Автор: qaztimes

Ресейлік гастроэнтеролог Ольга Чистик ұйқыны бұзбау үшін кофенің уақытын қадағалау маңызды екенін мәлімдеді. Маман Lenta.ru сайтына берген сұхбатында кофеиннің ағзада сегіз-он сағат бойы болатынын, сондықтан оны сағат 14:00-15:00-ден кейін ішуге болмайтынын атап өтті. «Дәрігердің айтуынша кофеинге сезімталдығы жоғары адамдарға одан да ертерек тоқтату ұсынылады. Ол жүктілік, гормоналды контрацептивтерді қабылдау және қартайған кезде метаболизм баяулайтынын және кофеиннің әсері ұзаққа созылуы мүмкін екенін атап өтті», — деп жазды портал. Сонымен қатар сусынды үнемі тұтыну рецепторлардың сезімталдығын төмендетеді – сергітетін әсер әлсірейді және кофеге тәуелділік күшейеді. Мұны болдырмау үшін Чистик бір-екі күндік «кофе үзілісін» жасауды ұсынды. Гастроэнтеролог кешкі кофеден бас тарта алмайтындар үшін…

Read More

Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасы Қазақстанның туристік локацияларында түсірілген «Voice Beyond Horizon» жаңа тележобасының промо-бейнеролигін ұсынды. Kazakh Tourism компаниясының мәліметінше, бағдарлама еліміздің туристік әлеуетін миллиондаған көрерменге көрсетеді. «Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен және Hunan Broadcasting System телеарнасымен бірлесе қолға алынды. Биылғы қыркүйек айында түсірілім тобы мен қатысушылар Қазақстанның өңірлеріне саяхаттап, 7436 шақырымнан астам жол жүрді. Олар 22 күн ішінде еліміздің бай табиғи және мәдени мұрасымен танысты», — деп жазылған хабарламада. Түсірілімге Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің өнерпаздары қатысты. Жобаның бағыты негізгі туристік орындарды қамтыды. Оның ішінде Ұлы Жібек жолының бойындағы көне Түркістан, Маңғыстау облысындағы Бозжыра мен Каспий теңізінің…

Read More

Бүгін, 30 қазанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, KASE баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жалғыз акционерінің 2025 жылғы 14 қазандағы шешімімен Қанат Шарлапаев компанияның директорлар кеңесінен шығарылды. Осы өзгерістен кейін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінде тоғыз адам қалды. Еске сала кетейік, 2025 жылдың 25 қыркүйегінде ол «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінен шығарылды, сол күні Қазақстан президентінің көмекшісі қызметінен босатылды. Шарлапаев 2023 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың ақпаны аралығында Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі болды.

Read More

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлының неліктен көзілдірік тағып жүретінін түсіндірді. «Қытайға ұшамыз деп асығып келе жатып, джиппен жол апатына ұшырадық. Көліктен түк қалмай, шелпек секілді жапырылып қалды. Бірақ құдай сақтап, Қайрат ауыр соққыдан терезеден ұшып түсті. Сынған әйнектер денесіне, қасының астына қадалып қалды. Содан тыртық пайда болды. Көзілдірікті сол үшін тағып жүреді», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова. Оның айтуынша бұл оқиға әншінің өмірі туралы «Өкініш» фильміне арқау болған. «Өкініш» фильмінде көліктің қалай аударылғанын, өзім сол сәтте қандай күйде болғанымды айнытпай түсірдім. Тіпті жүрегім сезіп, телефон соққаныма дейін көрсеттім», – деп жазды ол. Еске сала кетейік, бұған дейін…

Read More

Алматы қаласының аудандарының бірінде жасөспірім ер адамды ұрып-соқты. Әлеуметтік желіде жасөспірімнің жерде жатқан үйсіз-күйсіз ер адамға қатыгездік танытқаны түсірілген видео жарияланды. Кәмелетке толмаған бала ер адамды қоқыс жәшігінің жанында тепкілеген. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 24 қазанда Таугүл-1 шағын ауданында № 33 үйдің жанында болған. Жасөспірімнің оң қолы бинтпен таңылғанын көруге болады. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиға бойынша тергеу жүргізгенін хабарлады. «Кәмелетке толмаған бала мен оның заңды өкілінің кім екені анықталды. Жасөспірім мен оның ата-анасына қатысты заңға сәйкес шаралар қолданылды. Полиция кез келген қатыгездікті, әсіресе кәмелетке толмағандар жасаған әрекетті түбегейлі айыптайды. Мұндай әрекетке жол беруге болмайды»,…

Read More

Шымкентте полиция қызметкерлері қала көшелерінде күмәнді өнімдерді таратқан төрт қызды ұстады, деп хабарлайды OTYRAR сайтына сілтеме жасап. Тексеру барысында барлығының шетел азаматы екені және ұсталғандардың бірі кәмелетке толмаған бала екені анықталды. «Полицияның мәліметінше, қыздар «Мен сегіз баланың анасымын. Өтінемін, дымқыл майлықтар сатып алыңызшы» деген жазуы бар және қаражат аударуға арналған банк картасының нөмірі көрсетілген дымқыл майлықтарды таратқан», — деп жазды портал. Қаскөйлер осылайша азаматтардың жанашырлығын тудырып, қаржылай көмек алуға тырысқан. Полиция ұсталғандарға азаматтарды адастыруға жол берілмейтінін және елдегі еңбек пен кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдарды сақтау қажеттілігін еске салды. Кәмелетке толмаған қызға заңды өкілдерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары бөлек өткізілді. Полиция…

Read More

Елімізде дәстүрлі өтетін «Жыл үздіктері – 2025» ұлттық байқауының негізгі номинациялары мен үміткерлері белгілі болды. Байқау аясында ғылым, мәдениет, спорт, білім, медицина және қоғамдық қызмет салаларында елеулі еңбек еткен тұлғалар марапатталады. Биылғы байқау қоғамның әр саласында айрықша жетістікке жеткен, өз ісінің үздігі атанған азаматтарды қамтып отыр. «Жылдың үздік мұғалімі» номинациясына Түркістан, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының үздік педагогтері ұсынылған. Олардың қатарында – Болат Аманқұлов, Марат Қаниев, Салтанат Ширимбекова және Жанат Есенгелдинов бар. «Жылдың үздік ғалымы» атағына археология, биология және аграрлық экономика саласында еңбек етіп жүрген ғалымдар – Анатолий Плешаков, Анар Бельгибаева, Аралбай Нұғман және Күнсұлу Закарья үміткер атанды. «Жылдың үздік…

Read More

Жетісу облысының Көксу ауданында соңғы үш жылда пайдаланылмай жатқан 46,9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бүгінгі күнге қайтарылған жерлердің 30,2 мың гектары немесе 64,4% айналымға тартылды. Соның 16,4 мың гектары конкурс арқылы 13,8 мың гектары ауданның барлық ауылдық округтеріне қоғамдық жайылым ретінде берілді. Бұл жайында облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды, Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы ретте биылғы жылы 41 учаскеге 3 конкурс ұйымдастырылып, 6,4 мың гектар жер табысталды. Қайтарылған жердің қалған 16,7 мың гектары шаруа қожалығымен айналысамын деген азаматтарға конкурс арқылы 2026 жылдың 1 жартысының соңына дейін берілетін болады. Осыған байланысты…

Read More

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Грузияға ресми сапары аясында ел Президенті Михаил Кавелашвилимен, Премьер-министр Ираклий Кобахидземен және Парламент төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті.  Мәжіліс делегациясының Тбилисидегі жұмысы Грузия Парламентінен басталды. Ерлан Қошанов әріптесі Шалва Папуашвилимен кездесуде Қазақстан халықтарымыздың ортақ тарихы мен берік достығын айрықша бағалайтынын атап өтті. Мұның бәрі екі ел арасындағы табысты әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың кепілі екеніне назар аударды. «Осыдан жарты жыл бұрын Грузияның Премьер-министрі Кобахидзе мырза біздің елге ресми сапармен келген болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында елдеріміз көп қырлы қарым-қатынастарды нәтижелі дамытуға бағдар алғаны туралы айтылды. Сауда, энергетика, өнеркәсіп, инвестиция, туризм саласындағы ынтымақтастықтың кең перспективалары талқыланды. Біздің парламенттік…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда тазалықты және табиғатпен үйлесімді сақтау жолында азаматтардың күш-жігерін біріктіретін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Осы бастаманы қолдау мақсатында «AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде тұрақты түрде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын өткізуде, деп хабарлайды «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Акцияның мақсаты аумақтарды тазалау ғана емес, экологиялық мәдениет қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыруға және ұжымшылдық рухын дамытуға бағытталған. Бұл игі дәстүрге партияластар, жастар, волонтерлер және белсенді азаматтар қосылды. Олар ортақ мақсат төңірегінде топтасып, елімізді жайыл әрі таза ұстауға ұмтылуда. «Таза бейсенбі» акциясы аясында Ақтөбе облысында орман алқабы қоқыстан тазартылды. Іс-шараға 100-ге жуық адам…

Read More