Автор: qaztimes

Таиландта аптап ыстықтан 30 адам қайтыс болды. Бұл туралы Корольдіктің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ. Елдегі термометр бағанасы сәуір айының басынан бері 40 градустан төмен түскен жоқ. Өткен аптада Лампанг қаласында ауа температурасы 44 градусқа жеткен. Синоптиктердің болжамынша, елдің орталық және солтүстік облыстарында жоғары температура осы аптаның соңына дейін сақталады. Тұрғындар мен туристерге ашық ауада ұзақ болмауға кеңес беріледі. Ыстықтан ең көп зардап шегетіндер – далада жұмыс істейтіндер мен баспанасыз адамдар.

Read More

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру фактісін анықтады. Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген 105,3 млн теңгені заңсыз алғаны, деп хабарлайды SteppeNews.  30 наурызда аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеді. Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-нің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Read More

Қарағандыда мас күйінде әйелін пышақтап өлтірген 51 жастағы азамат сот шешімімен тергеу абақтысына қамалды. Гүлмира Таймасованың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Steppenews агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Қанды қырғынды көзімен көрген кәмелетке толмаған екі бала нағашыларының қолында. Марқұмның туыстары полицейлер де жазаға тартылсын деп талап етіп отыр. Себебі отбасылық жанжалға шақыртумен келген тәртіп сақшылары әйел арыз жазса да, күдіктіні алып кетпеген. Артынша ер адам әйелін пышақтап өлтірді. Ал, Қарағанды облыстық Полиция департаменті шақыртуға келген сақшыларға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын айтады. Қара жамылған 80 жастағы кейуана екі жиенін қарап, қаралы үйде қалқайып қалды. 16 және 14 жастағы қыз…

Read More

Сахнада балағат сөз айтқан Қайрат Нұртас жауапқа тартылды, деп хабарлайды Steppenews агенттігі. Айта кетейік, бұған дейін әншінің былапыт сөз айтқан видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. «Қоғамдық Қоғамдық орында балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалған әнші жауапқа тартылды. Оған ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Read More

Ұланбатыр қаласында Түркі Академиясы және Моңғолия Ғылым академиясы Археология институты «Номғон-2» ғұрыптық кешенінен табылған бітіктастың төменгі бөлігінің таныстырылымын жасады. Археологтар Құтлық Елтеріс қағанға тиесілі деп болжап отырған бітіктастың жоғарғы бөлігі алдыңғы жылы осы кешендегі қазба жұмыстары кезінде табылған болатын. «Оның екінші бөлігін іздеуге қатысқан ғалымдардың мәлімдеуінше, бітіктастың жаңадан табылған төменгі бөлігінде көне қытай тілінде мәтін бары анықталған. Ескерткіштің біршама бүлінгені байқалады. Ғалымдар бітіктастағы жазуларды оқып, зерттеу жұмыстарын жүргізуде», — деп хабарлады Түркі академиясының баспасөз қызметі. Осы алқапта Түркі Академиясы жүргізген археологиялық қазба жұмыстары барысында 2019, 2022, 2023 жылдары малдас құрып отырған қағаннның бәдіз тасмүсіні мен мүсіннің бас бөлігі табылған болатын.…

Read More

Коллаж: kursiv.mediaЗаңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекетке тағы 40 млрд теңге қайтарған. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады. 40 млрд теңгенің – 38 млрд теңгесі ақшалай қаражат болса, Астанадағы бизнес орталық құны 2 млрд теңге деп есептелген. «Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық», – делінген хабарламада. Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданеған. Оның аясында «Заңсыз…

Read More

Солтүстік Қазақстан облысындағы барлық су артерияларында тұрақты төмендеу байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин мәлімдеді. Осы уақытқа дейін 3 898 үйді су басқан. 3 617 үй әлі су астында тұр. Барлығы 14 388 адам эвакуацияланып, үйлеріне 764 адам оралды. «Бүгінде 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлемді 2 666 отбасы алды. Оның жалпы сомасы 984 млн теңгеге тең. Қала аумағында 3031 құрылымы бар 34 саяжай серіктестігі су астында қалды. Қазіргі таңда «Қазақстан Халқына» қорымен құны 2,7 млрд теңге болатын бір үлгідегі 100 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол…

Read More

 Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті. «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 44 жастағы маман өз бетімен жұмыстан кетемін деген шешім қабылдады. «Кекер негізгі команданы 2022 жылғы маусымнан бастап басқарды. Оның жетекшілігімен «сары-қаралар» 60 матч өткізіп, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түсті. 16 рет қарсыластарына есе жіберді. Осы кезеңде «Қайрат» ФК академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында алғашқы ойынын өткізді. «Сары-қаралардың» ұжымы Кирилл Сергеевичке атқарған жұмысы үшін шын жүректен алғыс айтып, кәсіби қызметінде одан әрі табысқа жете беруін тілейді. Алдағы 4 мамырда өтетін «Атыраумен» болатын матчқа команданы бұған дейін «Қайрат-Жастарға» басшылық еткен Рафаэль…

Read More

Ислам даму банкі Қазақстанның су шаруашылығы саласындағы жобаларды жүзеге асыруға түрлі грант пен қаржы бөледі. Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, алғашқы транш биыл түседі. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сауд Арабиясына сапары барысында ИДБ тобының президенті Мұхаммед Әл-Джассер, сондай-ақ инвестициялар мен экспорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі Ислам корпорациясының (ICIEC) бас атқарушы директоры Усама Каиссимен кездескен. Мұхаммед Әл-Джассермен өткен кездесуде Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын қаржыландыру мәселесі талқыланған. Бұл мәселе – биылғы су тасқынына байланысты Үкіметтің басым міндеті болып тұр. Қазір су қоймалары, гидротехникалық құрылыстар, ирригациялық жүйелерді салу әрі реконструкциялау, су үнемдеу технологияларын цифрландыру бойынша бірқатар шұғыл шара іске асырылмақ. «Келіссөз қорытындысы…

Read More

Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры Қырғызстанның салық қызметіне 1,45 млн доллар грант бөледі деп жазды shutterstoc. Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы тұрақтандыру және даму қоры Қырғызстанның салық жүйесін жетілдіру үшін салық қызметіне 1,45 млн доллар грант бөледі. «Салық төлеушілерді санатқа бөліп, «салық төлеушінің рейтингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін және Қырғыз Республикасындағы салық төлеушінің цифрлық бейін модулін әзірлеу» жобасын іске асыру үшін ЕТДҚ гранттық негізде елге 1,45 млн доллар бөлді», – делінген қор хабарламасында. Жоба Қырғыз Республикасының Мемлекеттік салық қызметінде салық төлеушілерді санаттау, оларды статистикалық және математикалық модельдерді пайдалана отырып сегменттеу, сондай-ақ салық төлеушінің цифрлық бейінді модулін әзірлеу үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйені құруды…

Read More