- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
Орал қаласындағы «Ел ырысы» базарында газ баллоны жарылып, 10 адамның зардап шегуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Орал қаласы ТЖ басқармасының аға анықтаушысы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мирлан Таңаттың мәлім еткеніндей, газ баллоны Құрбан айтқа байланысты ашық алаңда қойдың басын үйіту кезінде жарылған. Оның сөзіне қарағанда, осы дерек бойынша ҚР ҚК 292-бабы 1-бөлігіне (өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Зардап шеккендердің ішінде жансақтау бөлімінде жатқан ер адамдардың бірінің денесін қатты күйік шалған. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша ТЖ департаменті тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын жеткізді. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам белгiлi бiр лауазымдарды…
ҚР Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты мәлімдеме жасады. «9 маусымда Жамбыл облысының Қордай аудандық орталық ауруханасына Гвардейск гарнизонының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі шұғыл жатқызылды. Бастапқыда өзін әлсіз сезініп, қызуы көтерілген сарбаз Гвардейск гарнизонындағы әскери госпитальдің жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген болатын. Медициналық тексерулер мен зерттеулер әскери қызметшіден екіжақты полисегментті пневмония анықтады. Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қазір оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Сонымен бірге ол жерде Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталінің құрамына анестезиолог, реаниматолог және терапевт дәрігерлер кіретін көшпелі бригадасы жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарлама. Әскери қызметші емдеу мекемесіне түскен…
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының үшінші ойын күнінде C тобындағы Словения мен Дания құрамалары тең ойнады. Екі құрама қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Екеуі қазақстандық футболшылармен бірге іріктеу кезеңінде H тобында ойын көрсетті. Ел құрамасы өз алаңында Данияны 3:2 есебімен жеңіп, сенсация жасаған болатын. Дегенмен, сырт алаңда оларға 1:3 есебімен есе жіберді. Ал Словениядан екі ойында да 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Соған қарамастан олармен кездесуде лайықты төтеп бере білді. Бүгінгі кездесуде Словения мен Дания 1:1 есебіне қанағат білдірді. Ойын барысында даниялық Кристиан Эриксен 17-минутта есеп ашса, словениялық Эрик Янжа таразы басын теңестіріп кетті. Енді сағат 23:55-те С тобындағы Сербия мен Англия…
Тараз көшелерінің бірінде құбыр жөндеу жұмыстары үшін қазылған терең шұңқырға көлік түсіп кетті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «16 маусымда сағат 17:50-де Төле би даңғылынан Абай даңғылы бағытындағы «Лексус RX300» маркалы автокөлігінің жүргізушісі 3.1 Кіруге тыйым салынады және 1.23 Жөндеу жұмыстары атты жол белгілерін елемей, магистральдық құбыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан автожолдың жабық учаскесіне кіріп, қоршалмаған шұңқырға құлаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші, оның әйелі және екі кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен» делінген хабарламада. Полиция қызметкерлері мердігер ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде. Көлік жүргізушісі жол белгілерін елемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Ал, әлеуметтік желіде…
Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев аралас жекпе-жектен Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC on ESPN 58 турниріне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz. Асу америкалық Хосе Джонсонмен (16-8) жекпе-жекке шықты, бұл кездесудің қазақстандық үшін тарихи маңызы зор еді. Себебі Асу UFC турнирінде алғаш рет өнер көрсетіп отыр. Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептелген болатын және ол төрешілердің бірауыздан шешімімен Алмабаевтың пайдасына шешілді. Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби мансабында 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал, Хосе Джонсон осымен 9 рет жеңілді. Спортшылардың UFC-дегі жетістіктеріне келетін болсақ, Алмабаевта 3-0, Джонсонда – 1-2.
Ресей Федерациясының Тергеу комитеті 10-нан астам адамның азық-түлік жеткізу қызметі арқылы тапсырыс берген өнімдерден улануына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу бойынша Бас тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Юлия Иванова мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. «14-15 маусым аралығында 10-нан астам адам тамақтан улану белгілерімен қалалық ауруханаларға медициналық көмекке жүгінген. Ресей ТК Мәскеу қаласы бойынша Бас тергеу басқармасына қарасты Солтүстік-Батыс әкімшілік округі бойынша Тергеу басқармасының ерекше маңызды істерді тергеу бөлімі РФ Қылмыстық кодексінің 238-бабымен (тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай келмейтін қызметтерді көрсету) қарастырылған қылмыстық іс қозғады», — деді ол. Тергеушілер өнім сатылатын…
Қазақстанның медицина саласының өкілдері кәсіби меркелерін атап өттті. Медицина қызметкерлері күні жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде мерекеленеді. Бұл күнді атап өту ҚР Президентінің 1998 жылғы Жарлығымен белгіленді. Медицина қызметкерінің мерекесін тойлау дәстүрі КСРО болғаннан бері сақталып келеді – ол кезде Қарулы Күштер Президиумының 1980 жылғы 1 қазандағы қаулысымен бекітілген. Одақ ыдырағаннан кейін кейбір елдерде мереке тоқтатылды, ал кейбіреулерінде ол басқа күнге ауыстырылды. Бұл күні Армения, Беларусь, Молдова, Ресей және Украинаның медицина қызметкерлері де құттықтаулар қабылдайды.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады. 17 маусымда Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді дамыту жөнінде кеңес өткізді. Президенттің пікірінше, отандық туризмді тежейтін елеулі түйткілдің бірі — көлік инфрақұрылымының нашарлығы. — Еліміздегі теміржол саласы сын көтермейді. Вагондардың көбі әбден ескірген. Кейбір вагондарда, тіпті, кондиционер де жоқ. Үкімет алдағы бес жылда вагондар паркін жаңартуға тиіс. Бұл жұмысты созбай, жедел аяқтау қажет. Сондай-ақ теміржол стансаларының аумағын абаттандыру керек, барлығы халықаралық стандарттарға сай болуға тиіс. Жаз айларында жолаушылар саны күрт артатыны белгілі. Жұрт жиі баратын жерлерге жайлы вагондары бар пойыздарды көбейту қажет. Бұл — өте жедел атқаратын міндет. Автомобиль жолдарының сапасы да нашар. Әсіресе, шалғайда орналасқан демалыс аймақтарына көлікпен жету оңай емес. Тіпті, өте қиын. Тасжол…
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Молдова Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. Күдікті 2021-2022 жылдар аралығында Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен бірге жүйелі түрде заңсыз экономикалық және қаржылық алаяқтықты жүзеге асырған. Оның рөлі — қаланың белгілі бір банктерінде шот ашу, бүркеме мәміле бойынша алғашқы бухгалтерлік құжатта тауарларды сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызмет көрсету жөніндегі мәмілелерді көрсету секілді әрекеттер. Қылмыстық топ салық төлемеген. Осының салдарынан мемлекетке 1,4 млрд теңгеге жуық сомада залал келген. Бұл қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі ұзақ мерзімге сотталған, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Мамыр айында…