Қызылорда облысында өрт салдарынан мал қорада тұрған 2 сиыр мен 11 уақ мал өртеніп кетті.
Оқиға бүгін, 2 мамырда сағат 12.33-те Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кенті Б. Өтепов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.
«Оқиға барысында 2 бас ірі қара мал, 11 бас уақ мал өртеніп кеткені белгілі болды. Оған Сырдария ауданындағы № 12 өрт сөндіру бөлімінен 1 автокөлік пен 5 қызметкер жұмылдырылды. Адам шығыны жоқ. Жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға зиян келмегені анықталды» деп мәлім етті Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Аталған мекенжайда мал қора өртенгені анықталды. Өрт оқиғасының шығу себебі анықталып жатыр.