Автор: qaztimes

Oi-Qaragai отбасылық курорты 2024 жылдың 13 қаңтарында биылғы екінші балалар жарысын өткізді. «Слалом»тәртібіне 2008-2016 ж.т. балалар қатысады, қатысушылардың барлығы 80-ге жуық адам болды. Барлығы-спорттық шаңғы клубтарының тәрбиеленушілері. Қатысушылардың негізгі бөлігін Ski Team Oi-Qaragai және Shymbulak Ski and Sports Club өкілдері құрайды. Көптеген балалардың қазірдің өзінде спорттық жетістіктерге ие. Ski-team Oi-Qaragai спорт клубы 4 жылдан бері жұмыс істейді және 50 адамнан тұрады. Оның ішінде 5 спорт шебері, көбінің спорттық дәрежелері бар. Мұндай жарыстар – Oi-Qaragai курортының ұлтты сауықтыру, тау шаңғысы спорты мен салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы қозғалысқа деген адалдығының жарқын көрсеткіші. Спорт клубы кәсіби жиындар мен жаттығулар өткізеді. Балалар кәсіби…

Read More

Алматы полициясы есірткі курьерлері бетбелгі қою үшін кофе стақандарын пайдаланатынын айтты, – деп хабарлайды QazTimes Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Алматы полициясы арнайы іс-шара барысында синтетикалық есірткіні көтерме сатушылар мен бөлшек саудада таратушыларды ұстады. Белгілі болғандай, олар  топпен жұмыс істеген. « Бірнеше күн бұрын 27 және 29 жастағы Алматы азаматтары ұсталды, олардан мефедрон синтетикалық психотроптық заты бар 36 бума тәркіленді. Арнайы іс-шаралар барысында жастар есірткіні тұрақты жеткізушілерден сатып алғаны анықталды. Бұл адамдар, белгілі болғандай, тек сенімді сатушылармен “жұмыс істеуді” жөн көрді. Қаскөйлердің жалға алған үйінен, атап айтқанда, тоңазытқыштан жалпы салмағы 2 келіге жуық ұнтақты зат салынған 745 бума табылды және тәркіленді. Ұсталғандар…

Read More

Биыл қыркүйектен бастап қыз-келіншектерге жатыр мойыны обырына қарсы вакцина салу басталады,деп хабарлайды QazTimes. Екпе ата-ананың рұқсатымен алдымен, 11 жастағы жасөспірім қыздарға тегін егілмек. Ал 25 жастан келіншектер тек дәрігердің тексеріуінен кейін ғана вакцина салдыра алады. Бүгін осы мәселені талқылаған онкологтар мен санитарлық — эпидемиологиялық сала мамандары, дендеп бара жатқан қауіпті дертті тоқтатуға вакцина көмектеседі деп отыр. Айта кетейік, жатыр мойны обыры сүт безінің қатерлі ісігінен кейін екінші орында тұр. Жыл сайын 1 мың 800-ден астам әйелде диагнозы анықталып, 600-ге жуық нәзік жанды осы аты жаман аурудан көз жұмады. Жатыр мойны обырымен көбіне  40-44 жас аралығындағы әйелдер ауырады екен. Ал әлемде…

Read More

Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай ас беріліп, Құран бағышталды. Аста сөз сөйлеген Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы көңіл хатын оқып берді, деп хабарлайды QazTimes. Хатта Президент ел үшін аянбай еңбек еткен азаматқа туған өлкесінде ескерткіш орнату туралы айтқан. «Құрметті қауым! Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтың туғанына 80 жыл толды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы – осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекеттігімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз.…

Read More

1 қаңтардан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың жаңа кезеңі басталды. Осы және қаржы секторының өзге де өзекті мәселелері туралы Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев тарқатып айтты, деп жазады QazTimes. Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі мақсаты — көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлықты біртіндеп жою және кімде қандай мүлік, актив, қаражат барын анықтап, әділетті әлеуметтік саясатты жүргізу, деп нақтылады министр. Декларация жайында сөз болғанда, бірінші кезекте қызмет көрсету секторы мен кәсіпкерлердің мобильді аударымдардан бас тартып жатқаны ойға оралады. Қаржы министрі не себепті осы норма қабылданғаны жайлы айтып берді. «Мобильді аударымдар кезінде ешқандай QR-кодтар не кассалық аппараттар қолданылмағандықтан, бұл операциялар заң аясынан тыс…

Read More

14 қаңтар күні ШҚО-да ыстан уланған екі адам қаза тапты, деп хабарлайды QazTimes. Шығыс Қазақстан облысында жылыту кезеңі басталғалы бері ақауы бар пеш салдарынан 17 азамат зардап шеккен, оның 10-ы – балалар. Облыстық ТЖД мамандары 150 000-ға жуық үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп,  жылыту пешін дұрыс пайдалану бойынша нұсқаулықтар таратты. Зардап шеккен азаматтар дәрігерлердің көмегіне мұқтаж медициналық мекемелерге жатқызылды. Оқиғалардың негізгі себептері – уақытылы тазаланбаған түтін мұржалары, пештердің тиісті күйде болмауы (жарықтар, күйіктер). «Соңғы оқиға 14 қаңтарда Өскемен қаласында болды. Үй иелері, Щербаков көшесінде 1981 жылы туған ер адам және 1976 жылы туған әйел көміртегі тотығымен уланып ауруханаға…

Read More

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 451– 455 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды QazTimes Ұлттық банктің 15 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 451,33 теңгеге тең. Ал ресей рублінің орташа бағамы 5,12 теңге. kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451– 455 теңге. Алматыда доллар 451,7 – 454,3 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Read More

Қазақ боксшыларын алда маңызды Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын додалар күтіп тұр, деп хабарлайды QazTimes басылымы Kazinform-ға сілтеме жасап. Осы орайда, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановпен алдағы жарыстарға жоспарлары мен оқу-жаттығу жиындарын қалай өткізіп жатқаны жайында шағын сұхбат алған едік. – Мырзағали Құланұлы, қазақ боксшылары жаңа жылдан кейін жаңа маусымға қалай, қайда дайындалып жатыр? – 5 қаңтардан бері қарай толық құрамда Алматы облысындағы «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Жалпы оқу-жаттығу жиынымыз екі кезеңнен тұрады. Біріншісі кезеңі – дене дайындығымен жұмыс істеу, екіншісі арнайы физикалық дайындық болып саналады. Жоспарланған екі оқу-жаттығу жиынын да осында өткіземіз. Екінші кезеңде…

Read More

Футболдан Африка ұлттар кубогының екінші ойын күні аяқталды, деп хабарлайды Kazinform. А тобында сынға түсіп жатқан Нигерия құрамасы алғашқы турда Экваториалды Гвинеямен ұпай бөлісті. Есеп 1:1. Ойын барысында нигериялық футболшылар тізгінді өз қолында ұстады. Соған қарамастан Экваториалды Гвинея ойыншысы Ибан 36-минутта есеп ашып кетті. Оған нигериялық Виктор Осимхен 38-минутта бір голмен жауап қайырды. Айта кетсек, аталған топта 13 қаңтарда Кот-д’Ивуар құрамасы Гвинея-Бисау 2:0 есебімен жеңген. Бұл топта екінші турда 18 қаңтарда Кот-д’Ивуар мен Нигерия, Экваториалды Гвинея мен Гвинея-Бисау ойнайды. Ал В тобында Мохамед Салах секілді әлем футболының жұлдызы ойнайтын Египет құрамасы Мозамбикпен жасыл алаңға шықты. Кездесуде египеттік Мұстафа Мохамед небәрі…

Read More

Катарда өтіп футболдан Азия кубогында 14 қаңтарда, үшінші ойын күнінде Иран құрамасы Палестинаны ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Kazinform. Иран мен Палестина құрамалары С тобында сынға түсіп жатыр. Бірінші кезеңді ирандық футболшылар белсенді бастады. Олардың қатарынан Карим Ансарифард 2, Шоджа Халилзаде 12, Мехди Гайеди 38, Сердар Азмун 55-минутта гол соқса, палестиналық Тамер Сейам 45-минутта мергендік танытты. Осылайша ирандық футболшылар қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл топта Біріккен Араб Әмірлігі құрамасы Гонконгты 3:1 есебімен жеңіп кетті. Енді аталған топта екінші турда 18 қаңтарда Палестина мен Біріккен Араб Әмірлігі, 19 қаңтарда Гонконг пен Иран шеберлік байқасады. Ал D…

Read More