Автор: qaztimes

ҚР Президентінің Телерадиокешені ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ботаникалық бақта 50 түп қарағай көшетін отырғызды. Осылайша, іргелі медиа ұжымның 150 қызметкері биологиялық әртүрлілікті сақтауда және өсімдіктер топтамаларын өсіруде маңызды рөл атқаратын Ботаникалық бақты абаттандыруға белсенді атсалысты. Айта кету керек, бақтың жалпы ауданы 89,1 гектарды құрайды. Оның 46,3 гектары – ерекше қорғалатын табиғи аумақ, ал 42,8 гектары – саябақ аймағы. Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатқаны белгілі. Науқан бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар. Алғашқы апта «Таза өлке» деп аталды. Ел тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар…

Read More

 Қызылорда облысында өрт салдарынан мал қорада тұрған 2 сиыр мен 11 уақ мал өртеніп кетті. Оқиға бүгін, 2 мамырда сағат 12.33-те Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кенті Б. Өтепов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. «Оқиға барысында 2 бас ірі қара мал, 11 бас уақ мал өртеніп кеткені белгілі болды. Оған Сырдария ауданындағы № 12 өрт сөндіру бөлімінен 1 автокөлік пен 5 қызметкер жұмылдырылды. Адам шығыны жоқ. Жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға зиян келмегені анықталды» деп мәлім етті Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен. Аталған мекенжайда мал қора өртенгені анықталды. Өрт оқиғасының шығу себебі анықталып жатыр.

Read More

 Ақтөбелік оқушы бір күннен соң достарының жанынан, саябақтан табылды. Мектеп оқушысы Аружан Орынбасарова кеше үйінен шығып кеткен. Іздестіру жұмыстарына полициямен бірге еріктілер де жұмылдырылды. Ол достарының жанында болған. — Полиция қызметкерлері оны саябақта достарымен қыдырып жүрген жерінен тапты. Кейін отбасына табысталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Айта кетейік, биыл облыс бойынша 11 жасөспірім жоғалып, табылды.

Read More

Қызылорда облысында биыл 108 адам кене шағу жағдайымен дәрігерлер көмегіне жүгінді. Ал Қырым-Конго қанды безгегі бойынша 2 жағдай анықталып, оның біреуі зертханалық жолмен нақтыланды. Облыста биыл кенелер көбірек байқалған 115 елді мекен қолайсыз деп танылды. Өткен айдың алғашқы он күндігінде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды. Бұған байланысты бірінші кезеңі Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында аяқталды. Енді әрі қарай Сырдария ауданында жалғасып жатыр. Кенеге қарсы улау жұмыстары басталғаны жөнінде облыс тұрғындарының ұялы телефон нөмірлеріне байланыс операторлары арқылы SMS-хабарламалар жолданды. Бұл бастама Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп биыл іске қосылды. Кенеге қарсы залалсыздандыру шараларының сапасы мен тиімділігін бақылайтын арнайы жұмыс топтары құрылды.…

Read More

 Ұлттық статбюро 2024 жылғы сәуірдегі инфляция деңгейі жайлы ақпарат ұсынды. 2024 жылғы сәуірде тұтыну бағаларының айлық мәні баяулап, 0,6% құрады ақылы қызметтер – 0,7% азық-түлік тауарлары – 0,3% азық-түлік емес тауарлар – 0,7% Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Жетісу облысында – 1,1% (орташа республикалық деңгейден 0,5 п.т. жоғары), ең төменгі Абай, Павлодар, Түркістан облыстарында тіркелді – 0,3%. Жылдық мәнде сәуір айының инфляциясы 8,7% болды. ақылы қызметтер – 13,5% азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,6% азық-түлік тауарлары – 6,3% 

Read More

Қажылыққа визасыз барған адам күнә жасаған болып саналады. Осылай деп мәлімдеген Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қажылық жасаудың талаптары мен тәртіптерін түсіндірді. Сауд Арабиясы корольдігінің қажылық және умра министрлігі 26 сәуірде арнайы мәлімдеме жасап, тиісті қажылық визасынсыз қажылыққа бару заңсыз екенін мәлімдеді. Сондай-ақ мәлімдемеде қажылық парызын өтеуге ниеттенгендер азаматтарға ескерту де айтылған. Әлеуметтік желілер арқылы қызметтерін жарнамалап жүрген, қажылық маусымын ұйымдастыруға заңды құқығы жоқ компаниялардан сақ болып, олардың қызметтеріне жүгінбеуге кеңес берілді. Өз кезегінде Діни басқармасы қажылық және ұмра саласында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында 2024 жылғы қажылықты ұйымдастыруға өтініш білдірген туроператорлар арасында байқау жариялаған. Мұндағы мақсат әділ бәсекелестікке қол…

Read More

АСТАНА. KAZINFORM – Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында нөсер жауын салдарынан он адам қаза тауып, 21 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Үкімет жағдайдың қиын екенін және одан сайын ушығуы мүмкін екенін ескертеді, деп жазады Reuters. Штат губернаторы Эдуардо Лейте президент Луис Инасио Лула да Сильваға федералды көмекті сұрап хат жазғанын айтты. «Біз Рио-Гранди-ду-Сулдағы ең ауыр сәтті, тарихымыздағы ең ауыр апатты бастан өткеріп жатырмыз», — деді Э.Лейте. Губернатордың айтуынша, көпірлер құлап, жолдар жабылып, су тасқыны мен көшкіннен кейін бірнеше қала оқшауланып қалды. Лейте аптаның соңына дейін бүкіл штат бойынша сабақтарды тоқтата тұру қажеттігі туралы жариялады және ол қарулы күштерден толық қолдау сұрағанын атап…

Read More

 Қырғызстанның Созақ ауданындағы оқушыларды қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы елдің ІІМ хабарлады, деп жазады Кабар агенттігі. Ведомство басшысының орынбасары Октябрь Урманбетов оқиға болған аймаққа келіп, жағдайды өз бақылауына алды. Бұл іс Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиевтің де бақылауында. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша,  зардап шеккендер саны 25-тен 32 балаға дейін өсті. Ауруханадағы 9 баланың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы ауыр. Аурухана меңгерушісі Қыпшақбай Тоқтарбаевтың журналистерге хабарлауынша, зардап шеккендердің екеуінде бас-ми жарақаты, біреуінде ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің түбінің сынуы, ал біреуінде қабырға асты сүйегінің экструзияланған сынығы бар. Көкбауыр жарылған екі балаға ота жасалды. Естеріңізге…

Read More

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желіде жедел жәрдем көліктерін сынаған видеоға қатысты пікір білдірді. Әлеуметтік желіде тарған видеодан бұзылып, жүрмей тұрған жедел жәрдем көліктерін көруге болады. «Талғар ауданында неге жедел жәрдем шақырған жерге кеш жетеді? Өйткені 21 көліктің тек 5-уі ғана қызмет көрсетеді, басқалары бұзылып тұр», — деп жазды желі қолданушы. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы» ШЖҚ МКК санитарлық автомашиналарын жөндеуге ашық конкурс тәсілімен хабарландыруды 20 ақпанда берді. «Конкурс қорытындысы шығарылғаннан кейін хабарландыру порталда 10 жұмыс күні ішінде қаралады. Осы кезеңде қатысушылардан шағым түсіп, олардың арасында дау туындады. 23 сәуірде қатысушылардың шағымдарын мемлекеттік…

Read More

 Қазір орманшылар түкті жәндіктерге қарсы өңдеу шараларына кіріскен. Жұпсыз көбелектің құрттары қайың және көктерекке түссе, жапырағын түк қалдырмай жеп қояды. Бұл туралы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен хабарлады. «Баянауыл МҰТП аумағында жұпсыз жібек көбелегінің ошақтары бар. Жұпсыз жібек көбелегі – құрттары қайың мен көктерек жапырақтарын жейтін орман зиянкестері. БМҰТП қызметкерлері Семей СП мамандарымен бірлесіп орман патологиялық мониторингін жүргізеді. Ауру құрғақ ауа райының салдарынан пайда болады. Қазіргі уақытта биологиялық күрес шаралары қолға алынды. Атап айтқанда, құс ұялары орнатылып, құмырсқалардың илеуі тасымалданып жатыр. Ал Баянауыл бөлімшесінің 23, 33-орамдарында ұлттық парк қызметкерлері көбелек қуыршақтарын керосинмен улап, жойып жатыр», — деп мәлімдеді ұлттық парктен.…

Read More