Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында бір тәулікте 32 сантиметрге көтерілді.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 30 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Тайпақ гидробекетінде су деңгейі 665 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.
Жайық өзенінің суы Январцев ауылы мен Орал қаласы тұсында бір тәулікте 10 сантиметрге төмендеді. Январцевте 834 (қауіпті шегі – 1 250 см), облыс орталығында 828 (850 см) сантиметрді көрсетті. Сондай-ақ Көшім ауылында су деңгейі қауіпті шектен 10 сантиметрге төмен (840 см).
Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалиннің айтуынша, Жайық өзенінің суы сай-салаларды толтырып, төмен қарай ағып жатыр. Өзен бойындағы елді мекендер бақылауда.