Автор: qaztimes

— Қазақстан жасанды интеллектіні технологиялық жетістік деп қана емес, адамзат прогресіне қозғау салатын зор табыс ретінде қарастырады. Алайда жасанды интеллектіні дамытудың тәуекелдері де бар. Атап айтқанда, ол технологиялық, экономикалық және геосаяси теңсіздіктердің күшеюіне әкеледі. Сондай-ақ этика нормалары бұл эволюцияның соңында қалып қоюына жол бермеуіміз керек. Әділеттілік, жауапкершілік және адам құқықтарын қорғау мәселелері жедел әрі нақты шешілуге тиіс. Бұл үшін әр ел ЖИ артықшылықтарын пайдалана алатындай ұжымдық күш-жігер қажет, — деген Мемлекет басшысы Қазақстан БҰҰ аясында Жасанды интеллектіні басқару бойынша жаһандық диалогтың басталуын қолдайтынын атап өтті. Фото: Ақорда Президенттің сөзінше, Қазақстанда жасанды интеллект экономика мен мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық секторына енгізіледі.…

Read More

— Жаһанда тұрақсыздық белең алған кезеңде Әділетті Қазақстан құруды көздеген жаңғыру саясатын батыл жүргізіп жатырмыз. Соңғы үш жылда біздің аймақта бұрын-соңды болмаған саяси және экономикалық реформалар жасалды. Жалпыұлттық референдум арқылы Президентті жеті жылға бір мерзімге сайлайтын норма енгізілді. Бұл демократия қағидаттарына сай есептілікті күшейтеді. Біз «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» формуласын ұстанамыз, — деді Мемлекет басшысы. Президент Қазақстанды жаңғырту ұстанымын басшылыққа ала отырып, елімізде бір палаталы Парламент құру мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынғанын айтты. Ондағы мақсат — саяси жүйенің қоғам сұранысына сай ашықтығы мен тиімділігін арттырып, оны ұдайы жетілдіру. Бұл реформалардың басты қағидасы: заң және тәртіп…

Read More

Сапары аясында ол Қазақстандағы сумо құрамасының спортшыларымен кездесті. Сонымен қатар ҚР сумо күресі қауымдастығының өкілдерімен шеберлік сабағы мен еркін пікір алмасу өткізді. Сондай-ақ, Хакухо Сё елорда әкімі Жеңіс Қасымбекпен, Туризм және спорт министрлігінің басшылығымен, бизнес-қоғамдастық және Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында Қазақстандағы сумо күресінің даму тетіктері талқыланды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қатысты. Өз сөзінде ол атақты спортшының әлемдік спорт тарихына қосқан зор үлесін атап өтті. — Сіздің көптеген жеңістеріңіз бен теңдесі жоқ спорттық рухыңыз бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамды, соның ішінде қазақстандықтарды да шабыттандырады, — деді министр орынбасары. Хакухо Моңғолиядан шыққан, әкесі — 1968 жылғы еркін күрестен Олимпиада ойындарының…

Read More

— Қазақстан араағайындық және бітімгер рөлін жалғастырады. Біздің таңдауымыз: үстемдік емес — тепе-теңдік, жіктелу емес — ынтымақтастық, соғыс емес — бейбітшілік. Біз халықаралық қоғамдастықтың басқа да мүшелерімен бірлесе отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік, әділеттілік және ынтымақтастық шамшырағы екенін растауға дайынбыз, — деді Мемлекет басшысы. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясының Жалпы дебаттың ашылуына қатысып отыр.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк төрінде БҰҰ мінберінен сөйлеген сөзін Jibek Joly арнасы тікелей эфирде көрсетті. 

Read More

— Қазақстан экономикасы тұрақты дамып келеді. Биыл экономикалық өсім 6 пайыздан асады деп күтілуде. Бұл біздің аймақтағы ең ірі экономиканың орнықтылығын қуаттай түседі. Дегенмен бұл жетістіктерге тоқмейілсуге болмайды. Біз ұзақ мерзімді дамуға бағытталған күш-жігерді жалғастырамыз. Қазақстанның энергетикалық стратегиясы төрт салаға негізделген: мұнай-газ, көмір, уран және аса маңызды минералдар. Бұл құнды ресурстар сенімді энергетикалық серіктестіктің негізі бола алады, — деді Президент. Мемлекет басшысының атап өтуінше, климат өзгерісі мен «жасыл» күн тәртібін көмір кені секілді орасан зор энергетикалық ресурсқа бай елдер қабылдай бермейді. Өйткені бүгінде озық технологияның арқасында оны тазаланған күйінде пайдалануға болады.  — Сондықтан біз 35 жыл ішінде елімізді декарбонизациялау жөнінде…

Read More

Бас Ассамблеяда сөйлеген сөзінде Трамп ұйымның штаб-пәтеріндегі жұмыстың олқылықтарын атап өтіп, бейбітшілік орнату ісімен жалғыз өзі айналысып жүргенін, өйткені БҰҰ «жеткілікті жұмыс атқармайды» деп мәлімдеді. — Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты қандай? Ол өз әлеуетіне тіпті жақын да емес, — деді АҚШ Президенті. Трамп БҰҰ-ны «ескірген әрі тиімсіз» ұйым ретінде сипаттап, ешкімнің көмегінсіз «жеті соғысты тоқтата алғанын» айтты. — Өкініштісі, мұның бәрін Біріккен Ұлттар Ұйымының орнына менің істеуіме тура келді. Мен жеті соғысты тоқтаттым, сол елдердің барлық басшысымен сөйлестім, бірақ ешқашан БҰҰ-нан келісім жасауға көмектесейік деген қоңырау алған жоқпын, — деді Трамп. Оның айтуынша, ұйымның «зор әлеуеті» бар, бірақ ол соған сай емес. Сонымен қатар Трамп…

Read More

Бүгін таңертеңнен бастап ТЖМ «Қазавиақұтқару» су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылып, жалпы көлемі 72 тонна болатын 24 рет су төгу жұмысы жүргізілді. Өрттің жалпы ауданы 45 гектар болды. Фото: ТЖМ Тілсіз жауды ауыздықтауға Жетісу және Алматы облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері, «Қазавиорманқорғау», Жаркент орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» әуе кемесі жұмылдырылды. Барлығы шамамен 120 адам жеке құрам және 30-дан астам техника қатысты. Фото: ТЖМ Фото: ТЖМ Құтқарушылар мен ҚР ТЖМ авиациясының үйлесімді іс-әрекеті, сондай-ақ барлық құрылымдардың өзара тиімді әрекеттесуі өрттің таралуына жол бермей, оны қысқа мерзімде толықтай сөндіруге мүмкіндік берді. Айта…

Read More

«Шымбұлақ» тау курортының Богданович мұздығы, Бүгел және ортаңғы станциясында орнатылған камераларынан қазіргі уақытта қар жауып жатқанын көруге болады. «Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, Алматыда 23 қыркүйек күні таңғы сағат 5-тен басталған жауын-шашын 24 қыркүйек таңға дейін тоқтамайды. Қала бойынша коммуналдық және жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мердігер ұйымдардың 123 арнайы техникасы, 74 мотопомпа, 20 ассенизатор көлігі, сондай-ақ 75 жедел бригада тартылды. Олардың құрамында 425 жұмысшы бар. Бұған дейін жауын-шашын салдарынан Алматыдағы көлік кептеліс 10 балға жеткенін жазғанбыз. Еске салайық, өткен апта Алматыда қатты жаңбыр жауып, Аманжол көшесінде жол жабыны опырылды. Нәтижесінде 13 автокөлік зақымданды.

Read More

Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды. Президент Қазақстан мен Люксембург ертеден достық және сындарлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. Сауда-инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, сондай-ақ цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден осы мақсатта екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.  Айта кетелік Президент АҚШ сапары аясында 20-дан астам кездесу өткізген еді. 

Read More