— Елімізде 77 энергия өндіруші ұйым болса, оның ішінде 19 станцияда тозу деңгейі 65 пайыздан астам. Ұлттық жоба аясында энергия жүйесін дамыту ескерілген, яғни 15 жаңа жоба қарастырылған, — деді А. Дарбаев.
Сонымен қатар, қолданыстағы энергия көздерін жаңғыртуға бағытталған 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл бағытта 1,8 трлн теңге қарастырылған.
— Осы жұмыстардың нәтижесінде қолданыстағы активтер жаңартылады. Бұл тұрғыда тозу деңгейін орта есеппен 15 пайызға азайтуға мүмкін болады, — деді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарлағандай, энергетикалық секторда жаңғыртудың ұлттық жобасын бес және одан да ұзақ мерзімде жүзеге асыру үшін 13 трлн теңге қажет.

