Әлеуметтік желіде Павлодар мектептеріне белгісіз тұлғалар қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Steppenews ақпараттық агенттігі.
Аталған факті бойынша өңірлік Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.
«Құзыретті органдармен бірлесіп, бұл ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Кінәлі адамдар елдің заңнамасына сәйкес анықталып, жауапқа тартылатын болады. Бүгінгі таңда полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылауды және оларға жақын полиция жасақтарын күшейтуге ерекше назар аударуда», — деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.