Автор: qaztimes

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылында 100-ге жуық адам фабрика аумағында төбелес шығарған. ШҚО Ақпарат орталығының хабарлауынша, Маралды ауылында «Байтақ» партиясының өкілі мен бір топ адам алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсылық білдіріп, рұқсатсыз жиналыс өткізген. Жиналыс аяқталғаннан кейін 100-ге жуық Маралды тұрғыны фабрика құрылысын тоқтату туралы бейнеүндеу түсіру үшін құрылыс орнына келіп, ары қарай олар фабрика аумағына кірген. «Кәсіпорын басшылығының мәліметі бойынша олардың қызметкерлері дене жарақатын алып, материалдық шығынға ұшыраған. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның қызметкерлері мен күзетшілері кәсіпорын аумағынан кетуге мәжбүр болды. Полиция және СОБР қызметкерлері жиналғандарды құқықтық тәртіпті сақтауға шақырып, заңнаманы түсіндірді, бұл ретте оларға күш…

Read More

Forbes журналы жыл сайынғы дәулетті қазақстандықтар тізімін жариялады. Вячеслав Ким мен Владимир Ким өзара орын ауыстырған, деп хабарлайды Steppenews агенттігі.  Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылы Forbes Kazakhstan рейтиңіндегі адамдар саны өсті. Енді топ-50 байдың  орнына ең дәулетті 75 кәсіпкердің тізімін жариялады. Жаңартылған рейтиңгтегі үздік 10 кәсіпкері: Вячеслав Ким $5 800 000 000 Тимур Құлыбаев $5 000 000 000 Динара Құлыбаева $5 000 000 000 Владимир Ким $3 600 000 000 Тимур Турлов $3 300 000 000 Болат Өтемұратов $2 700 000 000 Ибрагимовтар отбасы 1 1 500 000 000 Нұрлан Смағұлов $980 000 000 Сәрсеновтер отбасы 9 970,000,000 Арсен Томский $920 000 000…

Read More

 Kaspi.kz компаниялар басқарма төрағасы, қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе ағылшын футбол клубын сатып алды, деп хабарлайды Steppenews агенттігі. BBC ақпаратына сүйенсек, Wikomb Wonderers ағылшын футбол клубын Ломтадзеге тиесілі Blue Ocean Partners Ltd компаниясы сатып алған. Осы маусымда ағылшын бірінші лигасында 10-орынға ие болған клубтың 90% можаритарлы акциясы енді Ломтадзе компаниясына тиесілі. «Біздің мақсатымыз – қаржылық тұрақты клуб құру кезінде алаңда да, одан тыс жерлерде де ұзақ мерзімді табысқа жету. Футбол әлемі өте жылдам дамып келеді және біздің басымдылығымыз клубтың тиімділігін келесі деңгейге көтеру үшін деректер аналитикасы мен технологияларын біріктіру болады», – дейді қазақстандық миллиардер. Биыл Михаил Ломтадзе Forbes миллиардерлер тізімінде 581-орынға…

Read More

Қазақстандық киногерлер қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлова туралы  «Әлия» атты жаңа көркем фильмді түсіруге дайындалып жатыр. Ә. Молдағұлованың 100 жылдығына және Жеңістің 80 жылдығына арналған «Әлия» толықметражды көркем фильмі 2025 жылдың мамыр айында жарыққа шығады. Фото: Қазақстан баспасөз клубы «Әлия» фильмінің сценариін мәскеулік журналист, тележүргізуші әрі актриса Алена Кулешова жазды. Жобаның бас продюсері және сценаристерінің бірі Александр Шухов фильм түсіру идеясы 2019 жылы пайда болғанын атап өтті. «Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанғанда жасөсіпірім болды. Қолына қару алып, мергендік танытқан ол 78 жау әскерінің көзін жойып, Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бұл оқиға мәскеулік журналист, тележүргізуші және…

Read More

Атырау облысы Индребор ауылында өзен қауіпті деңгейден асты /Фото: Атырау облысы әкімдігіЖайық өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты Орал қаласы мен оның маңындағы аудандар тасқын кезеңін аман-есен өткерді. Облыс орталығында өзен саябырсып, су деңгейі 791 сантиметрге дейін төмендеді. Су ресурстары министрлігінің мәліметінше, облыстағы төрт ірі қойма 91%-ға толды.  Жайық-Көшім суландыру жүйесіне 400 млн  текше метр су жіберілген. Қазіргі уақытта Жайық суы Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы сай-салаларды толтыруда. 5 мамырдағы көрсеткіш бойынша Тайпақ ауылындағы гидробекет өзен деңгейінің 9 метрден асып кеткенін көрсеткен. Қауіпті деңгей 850 метр деп есептелінген. Жайық бойында Ақжайық ауданына қарасты 35 ауыл бар. Ауылдарды су басқаны туралы ресми…

Read More

Халықаралық валюта қорының мәліметінше, наурыз айында орталық банктердің таза алтын сатып алу көлемі 16 тоннаны құрады. Барлық ел арасында Қазақстан Түркия, Үндістан және Қытайдан кейін сатып алу көлемі бойынша әлемде үшінші орынға ие болды. Бір айдағы ең көп алтынды (14 тонна) – Түркияның орталық банкі сатып алды, одан кейін Үндістанның резервтік банкі мен Қытайдың Халық Банкі алтын қорларын 5 тоннаға толтырды. Үшінші орынды 4 тонна бағалы металл сатып алған Қазақстан мен Сингапур бөлісті. Наурыз айында Орталық Азия елдері арасында Қазақстан алтын сатып алу көлемі бойынша бірінші орынды иеленді. Алтынның негізгі сатып алушылары Сингапурдан басқа дамушы нарықтары бар елдердің орталық банктері…

Read More

Kazinform ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады. Баян-Өлгий аймамағында «Құсбегілер сарайы» салынады — Janadauir Фото: janadauir.com Моңғолияның «Жаңа дәуір» басылымы «Қазақ құсбегілік одағының» атқарушы директоры Бекболат Бұғыбайұлымен өткізілген сұхбатын жариялады. Аталған БАҚ-тың дерегінше, Баян-Өлгий аймақтық құсбегілік одағының бастамасымен осы аймақта «Құсбегілер сарайы» салынады. Тілші одақтың атқарушы директорынан бұл жоба негізінен қашан жүзеге асатынын сұраған. Бекболат Бұғыбайұлының айтуынша, Баян-Өлгий аймағында бүркітшілердің екі одағы бар. Соның бірі – «Қазақ құсбегілік одағы» өз іс-қызметін жүргізгелі биыл 3 жылдың жүзі болған. Одақтың төрағасы көп жылдар бойы табиғат, туризм саласын басқарған Атай Аятханұлы. Ал, Бекболат Бұғыбайұлы атқарушы директор қызметінде. Осы уақыт аралығында…

Read More

Мұнай бағасы бір апталық құлдыраудан кейін қайта өсті. Себебі Сауд Арабиясы үшінші ай қатарынан сату бағасын көтерген. Bloomberg ақпаратына сүйенсек, бұл алда болатын ОПЕК+ отырысында мұнай тасымалдауды тағы қысқарту мәселесін талқылауға мүмкіндік береді. Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 83 доллардан жоғары көтерілді. West Texas Intermediate бағасы шамамен 78 долларды құрады. Saudi Aramco өзінің флагмандық Arab Light сортының ресми сату бағасын барреліне бұрынғы 90 центтен, 2,90 долларға дейін көтерді. Осыған дейін мамандар бұл марка мамырға қарай 60 центке қымбаттайды деп болжаған. Өткен аптада мұнай арзандаған. Оған Таяу Шығыстағы Иран мен Израиль  қақтығысы әсер еткен. ОПЕК пен оның одақтастары келесі айдың екінші жартысында…

Read More

ҚР Президентінің Телерадиокешені ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ботаникалық бақта 50 түп қарағай көшетін отырғызды. Осылайша, іргелі медиа ұжымның 150 қызметкері биологиялық әртүрлілікті сақтауда және өсімдіктер топтамаларын өсіруде маңызды рөл атқаратын Ботаникалық бақты абаттандыруға белсенді атсалысты. Айта кету керек, бақтың жалпы ауданы 89,1 гектарды құрайды. Оның 46,3 гектары – ерекше қорғалатын табиғи аумақ, ал 42,8 гектары – саябақ аймағы. Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатқаны белгілі. Науқан бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар. Алғашқы апта «Таза өлке» деп аталды. Ел тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Құрметті еліміздің православ қауымы! Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын. Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады. Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады. Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді. Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз. Баршаңызға зор денсаулық,…

Read More