Автор: qaztimes

Астанада Instagram әлеуметтік желісі арқылы жарнама жасап, жұртты алдаған алаяқ «жиһаз жасаушы» сотталды, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі. Қала тұрғыны өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында, жұбайының атынан жеке кәсіпкерлік рәсімдеп, жиһаз құрастыру үшін өндірістік үй-жайды жалға алған. «Instagram» әлеуметтік желісінде жиһаз дайындау туралы хабарландыру бейнероликтерін жариялаған. Кәсіпкерлік қызметтің көрінісін жасай отырып, тапсырыс берушілердің үйіне келіп, өзіне тиесілі емес басқа жұмыстардың фотосуреттерін көрсетіп, жәбірленушілерді алдаған. Өлшем алу жұмыстарын жүргізе отырып, жеке кәсіпкерлік атынан шарт жасасып, жәбірленушілерден тапсырыс сомасының 70% мөлшерінде алдын-ала төлем алып отырған. Осындай тәсілмен 20 жәбірленушіге 8,4 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Басты сот талқылауында сотталушы жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қатынас болуына сілтеме…

Read More

Израильдің Палестина эксклавына жаппай шабуылдары 327 күн бойы жалғасуда, деп жазады Анадолы. 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль армиясының блокададағы Газа секторына жасаған шабуылдарынан құрбан болғандар саны 40 534 адамға жетті. Израильдің эксклавтың әртүрлі аймақтарына құрлықтан, теңізден және әуеден жаппай шабуылдары 327-ші күннен бері тоқтаған жоқ. Газа секторындағы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы 24 сағатта Израиль әскері төрт «қырғын» жасап, нәтижесінде 58 палестиналық көз жұмған, 131-і жараланған. 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Палестина эксклавына жасаған шабуылында жараланғандар саны 93 778-ге жетті. Қираған ғимараттардың астында мыңдаған адамдардың денесі қалған болуы мүмкін. Алайда азаматтық қорғаныс топтары Израиль армиясының шектеулеріне…

Read More

Испанияның Севилья қаласында Батыс Ніл безгегінен екі өлім тіркелді. Осымен биылғы жазда бұл вирустан құрбан болғандардың жалпы саны беске жетті. Бұған дейін жергілікті билік вирус жұқтырған он оқиғаны анықтағанын хабарлаған, деп жазады Еuronews. Вирусты тасымалдаушы масалар Гвадалкивир өзенінің бойындағы бірнеше аумақта кездеседі. Барлық дәріханаларда «Масалардың өмірін жеңілдетпе!» деген ұрандар мен инфекцияның алдын алу туралы кеңестер ілінген. Бұл аймақтағы бірнеше қаланың тұрғындары бұған дейін биліктен тиімді шара қолдануды талап етіп, шерулер де өткізген болатын. Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының мәліметі бойынша, жыл басынан бері Еуропаның 9 елінің 80-ге жуық тұрғыны Батыс Ніл вирусын жұқтырған. Әсіресе Грекия мен Италияда. Дәрігерлердің…

Read More

Қызылорда облысында есірткі егумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биыл Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері 2022-2023 жылдар аралығында Қызылорда облысы аумағында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады. «Тергеу аяқталды. Іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде»,- делінген хабарламада. Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды. Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамалды.

Read More

Суданның 10 штатында жауған нөсер жауын құрбандарының саны 138 адамға жетті. Бұл туралы сейсенбі күні елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Синьхуа агенттігі. Министрліктің мәліметінше, 12 420 үй толығымен құлаған. Сонымен қатар, Суданның бес штатында тырысқақ ауруының жаңа 102 жағдайы тіркелді және бес адам қайтыс болды. Жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың жалпы саны сәйкесінше 1223 және сегізге жетті. – Жалпы 129 650 адамы бар 31 666 отбасымен байланысты 138 өлім тіркелді, – делінген ведомство хабарламасында.

Read More

Атырауда емхананың директоры, бас есепші мен шаруашылық меңгерушісі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Олармен сыбайлас болған кәсіпкерге де сот үкімі шықты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 26 тамыздағы сот ісіне онлайн режимде облыстық денсаулық сақтау басқармасының және 28 ведомстволық мекеменің қызметкерлері қосылған. «Атырау қаласының соты №4 Атырау қалалық емханасының директоры Е.Сабировқа, шаруашылық меңгерушісі А.Әлжановаға, бас бухгалтер М.Дүйсенғалиеваға және кәсіпкер А.Ералиеваға қатысты үкім шығарды. Сотталушылар заңнама талаптарын бұза отырып жасалған шарттар шеңберінде іс жүзінде қызмет көрсетусіз кәсіпкерге 231,8 млн теңге сомасында ақша аударған. Олар қаражат жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оларға 5 жылдан 7 жылға…

Read More

Apple iPhone, Apple Watch және AirPods-тың жаңа сериясын қыркүйектің 10 күні таныстырады деген болжам бар. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлайды. Су жаңа iPhone-ның тұсаукесері нақты қашан болатыны әзірге белгісіз. Бірақ дереккөздерге сенсек, компания салтанатты іс-шараны сейсенбі күнге жоспарлап отыр. Apple жаңа өнімдерін таныстырған соң құрылғылар топтамасы 20 қыркүйекте сатылымға шығады. Компания көпшілікке iPhone 16 және iPhone 16 Pro моделін таныстырмақ. Сондай-ақ бұл жаңа iPhone телефондарының дизайны iPhone 15-ке ұқсауы мүмкін. Бірақ фотосуреттер мен бейнелерді түсіруге арналған жағында жаңа сыйымдылық түймесі сияқты жаңартулар болады деген  болжам бар. Бұған дейін Apple жаңа iOS-тың 18 нұсқасын таныстырған еді.

Read More

Алматы халықаралық әуежайын жаңа терминалдағы әжетхананың су басып қалды. Бұл туралы SteppeNews.kz ақпарат агенттігі КазТАГ порталына сілтеме жасап хабарлайды. Фото: Видеодан скрин Әуежайда су жоқ еді. Алайда су қайта берілгенде жаңа терминалдағы ерлер әжетханасынан тоқтамай су аққан. Куәгерлер түсірген видеодан бірнеше дәретханадан су атқылап жатқанын көруге болады. Еске салсақ, осыған дейін Алматы әуежайының жаңа терминалында терезе шытынай бастағаны туралы және жаңа терминалдың су астында қалғаны жайлы жазған едік.

Read More

Сот хабар-ошарсыз кеткендер жайлы қандай да бір мәлімет білетін азаматтарды үш ай ішінде полицияға ақпарат беруге шақырды, – деп хабарлайды SteppeNews.kz КТК арнасына сілтеме жасап.  Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Ибрагимов М.С. өндірісінде Тлепова Нағима Амреевнаның екі адамды: Алматы қаласының тумалары, 1972 жылы туған Сермагамбетов Мұхтар Абдулович пен 1974 жылы туған Абдул Жанат Абдулқызын қайтыс болды деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралуда. Екеуінің де соңғы белгілі тұрғылықты жері Алматы қаласы, бірақ соңғы жұмыс істеген жері туралы мәлімет жоқ. Сот аталған тұлғалардың орналасқан жері туралы мәліметі бар кез келген адамды үш ай ішінде Алматы қаласы, Орбита 2 шағын ауданы, 20а…

Read More

Биыл жыл басында қазақстандықтар пәкістандық шайдың сапасына шағымданған еді. Кейін ол сараптамаға жіберіліп, құрамынан тыйым салынған бояуыш табылғаны белгілі болды. Алайда бұл шайлар әлі сатылып жатыр. Желіде қазақстандықтардың тыйым салынса да дүкен сөрелерінде сатылып жатқан пәкістандық шайға қатысты наразылығы тарады. Шай қайнағанда табиғи емес ашық түске боялатыны, оның үстіне шай құрамында түсініксіз түйіршіктерді байқаған. Zakon.kz басылымының мәліметінше, бұл мәселеге қатысты сараптама наурызда басталған. Шай құрамынан тыйым салынған бояуыш табылған. Негізі 2018 жылы бұл шайларды Қазақстанға әкелуге тыйым салынған. Алайда бірнеше айдан кейін тыйым алып тасталған. Жақында «Al Barkat Classic Tea» және «Premium Gold Tea» шайларының құрамында қолдануға тыйым салынған тартразин Е102 жасанды бояғыш заты анықталған. Бұдан…

Read More