Автор: qaztimes

Министрдің мәлімдеуінше, қаржыландыруға Гаитидегі көпұлтты қауіпсіздікті қолдау миссиясы үшін 40 миллион канадалық доллары кіреді. Сондай-ақ Гаити мен Кариб бассейніндегі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың өсіп келе жатқан қаупімен күресу және әлеуетті күшейту үшін аймақтық теңіз қауіпсіздігі бастамасына 20 миллион канадалық доллары бар. Еске салайық, Гаитиде 1,3 млн адам қарулы бандалардан қашып, үйлерін тастап кеткен. 

Read More

Павлодарда Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында салынған ең ірі сүт-тауарлы фермаларға баспасөз туры өтті.  Шара мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, заманға лайықты сүт-тауарлы фермаларды құрудың табысты үлгілерін насихаттауға бағытталған. Аймақта мал және егін шаруашылығын қатар дамытып келе жатқан «Кронос-Павлодар» компаниясы «Жол картасы» бағдарламасы аясында 1 893 мал басына арналған сүт-тауарлы ферма салу жобасы іске асырылған. Бүгінгі күні алғашқы кезеңі пайдалануға берілді, ол 1 440 бас малды қамтиды. Кәсіпорынға қарасты 2 421 гектар жердің 848,5 гектары – суармалы алқаптар. Ферма заманауи сауу залдарымен, бұзауларға арналған қора-жайлармен және автоматтандырылған жемшөп беру жүйелерімен жабдықталған. Жемшөп дақылдарын суару үшін 10 ZIMMATIC жаңбырлатқыш машинасы…

Read More

— 2025 жылғы 24 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Ақтау, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген ақпаратта. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Read More

— ҚР аумағының басым бөлігі циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады, — дейді синоптиктер. Шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын, түнгі уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.р Республиканың оңтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады. Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында…

Read More

Мемлекет басшысы Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар түрлі салада, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты іске асырылып жатқанына тоқталды. Фото: Ақорда Мәдени-гуманитарлық байланыстар жемісті дамып келеді. Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты.  Айта кетейік, Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясындағы Жалпы дебатта сөйлеген сөзінің толық нұсқасын жариялады. Бұдан бұрын Президент БҰҰ-ны жаңғыртуды көздейтін батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуы тиіс екенін айтты.

Read More

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл құжат — Газа секторындағы атысты тоқтатудың және бейбітшілікке қол жеткізудің кілті болып саналады. Мәлімдемеде 22 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында Сауд Арабиясы мен Франция төрағалығымен өткен халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша жарияланған бірлескен коммюнике құпталатыны айтылған. — Конференцияға қатысып, палестин халқына қолдау білдірген, халықаралық құқық пен заңды халықаралық қарарларға бейілділігін көрсеткен, сондай-ақ Нью-Йорк декларациясын қабылдаған немесе Палестина мемлекетін мойындаған барлық елге алғысымызды білдіреміз, — делінген министрліктің мәлімдемесінде. Сыртқы істер министрлігі барлық елді декларацияға «мейлінше тез» қол қойып, қабылдауға шақырды. Бұл қадам Газа секторында атысты бірден тоқтатуға, сондай-ақ 1967 жылы басып алынған барлық аумақта, соның ішінде Газа секторында да палестиндік мекемелердің…

Read More

Кезекті Құрылтай 2025 жылдың 22 желтоқсанында Бішкек қаласында өтеді. Жарлыққа сәйкес, 700 делегаттық квота бөлінісі, уақытша ереже және Құрылтайды ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Делегаттарды сайлау тәртібі Ұлттық кеңес әзірлеп, бекітетін ереже негізінде анықталады. Ұйымдастыру комитеті делегаттар сайлауын Конституциялық «Халықтық Құрылтай туралы» заңға сәйкес өткізуі, уақытша ереже аясында шешімдер қабылдауы және мемлекеттік органдардың, жергілікті әкімдіктердің өкілдерін, сарапшыларды тартуы тиіс. Құрылтайды дайындау және сайлау процесін үйлестіруді келесі құрылымдар қамтамасыз етеді: Халықтық Құрылтайдың ұйымдастыру комитеті мен хатшылығы, Президенттің облыстардағы уәкілетті өкілдері, Жергілікті мемлекеттік әкімшіліктер мен өзін-өзі басқару органдары, Сыртқы істер министрлігі, Еңбек министрлігі, Мәдениет министрлігі және Қырғызстан халықтары ассамблеясы. Ішкі істер министрлігіне делегаттар…

Read More

 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Фото: Ақорда Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі жемісті саяси диалог екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. — Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия басшысының Қазақстанға жасайтын алдағы сапары қос елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық әлеуетін танытуға ықпал ететініне сенімді екенін айтты. Кездесуде әлемдегі қазіргі геосаяси ахуалға баса мән берілді, — делінген хабарламада. Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізгенін жазған едік.

Read More

БҰҰ қолдауымен, Франция мен Сауд Арабиясының бастамасымен өткен палестин мәселесін шешу және екі мемлекет принципін жүзеге асыруға арналған жоғары деңгейлі халықаралық конференцияда сөйлеген Альбер II Монаконың өзгермейтін ұстанымын атап көрсетті. Ол Монако басынан бері Израильдің танылған шекараларындағы қауіпсіз өмір сүру құқығын, сондай-ақ палестин халқына егемен әрі демократиялық мемлекет құру құқығын тұрақты түрде қолдап келе жатқанын айтты. — Бүгін біз Израильдің бар болуын нық қолдайтынымызды қайта растағымыз келеді және сонымен бірге халықаралық құқық аясында Палестинаны мемлекет ретінде мойындаймыз. Міне, дәл осыны мен сіздердің алдында жариялап отырмын, — деді князь. Альбер II тұрақты шешімге, яғни негізгі құқықтарды құрметтеуге негізделген келісімге жету бұрынғыдан…

Read More