Автор: qaztimes

Грузия парламенті сәрсенбі күні «шетел агенті» туралы заңды екінші оқылымда мақұлдады. Ресейдің «иноагенттер» туралы заңымен ұқсас келетін бұл заң жобасына көпшілік қарсы шықты. Аталмыш заң жобасын парламенттегі 150 депутаттың 83 депутат қолдаған. Қолдағандардың барлығы ​​«Грузин арманы» билеуші партиясы мен солардың жақтастары «Халық күші» партиясының депутаттары. Жобаны бірінші оқылымда да осы құрам мақұлдаған. Заңға 23 депутат қарсы дауыс берген. Ал оппозициялық партия дауыс беруден қалыс қалған. Қарсылық білдірушілер сәрсенбі күні Парламент ғимараты алдына жиналды. Полиция ереуілге шыққан біраз адамды тұтқындаған. Заң мақұлданған соң Грузияның Ішкі істер министрлігі депутаттардың қауіпсіз шығуын қамтамасыз етіп, парламент маңындағы аумақты босатқанын мәлімдеген. Ереуілдеушілер мен полиция арасындағы…

Read More

Фото: shutterstock.comАҚШ-тың Федералды резерв жүйесі қатарынан алтыншы рет базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Bloomberg басылымының жазуынша, елдегі инфляция тұрақты болып тұр. 2024 жылдың І тоқсанында тұтынушылық шығындардың өсуі жеделдеп, АҚШ экономикасының өсу қарқыны бәсеңдеген. ФРЖ инфляцияны тежеуде ілгерілеушілік болмағанын мойындағандай. Бұл ретте ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл келесі шешімде мөлшерлеменің көтерілуі екіталай екенін айтты. АҚШ-тың негізгі пайыздық мөлшерлемелері 5,25-5,5% аралығында қалды. ФРЖ мәлімдемесінде реттеуші инфляцияның тұрақты түрде 2%-ға жақындап келе жатқанына сенімді болмайынша, мақсатты дәлізді тарылту орынсыз екені жазылған. Бұл жолғы мәлімдемеде қаңтар мен наурыздан кейін жарияланған тұжырымы қайталанады. Реттеуші инфляцияны мақсатты 2%-ға дейін төмендетуде «бұдан әрі ілгерілеу жоқтығын» атап өтті.…

Read More

Су тасқынынан кейін жол мамандарын үлкен жұмыс күтіп тұр. Қазір «ҚазАвтоЖол» компаниясы барлық залалды есептеуде. Бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасында өткен «Біз біргеміз» телемарафонында айтылды. «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің айтуынша, су тасқыны басталғалы 12 облыста жолдарды су шайған 168 жағдай тіркелді. «Қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 автожолда шектеу бар. Барлық мердігер ұйымдар дайын, материал әзірлеу жұмыстары толыққанды жүруде. Барлық қажетті техника дайын тұр. Су деңгейінің төмендегенін ғана күтіп отырмыз, содан кейін бірден іске кірісеміз. Бұл жұмыстар құрылыс маусымының соңына дейін аяқталады», — деді Д.Иманашев телемарафонда. Сонымен бірге, аталған компания өңірлерде су тасқыны салдарын жоюға тікелей…

Read More

Дубай әмірлігі құны 35 млрд доллар болатын жаңа жолаушылар терминалының құрылысын бастады, ол аяқталғаннан кейін әлемдегі ең жоғары өткізу қабілеті бар әуе айлағына айналады, деп хабарлайды WAM агенттігі. Жоба Дубай халықаралық әуежайынан оңтүстікке қарай 45 км қашықтықта орналасқан Dubai World Central ауданындағы «Әл-Мактум» халықаралық әуежайын (Al Maktoum International Airport, DWC) он жыл ішінде кеңейтуді көздейді. «Әл-Мактум әуежайы» 2010 жылы ашылған және әмірліктегі билеуші Әл-Мактум отбасының атымен аталған. БАӘ премьер-министрі және вице-президенті және Дубай билеушісі шейх Мохаммед бен Рашид әл-Мактум жексенбіде жаңа терминал қазіргі Дубай халықаралық әуежайынан бес есе үлкен екенін және жылына 260 млн жолаушыға қызмет көрсете алатынын мәлімдеді. Құны…

Read More

2024 жылы 29 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында мекемеге аса ірі мөлшерде зиян келтірді деп айып тағылған «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС-ның бұрынғы қызметкерлеріне қатысты үкім шықты. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, сотта Н-ның ЖШС бас директоры бола отырып, бас директордың орынбасары М-мен және бас менеджер С-мен алдын ала сөз байласып, бейнебақылау жүйесіне арналған жабдықтар кешенін сатып алуға арналған 159 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мекемеге тиесілі ақшалай қаражатты иемденгені анықталды. Сондай-ақ, Н. өз өкілеттігін асыра пайдаланып, С-ны ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесіне көлік жүргізушісі ретінде жұмысқа орналастырып, өзінің жеке мақсаттары үшін пайдаланған. Осылайша, жалақы…

Read More

Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында бір тәулікте 32 сантиметрге көтерілді. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 30 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Тайпақ гидробекетінде су деңгейі 665 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті. Жайық өзенінің суы Январцев ауылы мен Орал қаласы тұсында бір тәулікте 10 сантиметрге төмендеді. Январцевте 834 (қауіпті шегі – 1 250 см), облыс орталығында 828 (850 см) сантиметрді көрсетті. Сондай-ақ Көшім ауылында су деңгейі қауіпті шектен 10 сантиметрге төмен (840 см). Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалиннің айтуынша, Жайық өзенінің суы сай-салаларды толтырып, төмен қарай ағып жатыр. Өзен бойындағы елді мекендер бақылауда.

Read More

ЖЭО-ларды жөндеуге үкімет резервінен 16 млдр теңге бөлінеді Фото: kursiv.media. Бильд-редактор: Ахтам Зиперов Кентау, Риддер және Қызылорда ЖЭО-ларын жаңғыртуға үкімет резервінен 16 млрд теңге бөлінді. ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов осы қалалардағы жылу көздеріне реконструкция және күрделі жөндеу жүргізу үшін Үкімет резервінен қаржы бөлу туралы қаулыларға қол қойған. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлайды. Атап айтқанда, Кентаудағы ЖЭО-5-тің № 7, 8, 9, 10, 11 және 12 қазандықтарын жаңғыртуға 9 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Ал Риддер жылу электр орталығының технологиялық жабдықтары мен инфрақұрылымына күрделі жөндеу жүргізуге – 4,9 млрд теңге жұмсалады. Қызылордадағы оңтүстік қазандықтың үш бу қазандығын реконструкциялауға – 2 млрд…

Read More

Қазақстан Әзірбайжан мен Арменияның арасындағы келіссөзде «good office» қызметін көрсетеді / коллаж kursiv.media (бильд-редактор: Денис Андреев) Әзірбайжан мен Арменияның Алматыдағы кездесуі кезінде Қазақстан делдалдық қызмет атқармайды. Бұл жайлы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. СІМ өкілінің айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуға да, Ереванға да жақында жасаған сапарлары барысында екі ел арасындағы берік әрі ұзақ мерзімді бейбітшілікті тез арада орнатудың маңызды екенін атап өткен. Онда мемлекет басшысы Қазақстанның келіссөздер алаңын ұсыну арқылы жәрдем көрсетуге дайын екенін жеткізген. Соған орай келіссөз алаңы Алматыдан ұсынылған. «Расында, бұл келіссөздер Алматыда өтеді деп жоспарланып отыр. Біз Әзірбайжан мен Армениядағы әріптестерімізбен байланыстамыз. Алдағы келіссөздер…

Read More

Кеше сағат 10:00-де басталуы тиіс экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы түстен кейінге қалдырылды. Сот залында айыптылар Қуандық Бишімбаев пен Бауыржан Байжановтың болмауына байланысты судья сот отырысын кейінге шегеру туралы шешім қабылдады. «Басты сот отырысы сағат 14:30-ға қалдырылады, өйткені айдауыл қызметі сағат 12:00-де келеді, ар жағында бір сағат қалады, ол жеткіліксіз», — деді Айжан Құлбаева. Сондай-ақ, судья күдіктілерді жеткізетін айдауыл қызметінде техникалық ақау болғанын айтты.

Read More

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова 29 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. «Атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысына, солтүстік-батысында, орталығына антициклон жотасы әсерінен күн жауын-шашынсыз болады», — деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде. Республика бойынша жел күшейіп, елдің батысы мен солтүстігінде бұршақ жауады, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман түседі. «Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды…

Read More