Қ.Ясауи кесенесінде музей түні іс-шарасы өтті. Кесенеге келушілер қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Сондай-ақ «Абылайханның Қ.Ясауи кесенесіне зиярат жасауы» атты тарихи қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Кесенедегі үлкен Ақсарай, кіші Ақсарай, мешіт бөлмелеріне экскурсиялық шолу жасалды. Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform Салтанатты шарада көпшілікті мерекемен құттықтаған «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығының директоры Мәулен Садықбеков жас хикметшілерге «Алғыс хат» табыс етті. Сондай-ақ, шарада 300 адамға «хәлім ботқа» асы таратылды. «Бұрын мұнда ет пен бидайды 24 сағат бойы қайнатып пісіретін «Хәлім ботқа» тамағы дайындалатын болған. Аптасына екі рет әзірленетін ботқаны ағаш астауларға салып, қариларға, дәруіштерге, жарлы-жақыбайларға, мүгедектерге, жиналған көпшілікке, жолаушыларға үлестірген. Күн сайын асханада пісірілген…
Автор: qaztimes
Қалалық іріктеу турнирінде жеңіске жеткен Сахан Әбдіқасым «Қазақстан Барысында» Алматының намысын қорғайды. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Алматы Барысы» іріктеу турнирі өтті. Спорттық додаға қаланың 8 ауданынан 2 спортшыдан қатысты. Осылайша, бас-аяғы 16 балуан өзара кіл мықтыны анықтады. Жарыс барысында жауырыны жерге тимеген Сахан Әбдіқасым «Алматы Барысы» атанды. Үздік үштік қатарында Айбек Ізтілеуов және Сәбит Қайратбек те бар.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Недовесов Турин (Италия) турнирінің финалына шыға алмады. Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген еді. А.Недовесов – Г.Эскобар жартылай финалда доданың 1-ракеткалары, германиялық Андреас Мьес – ұлыбританиялық Нил Скупскимен кездесті. Бірінші партияда фавориттер басымдылық танытты – 6:2. Екіншісінде олар 4:2 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық-эквадорлық дуэт таразы басын теңестіріп қана қоймай, тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Дегенмен супер тай-брейк А.Мьес – Н.Скупскидің пайдасына шешілді – 10:5. Бір сағат 56 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында А.Недовесов – Г.Эскобар 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыластары 4 эйс, 3 брейкпен…
Еуропалық сыртқы әрекет қызметі 1991 жылғы Алматы келісімі негізінде Армения-Әзербайжан шекарасын делимитациялау процесінде қол жеткізілген ілгерілеуді, атап айтқанда, 15 мамырда Армения-Әзербайжан шекара комиссияларының 9-шы отырысында қол қойылған хаттаманы құптайды. Соның нәтижесінде шекараның бірнеше учаскесіне қатысты келісімге қол жеткізілген еді. «ЕО тараптарды екіжақты мәселелерді шешу үшін одан әрі шешуші қадамдар жасауға шақырады және Оңтүстік Кавказ аймағында тұрақты және ұзақ бейбітшілік орнатуға бағытталған күш-жігерді қолдауға ниетті», — делінген ЕАЭО мәлімдемесінде. 15 мамырда Әзербайжан мен Арменияның делимитация мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиялары Әзербайжанның Газах аумағы мен Арменияның Тавуш аймағындағы елді мекендер арасындағы шекара сызығының учаскелерін сипаттайтын бірлескен хаттама жасады.
Газадағы босқындар паналаған орталық бөлігіндегі лагерге жасалған шабуылдан 17 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа мәлімдеді. Катар телеарнасы «Әл-Жазираның» мәліметінше, Израиль Газа секторының орталық аймағына соққы жасаған. Салдарынан кем дегенде 17 адам ажал құшып, он шақты адам жарақаттанған. Оқиға жексенбі күні түнде болған.
АСТАНА. KAZINFORM – Сарыағашта осыдан үш күн бұрын жоғалып, бүкіл ел болып іздеген 3 жасар Асылымның денесі 18 мамыр күні түнде сағат 22:50 шамасында көршісінің әжетханасынан табылған. «3 күн іздеген 3 жасар періштенің денесі өлі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, Халайық», — деп жазды журналист Гүлмира Абықай Instagram парақшасына. Мәлім болғандай, оқиғаның қалай болғанын қазір полиция анықтап жатыр. Баланың денесіне медициналық сараптама жасалады. Еске сала кетейік, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай қызының көзден таса…
Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Steppenews қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сотта Қылмыстық кодекстің 367-бабы 4-бөлігімен («Аса ірі мөлшерде пара беру») бойынша Мақсұт Исаховқа қатысты қозғалған қылмыстық іс қаралды. Мақсұт Исахов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бола тұра, Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігінің 3) тармағымен Шымкент қаласы ҰҚК департаментінде әкімшіліктің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған іс бойынша лауазымды тұлға – Шымкент қаласы бойынша ҰҚК Департаментінің бірінші орынбасары С-ға істі қысқарту үшін аса ірі мөлшерде 200 мың доллар көлемінде пара беруге оқталған. Сотталушының кінәсі куәлердің жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындысы, ЖТӘ нәтижелері…
Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы және кредит», 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген, «Іскерлік әкімшілендіру магистрі». Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр. Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет» ордені. Медальдары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Теңгеге 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдары.«Ұлттық Банктің еңбек сіңірген қызметкері» белгісі. Еңбек жолын 1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы болып бастаған. 1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және…
АСТАНА. KAZINFORM – Бейсенбі күні кешке АҚШ-тың Хьюстон қаласында болған жойқын дауылдан қаза тапқандар саны кемінде жеті адамға жетті, бұл ақпаратты жұма күні Харрис округінің (Техас штаты) шериф басқармасы растады, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. Елдің Ұлттық ауа райы қызметінің хабарлауынша, жұма күні Хьюстонның солтүстік-батысында жел жылдамдығы сағатына 100 миль болатын EF-1 торнадосы тіркеліп, ол қала орталығына жетіп, жаппай қирауға әкелген. Хьюстон мэрі Джон Уитмир мен Харрис округінің судьясы Лина Идальго жұмада өткен бірлескен баспасөз мәслихатында қалпына келтіру бірнеше аптаға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Аймақты электр қуатымен қамтамасыз ететін CenterPoint Energy компаниясының соңғы мәліметтеріне сәйкес, жұма күні таңертеңгі жағдай бойынша…
Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы. Түркістан қаласында 2023 жылы 25,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. 2020 жылы бұл көрсеткіш 15,8 млрд.тг құрайтын. Өнім өндіру 61 пайызға артқан. Бұл туралы steppenews.kz сайты хабарлайды. БАҚ өкілдері облыс орталығындағы «Asia Brend» жиһаз өндіретін фабрикаға ат басын бұрып, мұндағы тиянақты тірліктерге қанықты. Кәсіпорын 1,5 гектарға орналасқан, 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Жылына 22 мың жиһаз жасап шығаратын кәсіпорынның жылдық тауар айналымы 1 млрд. теңгеден асқан. Отандық өнім Түркістанда ғана емес, Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында сатылымда. Сонымен қатар, Ресей мен Қырғызстанға экспортталуда