- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
11 шілде мен 3 тамыз аралығында докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылданды. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, емтиханды 3 577 үміткер тапсырады. Түсу емтиханының КҮНІ, УАҚЫТЫ, ОРНЫ туралы ақпарат талапкердің testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде жарияланған. Емтиханға қатысу құны — 21 072 теңге. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар емтихан басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (қосымша тестілеу) тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 5 тамызда талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны — 14 162 теңге. Түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек. 2024 жылы шет тілін меңгергенін растайтын…
Өлімге әкелетін ауру Нигерияның 34 штатына, оның ішінде астанасы Абуджаға да тарады, деп жазады Анадолы. Нигерия ауруларды бақылау орталығының (NCDC) мәліметінше, өлімге әкелетін аурудан көз жұмғандар саны 163-ке жеткен. Нигерия үкіметі ауруды емдеуге арналған 3 дәріні анықтағанын айтты. Өткен жылы Нигерияда 1227 адамнан Ласса безгегі анықталған, оның 219-ы қайтыс болған. Ласса безгегі алғаш рет Нигерияда 1969 жылы елдің солтүстік-шығысындағы Борно штатында анықталған. Ласса безгегіне байланысты Нигерия үкіметі өткен жылдың ақпан айында төтенше жағдай жариялады. Ласса безгегі егеуқұйрық пен тышқандар арқылы тарайды. Бұл қауіпті ауру адамнан адамға жұғады және өлімге әкелуі мүмкін. Ел билігі халықты сақтық шаралары мен гигиеналық нормаларды сақтауға…
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. – Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта. Еске сала кетейік, кеше Бразилияның Сан-Паулу қаласына жақын жерде Voepass компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді. Компанияның хабарлауынша, ұшақта 61 адам болған. Жергілікті билік жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы тірі қалмағанын жариялаған еді.
Ақтөбе облысы Алға ауданы Бесқоспа ауылдық округіндегі шаруа қожалығында мал қырылды. Алдын ала болжам бойынша ірі қара шөптен уланған. Ақтөбелік шаруа Марлен Баймағамбетов әлеуметтік желі арқылы ірі қара малдың қырылғанын жазып, себебін анықтауды талап етті. Қазіргі кезде малдан сынама алынып, зерттеуге жіберілді. — 26 шілде күні Бесқоспа ауылдық округінде орналасқан «Санжар-Т» басшысы 18 бас ірі қара малының өлгенін хабарлады. Хабар түскен бойда мал иесіне ірі қараны қамау тапсырылып, аудандық ветеринариялық станса директоры мен Бесқоспа ауылдық округі ветеринариялық пункт меңгерушісі барды. Малды қарап, өлексесін сойды. Нәтижесінде ІҚМ жаңбырдан кейін шыққан улы шөптерден уланған деп алдын-ала диагноз қойылды. Өлекседен патологиялық материал алынды.…
Батыс Қазақстан облысында 2 млрд теңгеге жаңадан сауда үйлері мен кешендері, супермаркеттер салынбақ. БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлік және сауда бөлімінің басшысы Мейрам Қабдығалиевтің мәлім еткеніндей, 5 ірі жоба жүзеге асқан кезде 50-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның сөзіне қарағанда, «Батыс Капитал Лимитед» ЖШС көтерме және бөлшек сауда кешенін, «Омаров» ЖК, «Умиргалиев» ЖК және «Sauna Prov» ЖШС сауда үйлерін, «Жеңіс» ЖК супермаркетті іске қоспақшы. «Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы несиелендіру тетігі жасалып, жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге үш сауда базары («Алтын алма» базары – 2 млрд, «Бақыт жол» базары –…
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері жеңісінен кейін қуанышымен бөлісті. «Жартылай финадағы қарсыласымды да жеңуге болатын еді. Оның алдындағы үш белдесуімде кішкене шаршап қалдым. Не де болса еліме жүлде сыйладым. Бұдан артық бақыт бар ма?! Соңғы қарсыласым да оңай болған жоқ, Менен бойы да ұзындау екен. Осыған дейін осы балуандардан ұтылғандарым болған. Бүгін Олимпиада ойындарында есемді қайтардым. Медальға қол жеткіздім. Елімізге Париж Олимпиадасының үшінші жүлдесін сыйлағаныма қуаныштымын. Маған кеше чемпион болған Елдос батырымыз да қолдау көрсетіп отырды. Басқа да жанкүйер болған барлық отандастарыма алғыс айтамын», — деді Ғұсман Қырғызбаев.
Парижде өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында ел намысын қорғап жатқан Назым Қызайбай алғашқы айқасын жеңіспен бастады. 50 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жарыс жолынан тайдырды.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 26 шілдеде «Singer 2024» ән байқауының ақтық бәсекесі кезінде айтқан сөзі қытайлық көрермендер арасында үлкен дауға ұласты. Финалдық бәсекенің екінші кезеңінде, Димаш канадалық танымал әнші Фаузияға сыбырлап сөйлеген сөзі тікелей эфирде көрерменге естіліп қалған. Димаш Канадалық әншіге «Олардың айтуынша, Сенің алдыңда қытай әншісі болуы керек (They said, It must be Chinese before you)» деген. Ал Фаузия оған «жақсы, мәселе жоқ» деп жауап берген. Байқау қорытындысы бойынша, Фаузия жеңімпаздар қатарынан көріне алмай, қытайлық әнші На Ин жеңімпаз атанып, Таң Вэйвэй және Сун Нан үздік үштіктен көрінді. Осылайша, қытайлық телекөрермендер және әлеуметтік желі пайдаланушылары «Singer» шоуының шынайылығына күдіктеніп,…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев чемпионды телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. – Қазақтың рухын, жалпы халқымыздың мықты мінезін көрсеттің. Бәріміз сені мақтан тұтамыз. Сөзіңде тұрдың, тамаша жеңіске жеттің, нағыз жігітсің! Сен сияқты жігіттердің арқасында туымыз әрқашанда асқақтап, желбірей берсін. Жаңа жеңістерге жете бер. Саған және отбасыңа аманшылық тілеймін. Астанада кездескенше! – деді Президент.
Франция астанасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Елдос Сметовтің алтын жүлдесінен кейін Қазақстан жалпы медальдар кестесінде бірден екінші орынға көтерілді. Дәл қазіргі уақытта жалпымедальдар кестесінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте екінші орында тұр. Бірінші орында 2 алтын жеңіп алған Қытай құрамасы тұрса, екінші орындарды 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алған Қазақстан, Белгия және Жапония елдері өзара бөлісіп тұр. Одан бөлек алтын медаль жеңіп алған елдер қатарында Австралия да бар. Олардың еншісінде әзірге 1 алтын жүлде бар. Әзірге 12 мемлекет жүлде алып үлгерген. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Елдос Сметов ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлады. Айта кетейік, Париж…