Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды Kazinform. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 31-ден 27-сатыға көтерілді. Қазақстандық теннисші өзінің өткен жылғы үздік көрсеткішіне (25) жақындады. Денис Евсеев 184-орнында қалса, Бейбіт Жұқаев 188-ден 193-ке сырғыды. Тимофей Скатов 228-ден 227-ге, Аргентинадағы Буэнос-Айрес турнирінің финалына дейін жеткен Дмитрий Попко 417-ден 358-ге жетті. Михаил Кукушкин 262-орында. Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов 46-дан 44-ке жоғарыласа, Андрей Голубевтің жағдайы бұрынғыша (64). Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингісінде Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина үздік үштікте, Юлия Путинцева 64-сатыда. Жұптық сында Анна Данилина 44-орында қалса, Жібек Құламбаева 144-тен 141-ге көтерілді. Аустралия ашық чемпионатында бүгін…
Автор: qaztimes
Қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды QazTimes ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. Іріктеу сайысының 1-ракеткасы болып тіркелген Д.Евсеев бастапқы кездесуін испаниялық Кенай Ортис Гонсалеспен өткізді. Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде тіпті бет қаратқан жоқ – 6:0. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Евсеев 2 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйспен ғана шектелді. Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 309-ракеткасы, түркиялық Алтуг Челикбилек немесе рейтингіде 368-сатыдағы литвалық Вилиус Гаубастың қай жеңгенімен кездеседі. Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 262-сатыдағы Михаил Кукушкин бірден негізгі жарыста бақ…
Мемлекет басшысының өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Qaztimes Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан ауқымды демократиялық реформалар жүргізіп, өзінің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес адам құқықтарын қорғайды, деп хабарлайды QazTimes Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Демократияны дамыту, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту мақсатында қажетті заңнамалық жағдай жасалды. Атап айтқанда: — «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын енгізу шеңберінде Қазақстан азаматтары саяси шешімдер қабылдау процесіне кеңінен қатысатын болды; — Саяси басқарудың теңгерімді жүйесі құрылып, есеп беретін Үкімет және ашықтық қағидаттары енгізілді. Мақсат – елімізді саяси тұрғыда трансформациялау және «Әділетті Қазақстанды» құру үшін басталған процестерді соңына дейін жеткізу. Негізгі реформалар Демократияға атсалысу: Мемлекет басшысының реформасына сәйкес заңнамаға ҚР Президенті бір рет жетіжылдық мерзімге сайлану ережесі…
Вашингтонда Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің Конгресс кітапханасының қорына Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті туралы кітаптарды салтанатты түрде табыс ету шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі. Кітаптар Американың ең көне зерттеу кітапханасының қорына берілді. Олар америкалық оқырмандардың Қазақстан туралы білімін кеңейтіп, болашақ ұрпақ үшін мәдени ынтымақтастықтың көпірі болуы тиіс. Фото: Рүстем Қожыбаев/ Kazinform Бірінші кітап – «Абай арманы» ұлттық мәдениет пен әдебиетте маңызды орны бар қазақтың ұлы ақыны, ойшыл және философы туралы баяндайды. «Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармалары» – кітапта көрнекті қазақ этнографының Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесі көрсетілген, оны шетелдік авторлар Н.Филдинг пен доктор А.Тейт жазған. «Қазіргі қазақ әдебиеті» қазақ мәдениеті мен…
Америкалық және француздық молекула биологтары терінің қартаю жылдамдығы мен әжім түсуіне тері қабатының микрофлора құрамы мен онда Staphylococcus, Kocuria, Peptostreptococcus және Lysobacter сынды бактериялардың бар екені әсер ететінін анықтады. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды. — Терінің қартаюы белгілері, оның ішінде әжім мен көз қиығындағы әжімдерге байланысты биомаркерлерді анықтауда үлкен жаңалық аштық. Ол денсаулық пен теріні жақсартуға бағытталған тәсілдерді жасауды жеделдетеді, — деп мәлім етті L’Oreal компаниясы Зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Чжэн Цянь. Оның сөзін Сан-Диегодағы Калифорния университетінің (UCSD) баспасөз қызметі келтірді. Чжэн Цянь мен басқа да мамандар микрофлора құрамының тері мен оның қартаюына әсерін зерттеу бойынша экспериментке қатысуға келіскен 18-70 жас…
Алматыда қаланың қақ ортасында құрылыс заттарына толы қойма өртенді, деп хабарлайды QazTimes Ішінде лак-бояу өнімдері де болғандықтан қызыл жалын бірден шарпып кеткен. 500 шаршы метр аумақтағы өртті сөндіруге 21 техника, 100-ден астам адам жұмылдырылған. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Өрт сөндірушілері 6 минутта жетіп, оны жарты сағатқа жетпей ауыздықтап үлгерді. Оқиға 14 қаңтар 20 сағат 25 минутта Алмалы ауданы, Әуезов к-сі, 2/8а мекен-жайында орын алған. «Өрттің көршілес орналасқан қоймаларға таралу қаупі туындады, өртті сөндіру қойма жайлары тез жанғыш бұйымдаға лық толған (битум, лак-бояу) себебінен қиындатты. Өрт орнында штаб жұмысы ұйымдастырылып, үш өрт сөндіру учаскесі құрылып, негізгі басым міндеттер айқындалды. Өртті…
Еліміздің бес облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды QazTimes ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап. Ақмола облысында – 5 учаске «Астана-Петропавловск» 18-234 км, уч. Астана қ. -Щучинск қ. – 216 км. «Екатеринбург-Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП-Қарағанды обл. шек. – 61 км. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 35-51 км, Қабанбай батыр а. -Қарағанды обл.шек. – 16 км. «Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-200 км, Астана қ. — Павлодар обл. шек. – 184 км. «Жезқазган-Петропавловск» 377-440 км, Қостанай обл.шек. -Державинск қ. – 63 км. Жетісу облысында – 1 учаске «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км. Қарағанды облысында – 5 учаске «Екатеринбург-Алматы» 1505-1610…
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды QazTimes. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтарда Екібастұз 1-МАЭС станцияға баратын көпірде Mitsubishi маркалы автокөліктің жүргізушісі Volvo маркалы автобусты басып озып, қарсы жолаққа шыққан кезде Audi жеңіл көлігімен соқтығысты. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Екінші жолаушы ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады департамент. Жол апатына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
Алматыда жеңіл рельсті көліктің бірінші желісін салу шеңберінде биыл техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірленеді, деп хабарлайды QazTimes ақпарат агенттігі. Бас жоспарға сәйкес оның ұзындығы 31 км болады. Маршрут батыс бағытта Төле би көшесімен Алтын Орда көшесіне дейін, одан әрі «Барлық» базарына дейін салынады. Солтүстік бағытта – Момышұлы көшесімен Төле би көшесінен Алатау ауданындағы индустриялық аймаққа дейін. Шығыс бағытта – Төле би көшесінен Желтоқсан көшесімен Райымбек даңғылына дейін және одан әрі қала шекарасы шегінде «Халық Аренаға» дейін. «Бірінші LRT желісі негізінен трамвай жолдары бұрын болған жерлерде өтеді. Ол қаланың шығысы мен батысындағы көлік хабтарын, сондай-ақ, Алатау ауданындағы индустриялық аймақты байланыстыратын болады. LRT…