Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді.
Мәлім болғандай, қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражат ұрлағанын анықтағн.
«Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып табылмайтын тұлғаға заңсыз аударған. Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 млн теңгені құрады, істің қатысушылары ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа берілді», — делінген хабарламада.
Келесі материал: Қызылордада 22 рет жол ережесін бұзған жүргізушіге 886 мың теңге айыппұл салынды