Автор: qaztimes

Сәуір айында Қазақстандағы қос ипотекалық ұйым – «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» мен «Эскпресс Финанстың» таза пайдасы 21,3 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 17,5 млрд теңге болған. Ұлттық банк ипотекалық ұйымдарға қатысты статистикалық мәліметтерді жариялады. Айлық көрсеткіш 22,9%-ға өскен. 21,3 млрд теңге таза пайданың 21,24 млрд теңгесі – Қазақстан тұрғын үй компаниясына тиесілі. Ал «Экспресс Финанстың» таза пайдасы 32,7 млн теңгені құраған. Статистикада 1 сәуірдегі жағдай бойынша, бөлінбеген таза пайдасы 21 млрд теңгені құрайтыны жазылған. Активтері наурыз айымен салыстырғанда 1%-дай өсіп, 1,51 трлн теңгеге жетті. Қос ұйымның міндеттемелер 1,25 трлн теңгеге жетті, бұл 2023 жылғы сәуірмен салыстырғанда…

Read More

Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ақпарат Telegram каналдардың бірінде пайда болды. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. «Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексiнің 314-бабы (Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу жалғасып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.

Read More

 Бүгін Парламент Мәжілісінде өнеркәсіптік саясат тақырыбын талқылауға арналған Үкімет сағатында депутаттар Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты сынға алды. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Өнеркәсіп министрінің (Қанат Шарлапаевтың) жауапкершілігі мәселесін көтеруді сұрады. Ол Парламент Мәжілісіндегі бүгінгі Үкімет сағатында депутаттардың сауалына тиісті деңгейде әрекет етпеген. «Сіз Парламентке депутаттардың алдында есеп беруге келдіңіз. Сондықтан сұрақтарға жауап беріңіз», — деді Б. Базарбек министрге қарата айтқан сөзінде. Сонымен қатар әріптесінің сөзін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов те қолдады. «Бүгін 5 сұрақ қойсам да, ешқайсына жауап алмадым. Бүгін министр не үшін келді?! Үкімет сағатында проблеманы ортаға салып, шындықты айтуы керек. Былтыр 170 жоба іске асырылып,…

Read More

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде утильалымға қатысты өзгеріс болмайтынын айтты. Бұған дейін депутаттар утильалым сомасын азайту ұсынысын бірнеше рет жариялаған еді. Бұл туралы Steppenews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. «Мемлекетте утильалымды өзгерту үшін ешқандай жоспар жоқ. Бұл мәселе жиі көтеріліп жатыр. Қазір кезде бұл бағытта қандай да бір түзету қарастырылмаған», — деді Қ. Шарлапаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Жақында Сенаттың жалпы отырысында депутат Бекбол Орынбасаров еліміздің автопаркін жаңартудағы проблемаларды жария етті. Қазақстан азаматтары үшін импортпен келетін автомобильдің бағасы тым жоғары. Оған кедендік алымдар, кәдеге жарату төлемдері (утильалым) және алғашқы тіркеу төлемдері себеп болған. Осыған…

Read More

Теміртаудағы дүкендердің бірінде болған газ жарылысынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Steppenews.kz. «Сағат 09:49-да үйіндінің астынан қайтыс болған әйел шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін тіркеді», — делінген ТЖМ таратқан хабарламада. Айта кетсек, бұған дейін Теміртауда екі қабатты дүкенде газ жарылысы болып, нысан қирап қалды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар қиранды астында қалған бір адамды құтқарды. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы ауыр екені хабарланды. Құтқару жұмыстарына 177 адам және 38 техника жұмылдырылды. ТЖД базасында және сол жерде жедел штабтар орналастырылды. Жедел желі телефоны мен психологиялық көмек ұйымдастырылды.

Read More

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласы әкімінің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Steppenews.kz Антикорға сілтеме жасап. «ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп хабарлады Антикор. Бұған дейін әлеуметтік желілерде әкімнің мердігер ұйымнан 10 млн теңге пара алғаны туралы ақпарат тараған еді. Әубәкір Шапағат 2023 жылдың қаңтарында Сәтпаев қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Read More

2024 жылғы 13 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Арыстанбек Мұхамедиұлы, оның жұбайы Найля Ысқақова мен Мұстахым Төлеевке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Steppenews.kz. Тергеу барысында Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталды деп (ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігі), Исқақова – парақорлыққа делдалдық жасады деп (ҚК 368-бабының 1-бөлігі) және Төлеевке  – аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) айыпталды. Тараптардың ұстанымы: Сотта прокурор айыптауды қолдап, Мұхамедиұлына ҚК-нің 58-бабын қолдана отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды; Төлеевті 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыруды; Ысқақованы  1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды…

Read More

Алматыда Райымбек даңғылы бойында бірден үш автобус соқтығысты, деп хабарлайды Steppenews.kz. Жол апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. «13 ақпанда сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан №54 бағыттағы автобустың жүргізушісі алдында жүріп бара жатқан №133 бағыттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан №133 автобус қатар келе жатқан №88 бағыттағы автобуспен соқтығысқан», — деп хабарлады Алматы полициясы. Жол апатына ұшыраған үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі екені анықталды. «Жол-көлік оқиғасы фактісін Медеу аудандық полиция бөлімі қызметкерлері анықтап жатыр», — делінген хабарламада. Сонымен қатар оқиғаның басқа да мән-жайлары әлі анықталып жатыр.

Read More

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің жаңа басшысы лауазымына Дмитрий Малахов тағайындалды, деп хабарлайды Steppenews.kz. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 13 ақпанда қол қойды. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған ресми құжатта. Дмитрий Малахов 1974 жылы 27 тамызда Көкшетауда дүниеге келген. 1991-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебінде, 2003-2005 жылдары – Т.Рысқұлов атындағы Экономика және қаржы университетінде білім алған. («Заңгер – заңгер, экономист» мамандығы). Еңбек жолын ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметтерінде қызмет етуден бастаған.…

Read More

7 ақпанда Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Б.Ибрагимовқа, бас бухгалтері К.Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтерлеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Steppenews.kz Антикорға сілтеме беріп. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен мекеменің басшысына және бас бухгалтеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, мектеп бухгалтерлерінің біріне – жас баланың асырауында болуына байланысты 5 жыл мерзімге жазасын кейінге қалдыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

Read More