Автор: qaztimes

Т. Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институты жанында салынып жатқан сквер былтыр қолданысқа берілуі тиіс еді. Мердігер мен әкімдік арасында сот болып, құрылыс әлі аяқталмай тұр. Ал ақтөбеліктер болса мүлікті қиратуға көшкен. Ақтөбе қаласындағы әйгілі әскери институт жанында тұрған жаңа сквер көпті өзіне тартады. Мұнда ұшақтар мен тікұшақтар тұр. Бәрі де бір кездері әскери мақсатта қолданылған. Бұл орын бұрын Отан қорғаушылар күні ашылып, танымдық шара өткізетін жер болса, әкімдік соңғы жылдары жерді алып, демалыс орнын ашуды жоспарлады. Бұл жердегі құрылыс былтыр аяқталуы тиіс болатын. Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform Айта кетейік, бұл жерге балалардың ойын алаңы салынып, адамдар жүруге…

Read More

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 73 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шықты. Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, зейнеткер ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды. Орал қаласында ер адам өзімен 48 жыл бірге тұрған зайыбын өлтірген. «Зейнеткер өздерінің тұрып жатқан пәтерінде әйелін соққыға жығып, аяқкиімнің бауымен қылғындырып, сосын қолымен мойнынан буындырып өлтірген. Сот отырысында сотталушы жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін, қылмысын мойындайтынын көрсетті», — деп хабарлады ведомстводан. Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Read More

Түркістанда «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтті. Онда қазақ отбасына келін болып түскен орыс қызы көпшілік алдында сәлем салып, ақсақалдардың батасын алды. Сессияға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері қатысты. Сессия барысында Түркістан облыстық славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Елена Стребкова сөз сөйлеп, өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша мазмұнды баяндама жасады. «Ұлтым орыс болғанмен, мен қазақтың келінімін. Сондықтан қалың елдің алдына шыққан соң…

Read More

Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына С. есімді азаматша жүгінген. Ол баласының әкесі танымал блогер ретінде қомақты қаражат тапқанымен, алиментке небәрі 20 мың теңге төлейтінін хабарлаған. Сот бұған дейін Ж.-ның С. есімді кәмелетке толмаған баланың әкесі екенін анықтап, осыған байланысты Ж.-ға табысының және (өзге) қаражат көздерінің ¼ бөлігі мөлшерінде алимент төлеуді міндеттеген. Істі қарау барысында баланың әкесі Ж. өзінің жалақысы 70 мың теңге екенін көрсететін анықтама ұсынған. Алайда Ж. банк шоттарында айтарлықтай қомақты қаражат бар екені және оның демалыс мақсатында шетелге жиі баратыны анықталды. ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 141-бабына сәйкес, ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларға…

Read More

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің атынан Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне барады. Бұл ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі Kazinform тілшісіне растады. Спикер бүгін Мәжілістің жалпы отырысына жартылай қатысты. Естеріңізге сала кетейік, Иранның сегізінші президенті Ибрахим Раиси 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні тікұшақ апатынан қаза тапты.

Read More

Мегаполистің бірнеше шағын ауданы бір аптаға жуық сусыз қалған. Қала әкімшілігі тұрғындарды сумен қамтамасыз етуге міндетті компанияның сот арқылы жауапқа тартылатынын хабарлады. Бұған дейін қиын жағдайда қалған «Ерменсай» шағын ауданының тұрғындары жаңбыр суын шелектеп жинаған. «Водснаб ГПВ» ЖШС (бұрынғы «Орхан» ЖШС) — «Асқартау», «Ерменсай», «Ақтөбе» шағын аудандарының, «Ремизовка» бау-бақша серіктестігі, «Дружба» бау-бақша серіктестігі, «Курортное» бау-бақша серіктестігі және «Ремизовка», «Сакура», «Династия» сынды ірі ТҮК тұрғындары үшін басты су жеткізуші. 17 мамыр күні аталмыш компанияның жеке меншігіндегі сумен жабдықтау құбыры жарылған. Төтенше жағдай 18 мамырда жойылып, бірақ сол күні сорғы станциясы істен шыққан. 19 мамырда сорғы қалпына келтірілсе де, оның қуаттылығының төмендігіне…

Read More

Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1 900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеліп, 600-ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады. Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева ӨКҚ бнифингінде мәлім етті. «Адам папилломасы вирусы (АПВ) — теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісікті дамытуымен қауіпті. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1 900-ге жуық жаңа жағдайы тіркелді, 600-ден астам әйел бір жылда…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Фото: akorda.kz «Парасат» орденімен: ▪️Тікішев Темір – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы. Фото: akorda.kz «Құрмет» орденімен: ▪️Асқаров Азамат Асқарұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әртісі; ▪️Ахатов Асылбек Құсымұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің әртісі; ▪️Әбілдина Ғайнижамал Байкәрімқызы – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры; ▪️Джулмухамедова Айжан Абылайханқызы – А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы; ▪️Карменова Тоғжан Жанатқызы – А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі директорының орынбасары; ▪️Қалдыбаева Гүлжан Ақмәдиқызы –…

Read More

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,86 теңгеге төмендеп, 1 доллар 441,80 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 мамырдағы ресми бағамы — 1 доллар үшін 443,72 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы — 441,9 теңге, сатып алу — 443,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 440 теңгеден болса, сатып алу — 445. Алматыда Ресей рублі 4,83 — 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,79 — 4,89 теңгеден сатылуда.

Read More

«ISA Group» ЖШС салымшылары Тоқаевқа видео үндеу жолдады. Жолдауда тұрғындар осыдан төрт жыл бұрын тапсырамыз деп уәде еткен үйлерінің құрылысын аяқтауды тездетуді сұраған, деп хабарлайды Steppenews.kz. Олардың айтуынша, компания «Сұлтан», «Мұрагер» және «Аққала» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтауға тиісті болған. Қазір жалпы саны 800-ге тарта отбасы зардап шегіп отыр. Компанияның техникалық директоры мен оның орынбасары тергеу изоляторында. Алайда құрылыс ұйымының бас директоры бостандықта жүр. Тұрғындардың айтуынша, бірнеше жыл қатарынан құзырлы органдарға арыз түсіргенімен, нақты нәтиже болмай келеді. «Біз «Сұлтан» тұрғын үй кешенінің салымшыларымыз, құрылыс компаниясы – «ISA Group» ЖШС. Қаламыздың әкімдері, прокурорлар мен судьялары қала тұрғындарының пайдасына шешпей отыр, сол…

Read More