Автор: qaztimes

Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атанған Түркістанның тыныс-тіршілігімен танысқан республикамыздың өзге өңірлерінен келген БАҚ өкілдері қаланың құрылыс алаңдарын да аралады. Қала қонақтары алдымен Отырар мөлтек ауданындағы  5 қабатты 20 үйдің құрылыс алаңында болды.  800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үй (56,4 мың ш.м.) құрылысы облигация есебінен (кредиттік тұрғын үй) басталды. Пәтерлерді нарық бағасынан төмен, яғни шаршы метрі  220 мың теңгеден несиеге ұсыну жоспарланған. 2020 жылы Түркістанда 181,8 мың ш.м. 496 пәтер пайдалануға берілген болса, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 2,3 есеге артып, 2023 жылы нақты 417,4 мың ш.м 3 933 пәтер ел игілігіне ұсынылды. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер…

Read More

«Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды, деп хабарлайды Steppenews.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталды. Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деп күдіктенді. «Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды»,- делінген хабаралмада. Олар айыппұлды белгіленген мерзімде…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Еске салайық, кеше, 15 мамыр күні Словакия премьер-министріне қастандық жасалды. Reuters агенттігінің мәліметінше, үкімет отырысы өтіп жатқан Гандлов қаласында Роберт Фикоға шабуыл жасалған.

Read More

Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Steppenews агенттігі. Оның орнына қазіргі энергетика вице-министрі Асхат Хасенов тағайындалды. «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Мағзұм Мырзағалиевке басшы ретіндегі еңбегі үшін алғысын білдірді. Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиев 2022 жылдың 14 сәуірінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Read More

Ресей ураны 2040 жылға дейін АҚШ-қа ипортталмайтын болды. Фото: kursiv.media АҚШ президенті Джо Байден Ресей уранын АҚШ-қа импорттауға тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл туралы Ақ үй хабарлайды. «2024 жылғы 13 мамыр, дүйсенбіде, Президент Ресей Федерациясында немесе ресейлік кәсіпорын өндірген радиацияланбаған төмен байытылған уранды әкелуге тыйым салатын «Ресей уранының импортына тыйым салу туралы заңға» қол қойды», – делінген хабарламада. Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Байден қол қойған тыйым «азаматтық ядролық энергетика саласындағы Ресейге тәуелділікті» азайту арқылы Америка Құрама Штаттарының «энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігін» нығайтуға ықпал ететінін айтады. Негізінде АҚШ-тың Өкілдер палатасы Ресей уранын импорттауға тыйым салатын заң жобасын…

Read More

Азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы 13 мамырға қалдырылды. 10 мамырда болған сот отырысында алқабилер жауап беруі тиіс сұрақтар талқыланды. Сұрақтарды талқылау, алқабилердің қатысуынсыз өтті. Олар кеңесу бөлмесіне кетті. Судья Айжан Құлбаева процесті тараптармен бірге жабық түрде өткізді. Кейіннен сот отырысы 13 мамырға қалдырылғаны белгілі болды. 6 мамырда Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істе айыпталып отырған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөзін айтқан еді.

Read More

Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Парадты Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады. Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Read More

Бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қатысуымен Қазақстан әуе қорғанысы күштерінің Талдықорғандағы авиабазасына Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің атын беруге арналған салтанатты іс-шара өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен отырысында әйгілі ұшқыштың есімін жұрт жадында жаңғырту үшін авиабазаны оның атымен атауды ұсынған болатын», — деп жазды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин. Сергей Луганский соғыс жылдары 390 рет әуеге көтеріліп, жеке өзі жаудың 37 ұшағын, ал топтық шайқаста 6 ұшақты атып түсірді. Ол әскерге Алматыдан аттанып, запасқа шыққан соң осында қайта оралды. Сондықтан Сергей Луганскийдің есімі берілген авиабаза оның туған қаласының аспанына қорған болады. «Мұның символдық мәні бар. Қазақстанда…

Read More

Белгісіз адам нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған. «Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды», — делінген ақпаратта.

Read More

Армения астанасы Ереванда премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап ететін мыңдаған адам митингке шыққан. Олар елдің бірқатар аумақтарының Әзербайжанға берілуіне қарсы. DW басылымының ақпаратына сүйенсек, 9 мамырда кешке 20 мыңнан астам адам қала орталығына жиналды. Демонстранттар армян үкіметінің Әзербайжанмен шекараны белгілеуге келісуін тоқтатып, елдің премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті. Наразылық акциясына Армян апостолдық шіркеуінің Тавуш епархиясының басшысы архиепископ Баграт Галстанян басқарған «Отан үшін Тавуш» қозғалысының жақтаушылары шыққан. Митинг барысында наразылық білдірушілер «билікке бағынбайтынын» және Пашинянға премьер-министр қызметінен кетуге уақыт бергенін айтты. Әзірге Пашинян кездесу және отставкаға кету туралы талаптарға жауап бермеді. Осыдан кейін архиепископ Ұлттық Ассамблеяда импичмент…

Read More