SteppeNews.kz: Қазақстанда азаматтардың мобильді аударымдарына қатысты салықтық бақылау күшейтіледі. Мемлекеттік кірістер органдары банк деректері негізінде жеке тұлғалардың шоттарын кезең-кезеңімен тексеруді бастайды деп хабарлайды SteppeNews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қандай аударымдар тексеріледі?
Қаржы министрлігінің мәліметінше, барлық аударымдар емес, тек белгілі бір критерийлерге сәйкес келетін операциялар ғана бақылауға алынады.
Атап айтқанда, егер бір адамның жеке шотына:
-
қатарынан 3 ай бойы;
-
100 және одан да көп түрлі адамнан ақша түссе;
-
түскен ақшаның жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден (яғни 12 ең төменгі жалақыдан) көп болса
Яғни, тек бір реттік немесе туыстар арасындағы аударымдар тексеріске ілікпейді.
Банктер деректерді салық органдарына береді
Жаңа жүйеге сәйкес, екінші деңгейлі банктер күмәнді операциялар туралы мәліметтерді автоматты түрде салық органдарына жолдайды.
Егер барлық критерийлер сәйкес келсе:
-
Азаматқа хабарлама жіберіледі;
-
Түсініктеме беру талап етіледі;
-
Қажет болған жағдайда қосымша тексеру жүргізіледі.
Бұл процесс көбіне камералдық бақылау форматында, яғни қашықтан жүзеге асады.
Неге бақылау енгізілді?
Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары көптеген азаматтар тауар мен қызмет ақысын жеке картаға қабылдап, ресми тіркелмей жұмыс істеп келген.
Осыған байланысты мемлекет:
-
көлеңкелі табысты азайтуды;
-
салық түсімдерін арттыруды;
-
адал бәсекелестікті қамтамасыз етуді көздейді.
Барлық аударымдар бақылауда ма?
Қаржы министрлігі тек нақты белгілері бар жүйелі түсімдер ғана тексерілетінін атап өтті.
Яғни:
-
туыстар арасындағы көмек;
-
достарға ақша жіберу;
-
бір реттік аударымдар — салықтық бақылауға жатпайды.

