Автор: qaztimes

Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті балабақшаларға тауар жеткізетін кәсіпкерлердің бағаны шарықтатып жібергенін анықтады. Олар қарақұмық пен қант бағасын нарықтан 300-505 пайызға қымбатқа саудалаған. Ақтөбе облыстық әкімдігі, Ақтөбе облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мен Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті әлеуметтік тауар бағасына монторинг жүргізеді. Сонымен бірге тауарды өндірушілерден делдалсыз сатып алу талаптарының сақталуына басымдық береді. Биыл дәл осы талапқа сай келмейтін 6 деректі анықтап, делдалдардың жолын кесті. Ал балабақшаларда мемлекеттік сатып алу кезінде баға тым шарықтап кеткен. — Мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу нәтижесінде кейбір азық-түлік өнімдерінде сауда үстемесі 22%-дан 505% пайызға негізсіз көтерілгені анықталды. Мысалы қала балабақшаларының біріне…

Read More

 Батыс Қазақстан облысында жұмыс беруші қызметкерге бірнеше жыл бойы жалақысын төлемеген. БҚО жеке сот орындаушылары өңірлік палатасынан мәлім еткендей, қордаланған қарыз 51 млн теңгеден асқан. «Борышкер өзінің міндеттемесін орындауды бірнеше рет кейінге қалдырғаннан кейін сот орындаушы батыл шешімдерге барған. Ол компания есепшотын тұтқындап, борышкердің мүлкі есебінен өндіруді ұсынған. Жұмыс беруші қылмыстық қудалауды қосқанда, заң қысымынан құтылу үшін қарызды өтеуге мәжбүр болған. Қарыз сомасы үш айда өтелген. Бұл жағдай жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінің еңбек құқығын сақтаудағы жауапкершілігін арттыруға септеседі» деп хабарлады ведомстводан.

Read More

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды», — делінген хабарламада. Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.

Read More

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының номиналды қарызы 10 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы акционерлік қоғамның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов баспасөз мәслихатында мәлім етті. «Біздің қарыздың номиналды сомасы негізі 10 трлн теңге. Бірақ баланстық сомасы – 8 трлн теңге. Оның ішінде сыртқы борыш – 50 пайыз. Негізінен «ҚазМұнайГаз», «ҚазАтомӨнеркәсіп» сияқты ірі компанияларымыз инфрақұрылым жобаларына сырттан қарыз алды. Қытайдан бар, 2 млрд доллар. Ол «Қазақстан полипропилен» компаниясына алған. Жоба енгізілген, қазір қалыпты жұмыс істеп тұр», — деді ол журналистің сұрағына берген жауабында. Қордың Экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мират Өтеповтің айтуынша, қордың ережесі сыртқы борышты тек экспортқа бағдарланған компаниялар ғана…

Read More

Оқиға Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде болған. «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған Өзбекстан азаматынан жасыл пакетке оралған зат табылды. Алайда, шетелдік азамат тексерушілердің қолынан пакетті жұлып алып, жұтып қойған. Қызметкерлер күтіктіні Бейнеу аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасату арқылы бөгде затты анықтады. Сот сараптамалық қорытынды бойынша тәркіленген зат салмағы – 1,26 грамм психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Read More

Ұлттық экономика министрлігі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін квазимемлекеттік ұйым құруға мораторий енгізу туралы қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. «2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін», — делінген құжатта. Дегенмен, бұл мораторий «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды орындаумен байланысты шараларға әсер етпейтіні айтылған. Сондай-ақ, аталмыш шектеудің Президент тапсырмаларымен байланысты айрықша жағдайларға қатысы жоқ. Мораторий Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру қажеттіліктерінен туындап отыр.

Read More

Алматыдағы «Esentai City» элиталық тұрғын үй кешенінің үлескерлері құрылыс жұмыстарының ұзаққа созылуына байланысты әлі күнге дейін пәтер кілтін ала алмай отыр. Осыған байланысты олар қала әкімі Ерболат Досаевтан көмек сұрады. Алматылық әйелдің айтуынша, рейдерлік бойынша қозғалған қылмыстық іс салдарынан 2017 жылдан бері 200 адам «Esentai City» тұрғын үй кешенінен баспаналарына қол жеткізе алмай жүр. «Осыған байланысты бізге ешкім назар аудармайды. Бұл қылмыстық іс құрылыстың одан әрі жалғасуына еш кедергі келтірмейді. Өкініштісі, осы дау-дамайлар жүріп жатқанда, біздің мәселемізді ешкім шешіп жатқан жоқ. Бізге көмектесіңізші», – деп жүгінді қала әкіміне Алматы тұрғыны. Өз кезегінде Ерболат Досаев бұл жағдайда көмектесе алмайтынын жеткізді. Оның…

Read More

Қытайдың бұрынғы сыртқы істер министрі Цинь Ган Орталық комитеттегі қызметінен кетті. 18 шілдеде Қытай Коммунистік партиясы ХХ Орталық Комитетінің үшінші жалпы отырысы аяқталды. Бұл конференция әдетте Қытайдың билеуші партиясы — Коммунистік партияның негізгі саяси бағдары мен экономикалық реформа жоспарларын қарастыру және қабылдау платформасы ретінде жылына бір рет өткізіледі. Конференцияның жарияланған коммюникесінде «Цинь Ган жолдастың отставкаға кету туралы өтініші қабылданып, ол Орталық Комитеттің мүшелігінен босатылды»  деген мәлімдеме болды. Цинь Ган — Қытай дипломаты, 2022 жылғы 30 желтоқсаннан 22 шілдеге дейін Қытай Сыртқы істер министрі болған.

Read More

 Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,16 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 477, 03 теңге. Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 474,83 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,40 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 476,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 478,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңге, сатып алу құны – 479 теңге. Ресей рублі 5,33 – 5,43 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Read More

Қызылорда облысы Арал ауданындағы жанармай құю бекетінде өрт болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 17 шілдеде сағат 11.43 шамасында аудандық №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 101 арнасына Арал қаласындағы «Sinooil май құю бекетінде» өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына аудандық 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 3 негізгі өрт сөндіру автокөлігі мен 10 қызметкер жұмылдырылған. Тілсіз жау 12:00-де толық сөндірілді. «Өрт жанар-жағармай материалдарына арналған резервуардың жануынан пайда болған. Зардап шеккендер тіркелген жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», — деп мәлім етті Арал ауданы әкімдігінен.

Read More