Автор: qaztimes

Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің 80 жылдық мерейтойына арналған еске алу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды QazTimes Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Саясаткердің рухына тағзым етіп, оның жетістіктерін, идеялары мен істерін еске алуға көп қауым жиналды. Олардың арасында белгілі саясаткерлер мен танымал тұлғалар: түрлі партия мен қозғалыстың өкілдері, депутаттық корпустың мүшелері, жазушылар, музыка қайраткерлері және басқалары бар. Бәрі Заманбек Нұрқаділов туралы жылы естеліктерді еске түсіріп, Қазақстанға осындай мықты саясаткерлер керек екенін айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қысым-Жомарт Тоқаев пен Сенат басшысы Мәулен Әшімбаевтың хаттары да оқылды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Заманбек Нұрқаділовті еске алу мақсатында туған жерінде ескерткіш орнатылып, оның…

Read More

Қазақстанның сыртқы қарызы бір жылда $1,3 млрд-қа артып, $162 млрд-қа жетті, деп хабарлайды QazTimes ақпарат агенттігі LS-ке сілтеме жасап. Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, мемлекеттің сыртқы қарызы $161,9 млрд құрады, ал 2022 жылдың осы кезеңінде – $160,6 млрд, бұл 0,8%-ға аз. Ірі кредитор – Нидерланды, олардан Қазақстан $42,5 млрд қарыз алды (2022 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда+2,1%). Одан кейін Ұлыбритания – $14 млрд (-7,8%), халықаралық ұйымдар – $13 млрд (-0,3%), Ресей – $12,5 млрд (-18,3%). Сондай-ақ, АҚШ-қа қарыздың жоғары көлемі – $11,3 млрд (-9,6%), Франция – $11,2 млрд (+0,4%), Бермуд аралдары – $9,4 млрд (-0,03%), Қытай – $9,2…

Read More

Қазақстандық «Барыс» командасы аздаған үзілістен кейін Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы төрт ойынын елордада өткізеді, деп хабарлайды Kazinform. Елордалық клуб алдымен өз айдынында 15 қаңтар күні Ресейдің «Лада» (Тольятти) клубын қабылдайды. Одан кейін 16 қаңтарда «Салават Юлаев» (Уфа), 19 қаңтарда ЦСКА (Мәскеу), 22 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) клубтарымен шеберлік байқасады. Турнир кестесінде «Барыс» қазір 49 ойыннан кейін 40 ұпаймен 19-орында тұр. Айта кетсек, бұдан бұрын Құрлықтық кубок ойындарында «Номад» екі мәрте жеңіске жетті. Алдымен «Хернинг Блю Фокс» (Дания) клубынан 5:2 есебімен басым түссе, одан кейін Уэльстің «Кардифф Девилз» клубын 7:2 есебімен сүріндірді.

Read More

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін Ыстамбұлдың «Бешікташ» клубы Түркия Суперлигасының ХХ турындағы ойынын Фатих Карагюмрюкке қарсы өткізді. QazTimes бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  Кездесудегі есеп 62-минутта «Бешікташтың» 18 жастағы шабуылшысы Семих Кылычсой гол соққан кезде ашылды. Арада үш минут өткенде Милот Рашица есепті еселеді. 93 минутта Жедсон Фернандеш ойынның нүктесін қойды. Нәтижесінде қазақстандық футболшының командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, командасы сапында толық ойын өткізді. Отандасымыз 40-минутта ойын тәртібін бұзғаны үшін сары қағаз алды. Айта кетейік, бұл жеңісінен кейін «Бешікташ» 35 ұпаймен 4-орында қалды. «Фатих Карагюмрюк» 20 ұпаймен 16-орында тұр.

Read More

Нысана көздеуден Индонезия астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 4 медаль түсті, деп хабарлайды QazTimes ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Арина Алтухова чемпион атанса (626,8 ұпай). Александра Ле қола жүлдегер атанды (618,4 ұпай). Тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова төртінші сатыдан көрінді (617,2). Нәтижесінде командалық сында да Қазақстан алтын жүлдені қанжығасына байлады. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі Ал тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита Чирюкин 568 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп, Джакартадағы медаль санын екеуге жеткізді. Бұл екі бағдарламада Олимпиада лицензиясы сарапқа салынған…

Read More

Текелі қаласынан 20 шақырым жерде таулы аймақта күші 3 баллға дейін жеткен жерасты дүмпуі тіркелді, деп QazTimes Kazinform-ға сілтеме жасап. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:08-де жер сілкінісін тіркеген. «Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде Жетісу өңірінде, Текелі қаласынан 20 шақырым жердегі таулы аймақта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 15 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласында 3 балл», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Read More

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандық нөмірлер базасының сатылып жатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы QazTimes.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. БАҚ-та қазақстандықтардың телефон нөмірлерінің деректер базасы желіде сатылып жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Нөмірлердің санына қарай екі мың теңгеден және одан жоғары бағаға сатып алуға болады. Базаны қала немесе аймақ бойынша ғана емес, сонымен қатар қалаған аудитория – белгілі бір жастағы ерлер немесе әйелдерді таңдауға болатыны айтылған. «Цифрлық даму министрлігіне азаматтардан олардың абоненттік телефон нөмірлерін интернетте заңсыз таратуға қатысты ешқандай шағым түскен жоқ», – деді министрліктің ақпараттық қауіпсіздік комитеті. Комитет жеке деректерді заңсыз жинау және өңдеу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істері тек…

Read More

Биыл бірыңғай жиынтық төлемнің тоқтатылуына байланысты пәтер бағасы өсуі мүмкін. Кейбір жылжымайтын мүлік мамандары осылай деп отыр. Бұл туралы QazTimes ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Өйткені баспананы жалға берушілер кезінде бір айға тек 3450 теңге салық төлесе, енді жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, табысының бір пайызын мемлекетке береді. Сонымен қатар әлеуметтік төлемдер де бар. Тиісінше, кәсіпкерлер жалдау ақысын өсіруі мүмкін. Бірақ риелторлардың пікірі мүлде бөлек. Пәтерді жалға беріп табыс табу елімізде кең таралған кәсіптің бір түрі. Мәселен, Алматыда 250 мыңға жуық адам шағын және орта бизнеспен айналысады. Ал соның 20 мыңы пәтерді жалға беріп күн көруде. Алайда олар биылдан бастап табысына сай салық төлейтін болады. Ал…

Read More

Талдықорғанда үш айға жуық уақыт бұрын жоғалған Карина Дарохинаның өліміне қатысты тың деректер шықты, деп хабарлайды Qaztimes порталы Ulysmedia.kz сілтеме жасап. Айуандықпен өлтірген Қыздың денесіне жасалған сараптама нәтижесі бойынша, Каринаны арқанмен буындырып өлтіргені белгілі болды. Оған дейін қыздың шашын тақырлап алып тастаған. Ең сорақысы, сараптама оқушының жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын да анықтаған. «Оқушы қыздың мәйітіне жасалған сараптаманың алғашқы нәтижесі бойынша оны буындырып өлтірген деген қорытынды жасалды. Сондай-ақ, жасөспірімнің бұған дейін сексуалдық қарым-қатынаста болғаны және шашын тақырлап алып тастағаны анықталды», — деп хабарлады жергілікті полицияда жұмыс істейтін қызметкердің бірі. Тексеріс қайтадан жүргізіледі Қазір полиция қылмысқа күдікті ретінде ұсталған өгей әкені зорлауға қатысты…

Read More

Соңғы 24 сағат ішінде ТЖМ желісіне 174 шақыру келіп түскен. Оның 92-сі  — өрт оқиғалары. Іздеу, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға 82 шақыру келіп түскен. Нәтижесінде 19 адам құтқарылып, эвакуацияланды. «ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды қадағалауға, сондай-ақ алыс сапарларға шықпауға шақырады», — делінген министрліктің хабарламасында. Төтеншеліктердің жұмысы әрқашан жанталасқа толы. Естеріңізге салсақ, құтқарушылар жаңа жыл қарсаңында талай адамның өмірін сақтап қалған болатын.

Read More