Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері жеңісінен кейін қуанышымен бөлісті.
«Жартылай финадағы қарсыласымды да жеңуге болатын еді. Оның алдындағы үш белдесуімде кішкене шаршап қалдым. Не де болса еліме жүлде сыйладым. Бұдан артық бақыт бар ма?! Соңғы қарсыласым да оңай болған жоқ, Менен бойы да ұзындау екен. Осыған дейін осы балуандардан ұтылғандарым болған. Бүгін Олимпиада ойындарында есемді қайтардым. Медальға қол жеткіздім. Елімізге Париж Олимпиадасының үшінші жүлдесін сыйлағаныма қуаныштымын. Маған кеше чемпион болған Елдос батырымыз да қолдау көрсетіп отырды. Басқа да жанкүйер болған барлық отандастарыма алғыс айтамын», — деді Ғұсман Қырғызбаев.