Автор: qaztimes

Бұған дейін Бербок алдағы жылға арналған көзқарасын «Бірлесіп әрекет ету» ұранымен жариялап, бірлік, ынтымақ және ұжымдық қимылды басты қағидалар ретінде атаған болатын.Реформа қажет пе?— Қандай да бір елдің — оның көлемі, күші немесе байлығы қаншалықты мықты болса да — біз бетпе-бет келіп отырған шексіз сын-қатерлерге жалғыз өзі қарсы тұруы мүмкін емес, – деді ол сәрсенбі күні Нью-Йоркте журналистерге берген сұхбатында. — Бұл ұйым терең бөліну кезеңінде — адамзат тарихындағы ең қараңғы сәттердің бірінде дүниеге келді. Бірақ сол уақыт бізге БҰҰ Жарғысын сыйлады. Ол бүгін де бізге бағыт-бағдар беріп, қандай ортақ мақсатқа ұмтылатынымызды еске салып отырады.Бербоктың айтуынша, сексен жыл — үлкен кезең,…

Read More

Қазақстан Өзбекстанмен және Орталық Азияның басқа да елдерімен сыртқы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді көздейді. Бұл туралы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Самат Теңбаев Asia Grains& Oils Conference in Tashkent 2025 халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Самат Теңбаев атап өткендей, Өзбекстан қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорт көлемі бойынша жетекші елдердің бірі. Қазақстанның ішкі нарығында да, әлемдегі сияқты егіс алқаптарын қайта бөлу үрдісі байқалады. Мәселен, ылғал көп қажет ететін дақылдардың көлемі азайып, майлы, бұршақ тұқымдас және мал азықтық дақылдардың үлесі артуда. Өндірісті әртараптандыру агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі басымдықтарының бірі. Мемлекеттік бағдарлама негізінен күнбағыс, рапс, майлы зығыр, мақсары, жасымық…

Read More

Бербок қазіргі отырыс соғыс, гуманитарлық апаттар, климаттың өзгеруі және технологиялық сын-қатерлер сияқты көпқырлы дағдарыстар аясында өтіп жатқанын атап өтіп, бұл мәселелерді тек халықаралық қауымдастық бірлесе отырып қана шеше алады деді.Ол әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондаған адамдар күн сайын бастан кешіп жатқан трагедияларды еске салды: мысалы, ұшқышсыз аппараттардан тығылуға мәжбүр украиналық қарт әйелдер, мектепке баруға қорқатын гаитилік балалар, немесе Конго Демократиялық Республикасында қыздарын қарулы топтардан жасырып жүрген әйелдер. — Не істеуге болмайды — бұл осы дағдарыстарды пайдаланып, БҰҰ ескірді немесе маңызы жоқ деп айтуға жол беру. БҰҰ Жарғысы мықты және ол мемлекеттер оны ұстануға қаншалықты дайын болса — соншалықты берік, — деді Бербок.БҰҰ реформасы — заман талабыБербок сөзінде БҰҰ-ның құрылуына себеп…

Read More

— Мемлекет басшысының Нью-Йорктегі биылғы сапары кездесулерге бай болып жатыр. Бұл Қазақстанның, Президенттің өзінің Еуразия аумағында рөлі нығайып келе жатқанын көрсетеді. Осы тұста АҚШ-тағы елшіліктің сапарға тыңғылықты дайындалып, қыруар шаруа атқарғанын ерекше атап өту керек. Chevron, ExxonMobil, Cameco, Amazon, Meta, Wabtec, Blackstone, Citigroup, Embraer, PepsiCo компанияларының басшылары Қазақстан туының астында өткен келіссөздерге тартылуы үлкен еңбекпен келген нәтиже екені анық. Іс жүзінде инвесторлар форумы АҚШ-та көшпелі отырыс өткізді деп сипаттауға болады, — дейді халықаралық коммуникация сарапшысы Азамат Байғалиев. Саясаттанушы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трамппен әңгімесіне ерекше назар аударып отыр. — Әлемдік саясаттың кіл серкелері АҚШ-та бас қосып жатқанда мұндай кездесу ұйымдастыру…

Read More

Комиссия құрамына қоғам өкілдері, креативті индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих саласындағы сарапшылар кірген. Отырыс барысында комиссия мүшелері ұйымдастыру мәселелерін қарастырып, жалпыұлттық конкурсты өткізу ережелерін бекітті. — Қазақстан азаматтарының барынша көп қамтылуы үшін АЭС-ке үздік атау беру бойынша ұсыныстар eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылданады. Конкурстың атом саласы қызметкерлері күні қарсаңында басталуы — индустрияның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесінің айқын дәлелі, — деп Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев азаматтардың бұл процеске қатысуының маңыздылығын атап өтті. Талқылаулардың қорытындысы бойынша комиссия конкурстың өткізілу мерзімдерін бекітті:* 25 қыркүйек — конкурстың басталуы туралы ресми хабарландыру;* 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін — eGov Mobile қосымшасы арқылы…

Read More

Абай облысы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, 24 қыркүйек күні Семейде су құбырларына дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Соған орай барлық мектепте сабақ қашықтан өтеді. — Екі ауысымдағы оқушылар бір күнге онлайн форматқа көшіріледі, — делінген ақпаратта. Еске салсақ, осыған дейін Жетісу облысында жасөспірімдер жасырын діни сабақтарға тартылғаны хабарланған. Полицейлер жатақхана ретінде пайдаланылған үй-жайларды тексеру барысында шетелдік діни әдебиеттер мен оқу материалдары тапқан.

Read More

— Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркқа жұмыс сапары кезінде Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында 11 келісім мен меморандумға қол қойылды. Көлік-логистика, энергетика және ақпараттық технологиялар сияқты стратегиялық тұрғыдан маңызды салаларды қамтитын бұл құжаттар еліміздің экономикасына 5,2 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартуды көздейді, — делінген хабарламада. Фото: Видеодан алынған скрин Мұндай келісімдер «Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы», «Самұрық-Қазына», ұлттық әл-ауқат қоры, «ҚазМұнайГаз», Amazon Kuiper, International Finance Corporation, Lummus Technology, Exxon Мobil, Chevron, LanzaJet және Wabtec, сондай-ақ АҚШ-тың экспорт-импорт банкі сияқты компаниялар мен қаржы ұйымдары арасында жасалды. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапары барысында Дональд Трамппен сөйлесті. Президент Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел»…

Read More

Оның сөзінше, қолданыстағы метро желісі Абай даңғылы бойымен Алатау көшесі арқылы «Барлық» станциясына дейін ұзартылады — 3 метро бекеті болады (5,3 км). Оның құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Одан бөлек Алмасхан Сматлаев метроны «Жібек жолы» бекетінен Алматы әуежайына дейін жеткізу жоспары туралы баяндады. — Бұл бағытта 8 бекет пен 14 шақырым метро желісі салынады. Ол Гоголь көшесі арқылы Орталық демалыс саябағы арқылы өтеді. Әрі қарай Шығыс автомобиль айналма жолына шығып, әуежайға дейін жетеді. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Мемлекеттік сараптамадан 2026 жылдың қаңтар-ақпан айында өтеді, — деді ол. Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары метро желісінің үшінші бағытына тоқталды. Бұл жоба бойынша «Сайран»…

Read More

Министрліктің мәлімдемесінде израильдік әуе шабуылдары, сондай-ақ гуманитарлық көмек пен жанармай жеткізуге қойылған шектеулер Газа ауруханаларын толық тоқтап қалу қаупіне әкеліп отырғаны атап өтілген. — Жанармай қорының таусылуына байланысты ауруханалардың жұмысын тоқтату үшін санаулы күндер ғана қалды. Газа секторындағы медицина мекемелеріндегі жанармай дағдарысы өте қауіпті деңгейге жетті, — делінген мәлімдемеде. Министрлік Израильдің қоршау жағдайында өмірлік маңызы бар бөлімшелердің жұмысын тоқтатуы гуманитарлық апатты ушықтыратынын, ал науқастар мен жаралылардың өміріне тікелей қауіп төнетінін мәлімдеді.Сондай-ақ, ауруханаларға жанармай жеткізуге тыйым салынуына байланысты медициналық қызмет көрсетуде үзілістер басталып кеткені, ал адамдардың өмірін құтқару барған сайын мүмкін болмай бара жатқаны атап өтілді. — Гуманитарлық апаттың алдын алу үшін…

Read More