Автор: qaztimes

Еліміздегі Android жүйесін пайдаланушыларының көбі «2GIS қосымшасы құрылғыға қауіп төндіруде» деген хабарлама алған, деп жазады QazTimes.kz «Айқын» газетіне сілтеме жасап. 2GIS компаниясының жауабы «Қосымша SMS, фото, аудиожазбалар және қоңыраулар журналы сияқты дербес деректерге қол жеткізбек болған» деген хабар желі қолданушыларын алаңдатып отыр. Қазір 2GIS қосымшасын ашуға тырыссаңыз, смартфон бетінде ескерту және оны жою туралы хабарлама қайта шығады. 2GIS компаниясы жағдайдың немен байланысты екенін түсіндірді. «Мұндай ескертуді Android-тың Play қорғаныс, яғни зиянды бағдарламаны анықтауға арналған жүйелік қызметі жасайды. Бұл дегеніміз – смартфонның операциялық жүйесі қосымшаның қандай да бір қауіп-қатері бар деп шешім шығаруы. Көбінесе ол қосымшаның смартфондағы деректерді қолданатынына байланысты. Бұл әрдайым осындай…

Read More

Қорғаныс министрлігі Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында ҚР Тұңғыш Президентінің ескерткішін бөлшектеуге (демонтажға) қатысты Aikyn.kz редакциясына арнайы жауап берді. Ведомствоның хабарлауынша, ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» атауы «ҚР Ұлттық қорғаныс университеті» болып өзгертілді. «Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан ҚР Тұңғыш Президентінің ескерткішін ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ескерткіш қорғаныс ведомствосы ғимараттарының бірінде уақытша сақталуда тұр. Тиісті дайындық шараларын өткізгеннен кейін ескерткіш мұражай ғимаратына көшіріледі», – делінген ақпаратта.

Read More

Шахтаның қазіргі жағдаймен танысу үшін Qarmet тобы апат болған аймаққа жақын 600 метрден астам тереңдікке дейін түсіп, сол маңайдың жай-күйін көзбен көрді, деп хабарлайды QazTimes. Qarmet компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, трагедияның қайталану ықтималдығы әбден жойылғанға дейін шахтада өндірісті қайта бастауға тыйым салынды. Шахта директоры Андрей Бойко нысанда жүргізілген тексерулердің қорытындыларын, болған жағдайдың себептері мен салдарын жою бойынша жоспарланған жұмыстарды, көмір өндіруді қайта жандандырудың келешегі туралы баяндады. «Андрей Лаврентьев пен Вадим Басиннің атынан Qarmet басшылығы жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Алайда трагедияның қайталану ықтималдығы әбден жойылғанға дейін шахтада өндірісті қайта бастауға тыйым салынды. Көмір департаментінің инженерлері үшін тиісті жұмысты орындауға барлық…

Read More

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады, деп хабарлайды QazTimes Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды. Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау). ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Read More

Атырауда церебральды сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған педофилге сот үкім шығарды, деп хабарлайды QazTimes. AtyrauPress басылымының мәліметінше, оқиға осыдан екі жыл бұрын Авангард шағынауданында болды. Көлікті ұрлап, 13 жастағы қызды зорламақ болған ер адамды полиция ұстаған еді. Қыз анасының айтуынша, баласын көлікте қалдырып, өзі дүкенге бірнеше минутқа кіріп кеткен. Ол шыққан кезде қызы отырған көлік орнында болмаған. Атырау қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел қиымылының арқасында 34 жастағы жігіт қылмыс үстінде ұсталған. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл оқиғаға өткен жылдың маусым айында үкім шығарған. Алайда іс жабық сот отырысында қаралғандықтан, ол кезде мән-жайы жария…

Read More

Астана қалалық соты бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевты 9 қаңтардан 9 наурызға дейін күзетпен ұстау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды QazTimes. «2024 жылғы 9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды», — деп жауап берді соттан Kazinform агенттігі жолдаған сауалға. Сондай-ақ, елорда соты өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын ескертті. Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев өз әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Ал 12 қараша күні Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты экс-министрдің 2 айға қамауға алынғанын мәлім…

Read More

Алматыда метро салу үшін бөлінген қаражаттан 5 млрд теңгеден астам ақша ұрланған. Қолды болған қаражат жайлы Бас көлік прокуратурасы алқасының кеңейтілген отырысында мәлім болды, деп хабарлайды QazTimes. Мемлекетке 53 млрд теңгеден астам сомаға активтер қайтарылды. 1 367 қадағалау актісі қаралды, олар бойынша 5 932 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды және 1 358 адам жауапкершілікке тартылды. «Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты 5 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын ұрлау және Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактураларды жазып беру фактілері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды», — деп атап өтті Бас көлік прокуратурасы алқасының…

Read More

Атырау облысында жоғалып кеткен бір топ адам аман-есен табылды, деп хабарлайды QazTimes. Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, жоғалған адамдардың туыстары ТЖД аумақтық бөлімшелерінің көмегіне 10 қаңтарда сағат 00:00-де жүгінген соң құтқарушылар дереу іздеу-құтқару жұмыстарына кіріскен. «2024 жылғы 11 қаңтарда сағат 03:20-да Атырау облысы ТЖД күштерінің көмегімен 1984, 1986, 1996 жылдары туған жоғалған адамдар Қызылқоға ауданының «Ораз мола» орнынан (Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінен 120 км қашықтықта) емен-есен табылды», — делінген ТЖД хабарламасында. Жоғалған адамдарды құтқару жұмыстары жаяу, автокөлікпен және ТЖМ авиациясымен аэровизуалды іздеу тәсілдерімен жүргізілді. Іздестіру жұмыстары облыс аумағындағы қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты күрделене түскен, яғни жаяу…

Read More

Елімізде қаңтардың басынан бері теміржол төсемін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр. 8-12 қаңтар аралығында көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Көліктегі қауіпсіздік» атты кең ауқымды акция өтіп жатыр. Айтулы акцияның мақсаты – көлік объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс пен жазатайым оқиғалардың алдын алу. Қаңтардың бірінші онкүндігінде жылжымалы құрамның астына 4 азамат түсті, оның ішінде 2 дерек өліммен аяқталды. Теміржол төсемін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 1 мың 24 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, 9 қаңтарда Ақмола облысының Қара-Адыр станциясында жүк пойызының машинисі теміржолда бөгде адамның…

Read More

Ішкі істер министрлігі жаяу жүргіншілердің көшеден өтуін шектейтін жол қозғалысы ережелеріне енгізілуі мүмкін өзгерістерге қатысты түсініктеме берді, — деп хабарлайды QazTimes.kz тілшісі . 2023 жылдың қараша айының соңында «Ашық НҚА» сайтында жол қозғалысы ережелеріне өзгертулер енгізу жобасы пайда болды. Соның бірі жаяу жүргіншілердің рұқсат беретін сигнал бойынша жолды кесіп өту ережелеріне қатысты болды. Мамандардың айтуынша , егер ереже осы формада қабылданса, жаяу жүргіншілердің қиылыстарда жолды кесіп өтуі әлдеқайда қиындайды, өйткені олар бұрылу маневрін аяқтай алмай қалған көлікке жол беруге мәжбүр болады. Мамандар бұл тек кептелістер санын ғана емес, жазатайым оқиғаларды да арттыруы мүмкін екенін атап өтті.

Read More