Таразда құдықтан белгісіз ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды QazTimes. Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамның денесін жергілікті учаскелік полицей аумақты тексеру кезінде тауып алған. «Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде учаскелік полиция инспекторы Тараз қаласындағы шағынаудандардың біріндегі үй артындағы құдық ішінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ, 50-60 жас шамасындағы белгісіз ер адамның денесін тапты», — делінген хабарламада. Қазіргі кезде ер адамның жеке басы анықталып жатыр.
Автор: qaztimes
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орын алған жер сілкінісі салдарынан жарықтар пайда болған Алматы облысының аумағындағы нысандарды комиссиялық тексеру жүргізілді, деп хабарлайды QazTimes. «2024 жылғы 24 қаңтарда Алматы облысының аумағында тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді қосымша көзбен шолып тексеру нәтижелері бойынша 44 объектіде жарықтар табылды», — делінген хабарламада. Атап айтқанда: Ұйғыр ауданы бойынша-11 объект (Денсаулық сақтау объектісі-1, білім беру объектілері-8, әлеуметтік нысандар. кульбыта МҮ-2) Еңбекшіқазақ ауданы бойынша-14 нысан (білім беру объектілері-7, Денсаулық сақтау объектілері-1, әлеуметтік нысандар. кульбыта МҮ-6) Талғар ауданы бойынша-3 объект (білім беру объектілері-3) Кеген ауданы бойынша-4 объект (Денсаулық сақтау объектісі-4) Жамбыл ауданы бойынша-2 объект (білім беру…
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар интернеттің сапасын жақсартып, операторлар арасында бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік беретін заңды бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды QazTimes. Депутат Екатерина Смышляева «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды. Оның айтуынша, бұл құжат депутаттардың бастамасымен әзірленді. «Заң жобасы аясында бірқатар түзету Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Заң жобасы үш блоктан тұрады. Бұл байланыс саласын дамыту, цифрландыруды арттыру және инновацияны қолдау», — деді депутат. Заң жобасы бойынша бірқатар бастама бар. Олар: радиожиілік спектрін қайта бөлу; бас жоспарларға коммуникациялық инфрақұрылымды орналастыру орындарын енгізу. Коммуникациялық…
Екібастұзда жүкті әйел биіктіктен құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды QazTimes. Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қаңтарда түнгі сағат 01:42-де биіктіктен құлау туралы қоңырау түсті. «Медициналық бригада шұғылдықтың бірінші санаты бойынша шықты. Жедел жәрдем бес минутта жетті. Оқиға орнында 30 жастағы жүкті әйелдің мерт болғаны анықталды»,– деді станцияда. Полиция департаменті жазатайым оқиғаға қатысты әзірше түсінік берген жоқ.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте танымал ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки енді Қазақстанға кірмейтінін айтты, деп хабарлайды QazTimes. Ресми өкіл елімізге қарсы пікір айтқандарға мемлекет керек кезде шара қабылдайтынын атап өтті. «Сізге біреу ұнамаса, үйлеріңізге кіргізбейсіздер. Бұл да сол сияқты. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол (Тина Канделаки — автор) Қазақстанға келе қоймас, ал келсе кірмейді», — деді Айбек Смадияров. Ол ресейлік тележүргізушінің әрекетіне қатысты СІМ ресми жауап қайтармайтынын айтты. «Қоғам өзі жауап берді ғой. Қызу талқы болды. Оған не қосайын? Өз есесін алды ғой. Біздің ел туралы айта берген әрбір шетел азаматына жауап бере берсек, өзімізді ұмытып…
Астанада «Атамекен» ҰКП-ның бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтың ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды, деп хабарлайды QazTimes. Мемлекеттік айыптаушы сотты жабық режимде өткізу туралы өтініш берді. Сотталушы тарап оны қолдады. Абылай Мырзахметов ҚР ҚК 28-бабы 4-бөлігі, 367-бабы 4-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі, 2-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп айыпталуда. Еске салайық, 2023 жылдың 10 мамырында 30 миллион доллар пара алды деген айыппен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ұсталды. Абылай Мырзахметов өткен жылдың ақпан айынан бастап «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы лауазымын тапсырған болатын. Ол өзінің бұл шешімін Ұлттық палатаның IX кезектен тыс съезінде өз атына келіп түскен сынмен байланыстырды. Сыбайлас…
Парламент Сенатының депутаты Жанна Асанова Facebook парақшасында отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды QazTimes. Депутат атағандай, бір жыл ішінде отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша 99 мыңнан астам өтініш келіп түскен. «2023 жылы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел мен 7 бала қаза тапты. Балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалған. Ешкімді бей-жай қалдырмаған бірнеше резонанстық жағдайлар болған», — дедід сенатор. Ол заңды талқылауға қоғам болып қатысуға шақырды. «Президент атап өткендей «егер қоғамда агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» болмаса, кез келген заңнамалық өзгерістер тиімді болмайды». Отбасы институтын нығайту, өсіру, адам құқықтары мен жеке тұлғаны құрметтеу, ішкі өзара сыйластық — егер осы компоненттердің…
Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды, деп хабарлайды QazTimes. 21 қаңтар күні таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен. Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен құрамды тоқтату мүмкін болмады. «Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді», — деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға келді, деп хабарлайды QazTimes Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысының келуіне орай швейцариялық гвардияның Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Қазақстан Президентін Папа сарайы Префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды.
Бүгін Қазақстан прокуратурасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігі мен ІІМ Интерполының көмегімен аса ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан азаматты экстрадициялады, деп хабарлайды QazTimes. «Ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері бола тұра, 2022 жылдың қаңтар-тамызы аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункті арқылы ауыр жүк көліктерінің кедергісіз өтуіне көмек көрсеткені үшін кәсіпкерлік субъектілерінен 37,5 млн теңге көлемінде пара алған деп күдіктеледі», — делінген Бас прокуратураның хабарламасында. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. «2023 жылдың қазан айында ол Грузияда ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды», — делінген хабарламада. Айып тағылып…