Автор: qaztimes

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Президенті Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы түрікмен дипломатына ілтипат білдіре отырып, достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқан қазақ-түрікмен қатынастарының қазіргі жай-күйіне оң баға берді. – Біз Түрікменстанды сенімді стратегиялық серіктес және тарихи тұрғыдан туыс мемлекет ретінде қарастырамыз. Шын мәнінде, соңғы жылдары елдеріміз арасындағы ынтымақтастық қарыштап дамып, соның ішінде экономиканың стратегиялық салалары тың қарқын алды, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының…

Read More

Шымкентте 5 жасар бүлдіршінге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған педофилге үкім шықты. 54 жастағы ер адам бұған дейін зорлау, ұрлық және есірткі қылмыстары бойынша сотты болған және балаға азғындық жасар алдын түрмеден бірнеше күн бұрын ғана бостандыққа шыққан. Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Алкогольдік ішімдік ішкен ер адам аулада ойнап жүрген баланы гаражға алдап апарып, киімін шешкен. Оның бұл әрекетін көршілер байқап қалып, дереу полицияға хабар берген. Ер адам оқиға орнында ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам кінәсін толық мойындаған. Алайда сот отырысында ол өзіне қысым көрсетілгендіктен қылмысты мойындағанын айтқан. «Қысым көрсету бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, бірақ ешқандай…

Read More

Ақтөбелік әлеуметтік желі арқылы есірткі жасырып, сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды. Ол үйіне бөгде біреу кірмек болды деп күдіктеніп, қорқып, екі рет полиция шақырған. Полиция сотталушының әрекетінен секем алып, тінту кезінде есірткі затын тәркіледі. Іс Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы психотроптық заттарды аса iрi мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау» бабы бойынша айып тағылды. Айыптау актісіне сүйенсек, Қарғалы ауданы Бадамша ауылының 24 жастағы тұрғыны 2022 жылы жұмыс іздеп жүріп, сайттан курьер ваканциясын кезіктіреді. Онда Telegram мессенджерінің «Макс» аккаунтына кезігіп, ескірткі заттарын жасырушыдан…

Read More

ҚО Қаратөбе аудандық соты мемлекеттік мекеменің қаражатын жымқырған есепшіге үкім шығарды. Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен (өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқыру және талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. «Соттың үкіміне сәйкес ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және сол мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе аудандық прокуратурасы есепшінің мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз қолданып, 7 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырғанын анықтады», — деп жазды ведомстводан. Келген шығынның 1 млн астамын ғана қайтарған сотталушы сот процесінде жымқырған қаражатты құмар ойындарға жаратқанын айтты. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Read More

Қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына 124 пәтер берілді, деп хабарлайды SteppeNews агенттігі. Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаеваның айтуынша, 2024 жылы кезекте тұрған жетім балалардың 16%-ы үшін тұрғын үй мәселесі шешіледі. Алматы әкімдігі халықтың әлеуметтік осал тобына жататын адамдарды, атап айтқанда, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударады. 2022 жылы Алматы қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан жетім балаларға 14 пәтер табысталса, 2023 жылы 55 пәтер берілді. Фото: Алматы әкімдігі Оның айтуынша, жаңа пәтер иелері ай сайын баспананы жалдау ақысын өтеуі керек. Наурызбай ауданында бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны 10…

Read More

 Оңтүстік Корея-Қытай-Жапония үшжақты саммиті жексенбі күні Сеулде COVID-19 пандемиясына байланысты үзілістен кейін басталады. Бұл туралы Yonhap ақпарат агенттігі хабарлады. Жексенбі күні Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёл Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Жапония премьер-министрі Фумио Кисидамен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Дүйсенбі күні Сеулде Оңтүстік Корея, Қытай және Жапония басшыларының кездесуі өтеді. Ли Цянмен екіжақты келіссөздер барысында Юн Сок Ёль Қытай мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту және экономикалық ынтымақтастық пен сауданы кеңейту жолдарын талқылайды деп күтілуде. Саммиттің күн тәртібінде ынтымақтастықтың алты бағыты бар: экономика және сауда, тұрақты даму, денсаулық сақтау, ғылым мен технология, табиғи апаттарды басқару және…

Read More

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігінде «Болашақ көшбасшылармен алмасу» – FLEX (Future Leaders Exchange) америкалық бағдарламасына қатысқан қазақстандық жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Оқушылармен әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігінің кеңесші-елшісі Рауан Тілеулин Қазақстан АҚШ-пен жоғары білім беру саласында ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударатынын атап өтті. Фото: Рүстем Қожыбаев Мысал ретінде дипломат Солтүстік Қазақстан университеті арасындағы ынтымақтастық туралы айтты. М. Қозыбаев және Аризона университеті қазақстандық студенттерді қос диплом бағдарламасы бойынша оқытып жатыр. Кездесуге Қазақстанның түрлі қалаларынан (Астана, Алматы, Ақтау, Теміртау, Тараз, Қызылорда, Шымкент, Қарағанды және т.б.) бір академиялық жылы америкалық мектептерде оқып, америкалық отбасыларда тұратын қырықтан астам қазақстандық оқушылар қатысты. Айта кету…

Read More

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келді. Оны әуежайдан Шавкат Мирзиёев күтіп алды, деп хабарлайды SteppeNews.kz порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.  Сапар бағдарламасына сәйкес, екі ел басшылары жоғары деңгейде келіссөздер жүргізбек. Оның барысында жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық және өзбек-ресей қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланады. Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кездесу аясында тараптар тауар айналымын арттыру, кооперациялық жобаларды ілгерілету, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайта түсуге ерекше назар аударады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған. Сонымен қатар Владимир Путин мен Шавкат Мирзиёев Ресей мен Өзбекстан өңірлері кеңесінің бірінші отырысына қатысады. Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей…

Read More

Алматы облысының тауларында адасып кеткен 11 жасөспірімге республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмектесті. ТЖМ мәліметінше, таңертең жасөсіпірімдер қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шыққан. Оларды құтқарушылар Турист шыңынан (3954 м) тапты. «Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, топтың бес мүшесін тапты. Құлаған тастан жарақат алған жасөспірімге дәрігерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды. Біраз уақыттан кейін қалған жасөспірім табалды. Бәрі аман-есен»,- делінген хабарламада. Бұған дейін Алматы облысының тауларында адасып кеткен украиналықтар құтқарылған болатын.

Read More

Алматыда екі жас қыз жігітті аяусыз ұрып-соғып, оны видеоға түсірген. Кейін ол бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Қалалық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Read More