Әлеуметтік желілерде қарулы адамның көкөніс дүкенінде тұрған тұрғындарға шабуыл жасаған видеосы тарады, деп хабарлайды Steppenews.kz. Видеодан көрінгендей, бір адамға оқ тиіп, жараланды. Полицияның хабарлауынша, оқиға өткен желтоқсан айында болған. Күдікті ұсталып, қамауға алынған. Полиция қызметкерлері тергеу барысы Департамент басшылығының бақылауында екенін айтты.
Автор: qaztimes
Алматыда «Elge Qaitaru» қоры «Активтерді қайтару: практикалық шешімдерді іздеу, құқықтық аспектілер, халықаралық ынтымақтастық және жаһандық тәжірибе» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын қорытындысы бойынша қор басшысы Болат Әбілов Facebook-тегі парақшасында қытысушылардың сөйлеген сөзін жариялады. ulysmedia.kz солардың бір парасына тоқталды. «Elge Qaitaru» қоры немен айналысады? 2022 жылы, Қаңтар оқиғаларынан кейін, елде олигархиямен “күрес” басталған соң, «Elge Qaitaru» атты қоғамдық қор пайда болды. Оның құрылтайшылары бизнесмен және саясаткер Болат Әбілов пен банкир Оразалы Ержанов. Олардың серіктестерінің ішінде қоғам қайраткері Сергей Дуванов, журналист Асылбек Абдулов және құқық қорғаушы Евгений Жовтис бар. Қордың миссиясы халыққа ұрланған дүниені қайтару. Бұл миссияны орындау мақсатында былтыр Парламент арнайы заң да қабылданды.…
Жұртшылық экс – президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Құрманбаева/Исабаевамен байланыстыратын Almaty theatre сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Steppenews агенттігі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. Нысан балет пен хореографияға белсенді түрде қолдау көрсететін Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі үшін салынған. ҚазТАГ өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, театрдың сатылуы туралы ақпаратты жариялады. Compra сервисінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Almaty theatre компаниясының бірінші басшысы және құрылтайшысы — 25 жастағы Шалбаев Ерсұлтан Мырзаханұлы. Театр Алматының орталығында Әл-Фараби даңғылында, Назарбаев даңғылымен қиылыста орналасқан. Театр есігін 2022 жылдың сәуір айының соңында ашты. Бір жыл тоғыз ай бойы театрда қазақстандық және шетелдік әртістердің гастрольдік сапарлары өтті.
Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент қаласы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Серғазин мәлімдеді, деп хабарлайды QazTimes. «Оған 3,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады», — деп жазды Дәурен Серғазин өзінің Facebook парақшасында. Айта кетейік, 2023 жылдың маусым айында мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға жәрдемдескені үшін ЖШС өкілінен 13 млн теңге алу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ұсталған Қоқанбаевты бірінші сатыдағы сот ақтаған болатын.
Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасының басшылары мен қатысушыларына қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады, деп хабарлайды QazTimes. «Сот алқасы тараптардың өтініштері мен дәлелдерін зерделей келе, үкімді өзгерту немесе бұзу үшін негіздерді анықтаған жоқ. Осыған байланысты сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды, апелляциялық шағымдар қанағаттандырылған жоқ», — делінген сот хабарламасында. Сот үкімі заңды күшіне енді. Айта кетсек, бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен 10 сотталушы ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу, қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оны басқару бойынша кінәлі деп танылып, олар 6 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған…
«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы аясында алғашқы мақсатты төлем рәсімдері басталды. Қазақстандағы 18 жасқа дейінгі әрбір баланың жеке шотына 100,52 АҚШ доллары немесе 45 050 теңге көлемінде қаражат аударылды, деп хабарлайды QazTimes. Бағдарламаның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, еліміздің азаматы саналатын және 2006 жылдан бастап және одан кейін өмірге келген барлық балаға Ұлттық қорға соңғы он сегіз жыл ішінде түскен инвестициялық кірістің 50 пайызы мөлшерінде жыл сайынғы өсімақы төленеді. Әр бала есепті кезеңде бірдей сомада төлем алады. Өткен жылдардағы балаларға есептелген қаражат Ұлттық қордың инвестициялық бағдарламаларына қатысып, қосымша табыс әкелетін болады. Балалар 18 жасқа толғанға дейін бұл қаражатты пайдалана алмайды.…
Балаларға арналған ұлттық қор Елбасының тапсырмасы бойынша «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы қолға алынуда. Оның шарттарына сәйкес, барлық кәмелетке толмағандар жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызын алатын болады. Бұл ақшаны білім алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға жұмсауға болады. Бұл туралы infohub.kz сайты жазды. 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап қазақстандық балалар Ұлттық қордан қаражат ала бастайды. Алдын ала есептеулер бойынша биылдың өзінде 250 мыңнан астам жас қазақстандық Ұлттық қор қаражатын оқу ақысын төлеуге немесе тұрмыс жағдайын жақсартуға пайдалана алатынын бұрын жазғанбыз. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ата-анасы немесе заңды өкілдері баласы туралы мәліметтердің дұрыстығын және олардың eGov.kz порталының жеке кабинетіне енгізілген-енбегенін тексеруі қажет…
Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында ІІМ басшысы Ержан Сәденов Астанаға блок-бекет қоюға қатысты ұсынысқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды QazTimes. «Азаматтар еркін жүріп-тұрамыз. Астанаға кіруге шектеу қою – қажеті жоқ дүние. Біз қандай да бір тәртіп бұзғандар жайлы хабардар болып отырамыз. Ол үшін барлық жағдай жасалған, күш те, құрал-жабдық та бар. Бұрын барлық жерде бақылау-өткізу бекеттері болғандықтан, біз оларды алып тастадық. Енді бұл тек негізгі магистральдарда бар», — деді Сәденов. Оның ойынша, қаланы жабудың қажеті жоқ. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев «Астанаға блок-бекет қою керек» деп ұсыныс айтқан мәслихат депутатының пікіріне қатысты ойын айтқан…
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов Мәжілісте қабылданған заң жайлы отырыстың кулуарында айтып берді, деп хабарлайды QazTimes. Заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленіп, ресми түрде Мәжілістің қарауына ұсынылды. «Заң әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, азаматтардың құқығын қорғауды қарастырыады. Қазіргі уақытта бір адам екінші адамды ұрып соққыға жықса, ол әкімшілік кодекс бойынша жазаланады. Біздің ұсынып отырған нормамыз бойынша оны әкімшілік кодекстен қылмыстық кодекске көшіріп, криминалдандыру. Зорлық-зомбылық пен ұрып-соғуға жалпы жапуапкершілікті арттыру көзделген. Бұл тек әйел адамдарға ғана қатысты емес», — деді Аймағамбетов. Депутат атағандай, көшедегі бір азамат екіншісін соққыға жықса ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады. «Оның денсаулығына жеңіл зиян келсе немесе жалпы ұрып-соғу болса…
Алматыда тағы 2 рет 2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды QazTimes.kz. Біріншісі түнгі 3-тен үш минут өткенде тіркелген. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында болған. Отандық мамандар мұны афтершок деп отыр. Қалалықтардың сезбегенін айтады. Ал екінші жер сілкінісін тұрғындар 4-тен 27 минут өткенде сезген. Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.