Жапонияның Нагоя қаласында V Азия Пара ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті. 18-24 қазан аралығында Айчи префектурасында ұйымдастырылған құрлықтық кешенді жарыс ресми түрде өз мәресіне жетті, деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны 50 медаль жеңіп алды. Ел қоржынына 12 алтын, 16 күміс және 22 қола жүлде түсті. Осы көрсеткіштің арқасында отандастарымыз жалпыкомандалық есепте үздік ондыққа еніп, 9-орынға тұрақтады.
Биылғы Азия Пара ойындарында ел намысын спорттың 12 түрінен 150 спортшы қорғады. Бір аптаға созылған тартысты бәсекеде ұлттық құрама өкілдері пара дзюдо, пара велоспорт, пара жүзу және өзге де бағыттар бойынша жүлделі орындарды иеленді.
Қазақстан құрамасы сапынан Актолқын Сейілбекова, Зарина Раифова, Наиль Ермұханбет және Анастасия Калаус сияқты спортшыларымыз Азия чемпионы атанып, ел қоржынына алтын медаль салды.
Келесі материал: Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылды
Посмотреть эту публикацию в Instagram
