- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
- Абай облысында TikTok-та боқтық сөз айтып, ұлтараздық тудырған әйел түрмеге қамалды
Автор: qaztimes
Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адамның мүрдесін зорлаған
Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ақпарат Telegram каналдардың бірінде пайда болды. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. «Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексiнің 314-бабы (Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу жалғасып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.
Бүгін Парламент Мәжілісінде өнеркәсіптік саясат тақырыбын талқылауға арналған Үкімет сағатында депутаттар Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты сынға алды. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Өнеркәсіп министрінің (Қанат Шарлапаевтың) жауапкершілігі мәселесін көтеруді сұрады. Ол Парламент Мәжілісіндегі бүгінгі Үкімет сағатында депутаттардың сауалына тиісті деңгейде әрекет етпеген. «Сіз Парламентке депутаттардың алдында есеп беруге келдіңіз. Сондықтан сұрақтарға жауап беріңіз», — деді Б. Базарбек министрге қарата айтқан сөзінде. Сонымен қатар әріптесінің сөзін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов те қолдады. «Бүгін 5 сұрақ қойсам да, ешқайсына жауап алмадым. Бүгін министр не үшін келді?! Үкімет сағатында проблеманы ортаға салып, шындықты айтуы керек. Былтыр 170 жоба іске асырылып,…
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде утильалымға қатысты өзгеріс болмайтынын айтты. Бұған дейін депутаттар утильалым сомасын азайту ұсынысын бірнеше рет жариялаған еді. Бұл туралы Steppenews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. «Мемлекетте утильалымды өзгерту үшін ешқандай жоспар жоқ. Бұл мәселе жиі көтеріліп жатыр. Қазір кезде бұл бағытта қандай да бір түзету қарастырылмаған», — деді Қ. Шарлапаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Жақында Сенаттың жалпы отырысында депутат Бекбол Орынбасаров еліміздің автопаркін жаңартудағы проблемаларды жария етті. Қазақстан азаматтары үшін импортпен келетін автомобильдің бағасы тым жоғары. Оған кедендік алымдар, кәдеге жарату төлемдері (утильалым) және алғашқы тіркеу төлемдері себеп болған. Осыған…
Алматыда «Elge Qaitaru» қоры «Активтерді қайтару: практикалық шешімдерді іздеу, құқықтық аспектілер, халықаралық ынтымақтастық және жаһандық тәжірибе» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын қорытындысы бойынша қор басшысы Болат Әбілов Facebook-тегі парақшасында қытысушылардың сөйлеген сөзін жариялады. ulysmedia.kz солардың бір парасына тоқталды. «Elge Qaitaru» қоры немен айналысады? 2022 жылы, Қаңтар оқиғаларынан кейін, елде олигархиямен “күрес” басталған соң, «Elge Qaitaru» атты қоғамдық қор пайда болды. Оның құрылтайшылары бизнесмен және саясаткер Болат Әбілов пен банкир Оразалы Ержанов. Олардың серіктестерінің ішінде қоғам қайраткері Сергей Дуванов, журналист Асылбек Абдулов және құқық қорғаушы Евгений Жовтис бар. Қордың миссиясы халыққа ұрланған дүниені қайтару. Бұл миссияны орындау мақсатында былтыр Парламент арнайы заң да қабылданды.…
Балаларға арналған ұлттық қор Елбасының тапсырмасы бойынша «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы қолға алынуда. Оның шарттарына сәйкес, барлық кәмелетке толмағандар жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызын алатын болады. Бұл ақшаны білім алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға жұмсауға болады. Бұл туралы infohub.kz сайты жазды. 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап қазақстандық балалар Ұлттық қордан қаражат ала бастайды. Алдын ала есептеулер бойынша биылдың өзінде 250 мыңнан астам жас қазақстандық Ұлттық қор қаражатын оқу ақысын төлеуге немесе тұрмыс жағдайын жақсартуға пайдалана алатынын бұрын жазғанбыз. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ата-анасы немесе заңды өкілдері баласы туралы мәліметтердің дұрыстығын және олардың eGov.kz порталының жеке кабинетіне енгізілген-енбегенін тексеруі қажет…
Oi-Qaragai отбасылық курорты 2024 жылдың 13 қаңтарында биылғы екінші балалар жарысын өткізді. «Слалом»тәртібіне 2008-2016 ж.т. балалар қатысады, қатысушылардың барлығы 80-ге жуық адам болды. Барлығы-спорттық шаңғы клубтарының тәрбиеленушілері. Қатысушылардың негізгі бөлігін Ski Team Oi-Qaragai және Shymbulak Ski and Sports Club өкілдері құрайды. Көптеген балалардың қазірдің өзінде спорттық жетістіктерге ие. Ski-team Oi-Qaragai спорт клубы 4 жылдан бері жұмыс істейді және 50 адамнан тұрады. Оның ішінде 5 спорт шебері, көбінің спорттық дәрежелері бар. Мұндай жарыстар – Oi-Qaragai курортының ұлтты сауықтыру, тау шаңғысы спорты мен салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы қозғалысқа деген адалдығының жарқын көрсеткіші. Спорт клубы кәсіби жиындар мен жаттығулар өткізеді. Балалар кәсіби…
Басты мақсат – қазақ боксшыларын Олимпиаданың жеңіс тұғырынан көрсету – Мырзағали Айтжанов
Қазақ боксшыларын алда маңызды Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын додалар күтіп тұр, деп хабарлайды QazTimes басылымы Kazinform-ға сілтеме жасап. Осы орайда, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановпен алдағы жарыстарға жоспарлары мен оқу-жаттығу жиындарын қалай өткізіп жатқаны жайында шағын сұхбат алған едік. – Мырзағали Құланұлы, қазақ боксшылары жаңа жылдан кейін жаңа маусымға қалай, қайда дайындалып жатыр? – 5 қаңтардан бері қарай толық құрамда Алматы облысындағы «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Жалпы оқу-жаттығу жиынымыз екі кезеңнен тұрады. Біріншісі кезеңі – дене дайындығымен жұмыс істеу, екіншісі арнайы физикалық дайындық болып саналады. Жоспарланған екі оқу-жаттығу жиынын да осында өткіземіз. Екінші кезеңде…
Футболдан Африка ұлттар кубогының екінші ойын күні аяқталды, деп хабарлайды Kazinform. А тобында сынға түсіп жатқан Нигерия құрамасы алғашқы турда Экваториалды Гвинеямен ұпай бөлісті. Есеп 1:1. Ойын барысында нигериялық футболшылар тізгінді өз қолында ұстады. Соған қарамастан Экваториалды Гвинея ойыншысы Ибан 36-минутта есеп ашып кетті. Оған нигериялық Виктор Осимхен 38-минутта бір голмен жауап қайырды. Айта кетсек, аталған топта 13 қаңтарда Кот-д’Ивуар құрамасы Гвинея-Бисау 2:0 есебімен жеңген. Бұл топта екінші турда 18 қаңтарда Кот-д’Ивуар мен Нигерия, Экваториалды Гвинея мен Гвинея-Бисау ойнайды. Ал В тобында Мохамед Салах секілді әлем футболының жұлдызы ойнайтын Египет құрамасы Мозамбикпен жасыл алаңға шықты. Кездесуде египеттік Мұстафа Мохамед небәрі…
Катарда өтіп футболдан Азия кубогында 14 қаңтарда, үшінші ойын күнінде Иран құрамасы Палестинаны ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Kazinform. Иран мен Палестина құрамалары С тобында сынға түсіп жатыр. Бірінші кезеңді ирандық футболшылар белсенді бастады. Олардың қатарынан Карим Ансарифард 2, Шоджа Халилзаде 12, Мехди Гайеди 38, Сердар Азмун 55-минутта гол соқса, палестиналық Тамер Сейам 45-минутта мергендік танытты. Осылайша ирандық футболшылар қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл топта Біріккен Араб Әмірлігі құрамасы Гонконгты 3:1 есебімен жеңіп кетті. Енді аталған топта екінші турда 18 қаңтарда Палестина мен Біріккен Араб Әмірлігі, 19 қаңтарда Гонконг пен Иран шеберлік байқасады. Ал D…
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды Kazinform. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 31-ден 27-сатыға көтерілді. Қазақстандық теннисші өзінің өткен жылғы үздік көрсеткішіне (25) жақындады. Денис Евсеев 184-орнында қалса, Бейбіт Жұқаев 188-ден 193-ке сырғыды. Тимофей Скатов 228-ден 227-ге, Аргентинадағы Буэнос-Айрес турнирінің финалына дейін жеткен Дмитрий Попко 417-ден 358-ге жетті. Михаил Кукушкин 262-орында. Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов 46-дан 44-ке жоғарыласа, Андрей Голубевтің жағдайы бұрынғыша (64). Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингісінде Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина үздік үштікте, Юлия Путинцева 64-сатыда. Жұптық сында Анна Данилина 44-орында қалса, Жібек Құламбаева 144-тен 141-ге көтерілді. Аустралия ашық чемпионатында бүгін…