Қостанай облысында такси жүргізушісіне жала жабылды. Салондағы әйел өзін жүргізушінің зорламақ болғанын айтып, полицияға қоңырау шалған, деп хабарлайды Qaztimes агенттігі.
Аталған жағдай қоғамда қызу талқыланып, елдің ашуын тудырды. Заңгер түрлі қитұрқы әрекеттермен жалған жабу арқылы таксистерге зиянын тигізіп жүрген әйелдердің әрекеттері жайлы айтты.
«Тең қоғамда еркектердің де құқығы қорғалу керек! Егер мына жігіт өзін видеоға түсүріп алмаған да, қәзір түрмеде отырар еді. Кейде өзіңнің тазалығыңды дәлелдей алмай қалатын сәттер болады. Сенің іс-әрекетің қаншалықты заңды болсада, осындай әйелдердің кесірінде қаншама ер азаматтар жазықсыз қамалып кеткенін көргем. Жасөспірім балаларға зорлық көрсеткендерге қатаң заң шығару керек қолдаймын. Ал, мынандай провокаторларға да қылмыстық жаза керек!», — деп жазды.
Ал жала жапқан әйелге полиция шара қолданып, әкімшілік айыппұл салумен босата салған.
«Осындай қатындар талай еркектің сорына тышады мына заңнан кейін әлі», «Өнер және театр академиясының түлегі ау, деймін. Красныймен бітірген», «Неге бұл қатын жауапқа тартылмайды», деп жазды оқырмандар.