алатау қаласы әкімдігі және байланыс операторларымен бірге «Заречный» және «Жетіген» шағын аудандарына, сондай-ақ «Алматы–Қонаев» автожолына барды. «Сапар аясында «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясының бесінші буын (5G) желісінің алғашқы базалық станциясы іске қосылды. Жаңа станция желінің өткізу қабілетін арттырып, пайдаланушыларға жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді», — деп жазылған хабарламада. Алатау қаласы әкімдігінде телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланған кеңес өтті. Кездесуде жыл соңына дейін Алатау қаласындағы барлық мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылатыны айтылды. Жиын қорытындысы бойынша 2025–2027 жылдарға…
Автор: qaztimes
Әлеуметтік желіде сабақ кезінде нұсқаушы қыздың қолынан тартып, жаттығуды күштеп жасатқаны түсірілген видео тарады. Осыдан кейін бала ауырып қалған қолын бауырына қысып, жылаған. Видеоның астында зардап шеккен қыздың анасы сабақтан кейін баланы бірден ауруханаға апарғанын және оған гипс салынғанын жазған. Ата-ана полицияға арыз түсірді. «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндетін орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Алдын ала дерек бойынша Екібастұз қаласындағы түзету орталықтарының бірінде нұсқаушы кәмелетке толмаған балаға қатысты өз міндетін дұрыс орындамаған», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары бейнежазбаны алып, оны әрі қарай зерттеп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. «Қазіргі уақытта…
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Әлихан Әскербай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында әлем рекордын жаңартып, алтын медальға ие болды, ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Жұлқа көтеруде Әскербай үздік мүмкіндігінде 144 келіні еңсерді. «Бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасында жаңа әлем рекорды болып тіркелді. Әлихан өз рекордын өзі жаңартты. Сонымен қатар ол Азия және жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында рекорд жасады», — деп жазылған хабарламада. Күміс жүлдені қытайлық Чен Синсин (143 келі) иеленсе, өзбекстандық Хаетбек Ерматов (131 келі) үшінші орынға табан тіреді. Айта кетері, кейінірек серпе көтеруден сайыс басталады. Еске сала кетейік,…
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова түнгі клубта өзінің образын жасаған өнерпазға таңданыс білдірді. Мақпал Жүнісова видеоны өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. «Кеше түнде Республика күні құтты болсын деп Алматының бір түнгі клубында мен болып құттықтапты. О, тоба, бастағы шашты айтсаңызшы», — деп жазды әнші. Еске сала кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова Роза Рымбаева сияқты болғысы келетінін айтқан болатын. «Қызым Мерейге жақсы жігіт кездессе, ертерек тұрмысқа шығып кетсейші деп жиі айтамын. Роза Рымбаева сияқты немере (қыздан туған бала жиен – агенттік ескертпесі) сүйгім келіп жүр. Баланы құшақтап алып, басқаша өмірге енгім келеді. Сол күнді асыға күтіп жүрмін. Соны қызыма айтсам, «мама, мен…
Өзбекстанның Наманган облысында автогаз құю станциясында жарылыс болып, бір адам көз жұмды. Бұл туралы ақпаратты Kun.uz сайты елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап таратты. Ведомствоның мәліметінше, автомобильге арналған газ толтыру компрессорлық станциясында 10 тонналық резервуарды жылжыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылған. «25 қазанда сағат 18:47-де 112 жедел жәрдем қызметіне Шуст ауданының Бірлік махалласында орналасқан жабық жанармай құю станциясында жарылыс болғаны туралы қоңырау түсті», — дейді құтқарушылар. Оқиға орнына үш өрт сөндіру-құтқару бөлімшесі жіберілді. Өрт шыққан жоқ. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшы көз жұмған. Оқиғаның себебі мен келтірілген залалдың көлемі анықталып жатыр. Еске сала кетейік, 2025 жылдың 30 маусымы күні…
Шығыс Қазақстан облысында дзюдодан өткен жарыс жаппай төбелеспен аяқталды. Оқиға 26 қазанда Өскемен қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде болған, 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, қақтығыс кезінде жаттықтырушылар, жас спортшылар және олардың ата-аналары төбелеске араласқан. Дәл осы сәтте залда өтіп жатқан жарыс бір сәтте тәртіпсіздікке ұласқан. Салдарынан бір бапкер ауыр жарақат алып, оның жақ сүйегі сынғаны хабарланды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын растады. «Жаппай төбелеске қатысы бар азаматтардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген ресми хабарламада. Өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармасы да оқиғаға қатысты пікір…
«Жігіттер» тобының мүшесі Ердос Қанаевтың әкесі дүниеден озды. Қаралы хабарды әнші Бағлан Әбдірайымов жеткізді. «Ердос досым, қайғыңа ортақпын! Қандай жақсы адам еді. Әмзехан көке, Алла жұмақ нәсіп етсін», — деп жазды Бағлан Әбдірайымов. Желі қолданушылары әншінің қайғысына ортақтасып көңіл айтып жатыр. Еске сала кетейік, тамызда Заттыбек Көпбосынұлының әкесі өмірден өткен болатын. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Токиода өткен WTA 500 турнирінің финалында екінші орын алды. Ол сербиялық әріптесі Александра Круничпен жұптық разрядта өнер көрсетті, Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап. Финалдық матч нәтижесі Шешуші кездесуде Данилина – Крунич дуэті Венгрия мен Бразилия құрамасының жұбы Тимея Бабош / Луиза Стефани теннисшілеріне қарсы ойнап, 1:6, 4:6 есебімен жеңіліс тапты. Маусымның табысты көрсеткіші Бұл финал Анна мен Александра үшін биылғы маусымдағы үшінші финал болды. Бұған дейін олар: Кливлендте – чемпион атанды, Ролан Гаррос пен Уханда финалға дейін жетті. Қазақстандық спортшылар жыл соңында өтетін маңызды турнирлерге қатысып, рейтингтегі позицияларын күшейтуге ниетті.
Қазақстан аумағында 28 қазанда ауа райы құбылмалы болып, бірқатар өңірде жаңбыр мен найзағай болады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді. Жаңбыр қай өңірлерде жауады? Синоптиктердің болжамынша, батыста, шығыста, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда жауын-шашын түседі. Ал солтүстік, солтүстік-батыс және орталық облыстарда ауа райы құрғақ болады. Тұман мен жел күшейеді Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің көп бөлігінде тұман түседі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста найзағай, батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде желдің екпіні күшейеді. Өрт қаупі жоғары өңірлер Бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Атап айтқанда, Ұлытау, Атырау, Актөбе, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарының көп бөлігінде өрттің шығу қаупі жоғары деп ескертілді. Ал Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Қостанай және Улытау облыстарының кей аумақтарында өрт қаупі өте жоғары деңгейге жеткен. Мамандар азаматтарға ашық отты…
Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кеткен Chevrolet көлігі кейін тағы үш автокөлікпен соқтығысты, облыстық ПД мәліметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы қалай болды? Оқиға Әбілқайыр хан даңғылында болған. Полиция мәліметінше, көлік жүргізушісі жылдамдықты бәсеңдетпей, жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімге соқтығысқан. Соның салдарынан автокөлік инерциямен қозғалысын жалғастырып, тағы үш машинаға соғылды. Зардап шеккендер бар Жол апатынан: жасөспірім жаяу жүргінші, Chevrolet жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмектен кейін олардың жағдайы анықталуда. Тергеу жүріп жатыр Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция өкілдері тиісті сараптамалар тағайындалғанын айтты.