БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Ибрайымовтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, аталмыш іс-шараның жеті күнінде 2 300-ден астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді. Олжас Әзімбекұлының сөзіне қарағанда, соның ішінде мас күйінде автокөлік айдаған 32 жүргізушінің бесеуі бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Бұл бес адамға қатысты ҚР ҚК 346-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, 26 жүргізуші автокөлік руліне отырған. 115-і ұялы телефонды пайдаланса, 40 жүргізуші жолаушыларды заңсыз тасымалдаған. 186-сы бұрылу кезінде тәртіп сақтамаған. Басқа да ереже бұзушылықтар азаймай отыр. — Биыл жыл басынан бері Батыс…
Автор: qaztimes
Вице-премьердің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында 9 айдағы негізгі салалардың экономикалық өсуінің алдын ала қорытындылары қаралды. Ауыл шаруашылығы 2025 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша жалпы өнім 3,4% артты. Шамамен 3,6 трлн теңге. 9 айдағы болжам — 2,3% өсу. Өсу мал шаруашылығымен (+3,2%, 2,26 трлн теңге) және өсімдік шаруашылығымен (+4%, 1,25 трлн теңге) қамтамасыз етілген. Өсудің кезекті кезеңі қазанда дәнді, майлы және басқа да дақылды жалпы жинау есебінен болуы тиіс. Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі Азық-түлік өндірісі 8 айда 10,1% (2,5 трлн теңгеге дейін), сусын өндірісі — 7,1% (813 млрд теңге) өсті. Өсу қант (24%, 122,8 мың тоннаға дейін), ет консервісі (29,7%, 5,8 мың тоннаға дейін),…
Мемлекет басшысы Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Бельгиямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Қазақстанның ең ірі он инвесторының қатарына кіретініне назар аударды. Былтыр екіжақты тауар айналымы жарты миллиард долларға жуықтады. — Әңгімелесу барысында экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға зор әлеует бар екені атап өтілді. Әсіресе, аса маңызды минералдарды игеру, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, жасанды интеллект, қаржы, туризм және білім беру салаларындағы серіктестікке мүмкіндік мол, — делінген хабарламада. Барт де Вевер екіжақты күн тәртібін талқылауға уақыт тапқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Король Филипптің ізгі тілегін жеткізді. Бұған дейін Мемлекет басшысы Финляндия президентімен екіжақты және…
БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Саягүл Ғалиеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен бұйрығына сәйкес «Жалпы білім беретін мектептерде жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге тегін және жеңілдікпен тамақ беру» мемлекеттік қызметін іске асыру аясында аудан орталықтары мен қалалардағы 95 мектепте автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық кешен орнатылған. Бұлар «Әлеуметтік әмиян» ақпараттық жүйесімен интеграцияланған. Саягүл Мәулетқызының сөзіне қарағанда, қалған 270 мектепте балама есеп құралы ретінде «Бизнес әмиян» қосымшасы қолданылуда. Аталған 95 мектептегі жеткізушілердің жұмысы былайша бөлінген. 23 мектеп — «Отан-мектеп»: Face ID құрылғысы арқылы биометриялық сәйкестендіру енгізілген; 11 мектеп — «Алақан»:…
Форум жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Онлайн-форматта сөз сөйлеген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың стратегиялық маңызына тоқталып, Германия университеттерінің индустрия болашағы үшін кадрлар даярлаудағы негізгі серіктес екенін ерекше атап өтті. Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі — Институттың құрылуы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің саяси еркі мен қолдауының арқасында мүмкін болды. 2024 жылы олардың ықпалымен бірлескен ғылыми және білім беру болашағымыздың берік іргетасы қаланды. Бүгін біз сол іргетастың жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларға жол ашып отырғанын көріп отырмыз, — деді министр. Министр…
— Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы тіпті қорқынышты. Оған бей-жай қарау мүмкін емес. Бұл қақтығыстың тарихи тамыры тым күрделі. Біз осы жауласудың түпкі себебін ескерусіз қалдыра алмаймыз. Қазақстан әскери іс-қимылды дереу тоқтатуға, бейбіт тұрғындарды толық қорғауға және халықаралық гуманитарлық құқық аясындағы көмектің кедергісіз жетуін қамтамасыз етуге шақырады. Біз екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруіне негізделген шешімді құптаймыз әрі БҰҰ-ның жетекші рөлін мойындаймыз. Қазақстан Таяу Шығыстағы өңірлік бітімгерлікке бағытталған Арабтың бейбіт бастамасы, Нью-Йорк декларациясы, Ибраһим келісімі секілді дипломатиялық ұсынымдарды қолдайды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің араағайындығымен Әзербайжан мен Армения қарым-қатынасының қалыпқа түскенін атап өтті. — Бұл дипломатия…
— Қазіргі геосаяси шиеленіске қарап, кейбір саясаткерлер «өркениеттер қақтығысынан қашып құтыла алмаймыз» деген пікір айтып жүр. Алайда мұндай алауыздық тағдырдың жазуы емес, олардың саяси таңдауы, — деп атап өтті Президент. Фото: Ақорда Мемлекет басшысы ғылым, медицина, спорт, дін және мәдениет сияқты жаһандық игіліктер геосаяси бөліністің құралына айналмауға және санкция салуға себеп болмау керегін баса айтты. — Адамзат өміріндегі бұл ізгі құндылықтар бізді гуманизм идеясына біріктіреді. Саясаткерлер жауапкершіліктен жұрдай мәлімдеме жасағанда немесе дін мен болмысты саяси ұпайын түгендеу үшін бұра тартып, ағат әрекетке барғанда сенімге селкеу түсіп, бейбітшілікке ұмтылған ерік-жігер жасиды. Анығында, саяси көшбасшылық — бір-біріне күмән-күдікпен қарап, менмендік таныту емес,…
— Былтыр адамзат тарихындағы ең ыстық маусым болды. Бұл ретте Орталық Азияда ауа температурасы әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жоғары екенін айтқан абзал. Алатау мұздықтары тез ери бастады. Бұл миллиондаған халықтың су және азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Қазақстан Арал қасіретінен сабақ алды. Жоспарлы іс-әрекетіміздің арқасында, соның ішінде халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық нәтижесінде теңіздің солтүстік бөлігін сақтап қалдық. Халықаралық Аралды құтқару қорының төрағасы ретінде еліміз бұл маңызды бағыттағы белсенді жұмысты жалғастырады. Дегенмен Каспий теңізі күннен күнге тартылып барады. Бұл бір өңірдің ғана проблемасы емес, жаһандық деңгейде дабыл қағатын мәселеге айналды. Сондықтан аймақтағы серіктестерімізді және барша халықаралық қоғамдастықты Каспийдің су қорын сақтау үшін…
— Біз жікке бөлінушілік барған сайын күшейіп, инвестиция ағынына қатысты саяси сыңаржақ ұстаным белең алғанына куә болып отырмыз. Соның салдарынан былтыр әлемдегі тікелей шетел инвестициясының көлемі 1,5 триллион долларға дейін қысқарды. Қазақстан инвестиция саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтуді табанды түрде жақтайды. Тәуелсіздіктің 30 жылында ел экономикасына 400 миллиард доллардан астам қаржы тартылды. Біз әрқашан ашық нарық қағидаттарына сүйенеміз әрі бұл мемлекеттік саясатымыздың негізгі бағыты болып қала береді, — деді Мемлекет басшысы. Фото: Ақорда Президент Еуразия төсінде орналасқан Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 80 пайызына қызмет көрсететін логистикалық хаб ретінде шешуші рөл атқаратындығын баса айтты. — Біз…
— Еліміз Орнықты даму мақсаттарын ұлттық күн тәртібіндегі басымдықтардың бірі ретінде айқындады. Ондағы міндеттер мемлекеттік жоспарлауда және бюджет жобасын әзірлегенде ескеріледі. БҰҰ Бас хатшысы мен Ұйымға мүше мемлекеттердің қолдауының арқасында Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы ашылды. Бүгінде Орталық Азияның бірлігі мен өзара сенімі жаңаша сипат алып, өңір халықаралық бейбітшілік пен прогрестің белсенді қатысушысына айналды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда Президент «Орталық Азия бестігі» ынтымақтастығы нығайып келе жатқанын атап өтті. — Сол арқылы тату көршілік дамуға да, қауіпсіздікті күшейтуге де оң септігін тигізетінін дәлелдеп отыр. Соның арқасында біздің өңір әлемдегі негізгі серіктестерімен…