- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: amirbolat
Қарағандыда көлік қағып кеткен 12 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды Steppenews агенттігі. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін таңертең сағат 08.00 шамасында Аманжолов көшесінде жаяу жүргіншілер жолағында болған. «Toyota көлігінің 51 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде белгіленген жерде жолды кесіп өтіп бара жатқан 12 жастағы оқушыны қағып кеткен. Жол-көлік апаты салдарынан ауыр жарақат алған жасөспірім медициналық мекемеде көз жұмды», — делінген хабарламада. Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды аса сақ болуға және белгіленген жылдамдықты сақтауға тағы да…
Батыс Қазақстан облысындағы ауыл педагогтарына 250 миллион теңге үстемеақы төленбеген, деп хабарлайды Steppenews ақпараттық агенттігі. Мұндай заңсыздықтар Сырым ауданындағы балабақшалар мен мектептерде анықталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, 3 жылда 1200-ге жуық білім саласының қызметкері тиісті төлемақыларынан қағылған. Олардың жалақысына 10 пайыздық үстеме қосылуы тиіс болған. Заң бұзғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақының 10 пайызы мөлшерінде үстемеақы белгілеу қажет. Алайда Сырым ауданының білім бөлімі 2020-2023 жылдар кезеңінде 26 білім беру ұйымының 1195 қызметкеріне осы үстемеақыны төлемеген. Департаменттің араласуынан кейін білім бөлімі тарифтік тізімге өзгеріс енгізіп, жалақы қайта есептелді», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті…
Марихуана шегіп алып, 15 жастағы оқушы қызды көлігімен қағып, мүгедек қылған оралдық жүргізуші сот залынан бостандыққа шықты. Сот оның бұрын істі болмағанын ескеріп, шартты жаза кескен. Ал мектебінің мақтанышы болған қызының аяқ астынан мүгедекке айналған анасы енді кімнен көмек сұрарын білмей отыр, деп хабарлайды Steppenews ақпараттық агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. Сабағын жақсы оқитын Қарақат білім байқауларынан жүлдесіз қайтпайтын. Арманы да көп еді. Енді қабырғаға әдемілеп жазған арманына қол созу түгілі, ауыз ашып, сөйлеуге де шамасы келер емес. Ал өрімдей қызымды өлімші қылған жүргізуші кешірім сұраудың орнына өзімізді кінәлі қылып шығарды, дейді анасы. «Сізге жазбай-ақ қоюға болады. Өйткені прокуратура қарап жатыр деді.…
Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. «Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Лауазым иесі қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарды орындауға бөлінген аса ірі мөлшерде алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті. Залалдың алдын ала сомасы 120 млн теңге болып отыр», – делінген хабарламада. Тергеу кезінде шенеуніктің анасына рәсімделген Түркістан облысының Қазығұрт ауылында монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастыру…
«Мектепке шабуыл ұйымдастырамыз» Павлодар полициясы ақпарат таратқандарды іздеп жатыр
Әлеуметтік желіде Павлодар мектептеріне белгісіз тұлғалар қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Steppenews ақпараттық агенттігі. Аталған факті бойынша өңірлік Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр. «Құзыретті органдармен бірлесіп, бұл ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Кінәлі адамдар елдің заңнамасына сәйкес анықталып, жауапқа тартылатын болады. Бүгінгі таңда полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылауды және оларға жақын полиция жасақтарын күшейтуге ерекше назар аударуда», — деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп провинциясында полиция тікұшағы апатқа ұшырады: екі ұшқыш та қаза тапты, техник жараланды. Бұл туралы әлеуметтік желіде Түркия ІІМ басшысы Әли Ерликая мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолу сайтына сілтеме жасаған Steppenews агенттігі. Министрдің айтуынша, полиция бас басқармасының әуе паркінен тікұшақ Нурдаганың Картал кейу ауданында құлаған. «Em 708 борттық нөмірі бар тікұшақ Хатая әуежайынан Газиантеп әуежайына ұшып кетті, соңғы рет экипаж жергілікті уақыт бойынша 22.49-да байланысқа шықты», — деп нақтылады ведомство басшысы. Ерликая қаза тапқан ұшқыштардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жараланған полицейге тезірек сауығып кетуін тіледі. Оқиғадан кейін бірден тікұшақ құлаған орынға Ұлттық медициналық құтқару бригадалары (UMKE), құтқарушылар, жандармерия және…
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Qaztimes ақпарат агенттігі. Наталья Годунова: Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын баяндады. Есеп беріліп отырған кезең ішінде 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілгенін жеткізді; өткен жылдың 4-тоқсанында аяқталған жекелеген аудиторлық тексеру жұмыстарының қорытындысы жөнінде мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Шымкенттегі қыз ұрлау оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі қыз ұрлау ісі бойынша тергеуді қолына алғанын айтты, бұл іс оның тікелей бақылауында. «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесі тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен әйелдердің құқығының бұзылуы проблемасын талдап жатыр. Мәжбүрлі түрде күйеуге шыққан қыздар көбінесе серіктестері тарапынан жыныстық, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Кейде мәжбүрлі күйеуге беру қыздарды білім мен мамандық алу мүмкіндігінен айырады, бұл олардың онсыз да осал жағдайын одан әрі қиындатады. Шымкенттегі іс шектен шығып жатыр, бақылауға алдық», — деп атап өтті Қазақстан Республикасындағы…
Қостанай облысында такси жүргізушісіне жала жабылды. Салондағы әйел өзін жүргізушінің зорламақ болғанын айтып, полицияға қоңырау шалған, деп хабарлайды Qaztimes агенттігі. Аталған жағдай қоғамда қызу талқыланып, елдің ашуын тудырды. Заңгер түрлі қитұрқы әрекеттермен жалған жабу арқылы таксистерге зиянын тигізіп жүрген әйелдердің әрекеттері жайлы айтты. «Тең қоғамда еркектердің де құқығы қорғалу керек! Егер мына жігіт өзін видеоға түсүріп алмаған да, қәзір түрмеде отырар еді. Кейде өзіңнің тазалығыңды дәлелдей алмай қалатын сәттер болады. Сенің іс-әрекетің қаншалықты заңды болсада, осындай әйелдердің кесірінде қаншама ер азаматтар жазықсыз қамалып кеткенін көргем. Жасөспірім балаларға зорлық көрсеткендерге қатаң заң шығару керек қолдаймын. Ал, мынандай провокаторларға да қылмыстық жаза…
Шыдамы таусылды, үміті үзілді. Шетелде құлпынай теріп ақша тауып, сәл болсын жағдайымызды жақсартамыз деп ойлаған жұрттың кешкен күйі осы. Жұмысқа орналастыру керек болған компания жарты жылда 6, тіпті 12 миллион теңге табасың деп сендірген соң, бірі дүние-мүлкін сатып, енді бірі несие алып 1 миллион теңгесін санап берген, деп хабарлайды QazTimes ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. «Мен 500 мыңға көлігімді сатып төледім. Қалған 500 мың кредит. Кредит төлеп жатырмыз. Не істейміз енді? Қарызға баттық. Жұмыстан шығып кеттік. Мысалы, маған «бір айдың ішінде кетесің» деді. Миллион деген кезде Англия деп айтты. 20 күннен кейін Англияның президенті қайтыс болыпты, оның баласы, қазір болады…